Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3459 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 06:21

Әсет Пазылов. Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Құнанбай қажы

Суретте Қарқаралыдағы Құнанбай қажы өз қаражатына салдырған мешіт

«Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбінен қатал,

салмақты болған, ақыл-ойда, қажыр-қайратта, өмірді білу

мәлім еткен»

Мұхтар Әуезов

Есімі аталмай, тұлғалық танымы танылмай келе жатқан жандардың бірі Құнанбай Өскенбайұлы болса керек. Ол басқалар тәрізді  марапат сөзден кенде емес. Құнанбайдың шапағаты мен даналығы Семей өңірі мен Қарқарлы, Шыңғыстау, Абралы өңірлерінің халқына танымал болатын. Сондықтан да Құнанбайдың атына айтылып жатқан қошемет лебіз көлкөсір.

Әрине Құнанбайдың біздің ұрпаққа тек Абайдың әкесі ретінде ғана танылып отырғаны мәлім. Шынығында ол  халқының қамын жеген қайраткер, шебер дипломат, саяси басшы, қазақ халқының рухани көсемі бола білген жан. Дегенмен де біз көбінесе: Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен деп, қысқа-нұсқа баяндаймыз да Құнанбайдың халқы үшін істеген жақсылықтары мен жетістіктерін саралап зерттеу жұмыстарын жүргізуден алыс жүреміз.

Әйтпесе Абайдың «Ұйықтаған ойды кім түртпек, көңілде сәуле болмаса»,-деп жырлауының өзі әке жолының үлгі болғанын танытса керек.

Суретте Қарқаралыдағы Құнанбай қажы өз қаражатына салдырған мешіт

«Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбінен қатал,

салмақты болған, ақыл-ойда, қажыр-қайратта, өмірді білу

мәлім еткен»

Мұхтар Әуезов

Есімі аталмай, тұлғалық танымы танылмай келе жатқан жандардың бірі Құнанбай Өскенбайұлы болса керек. Ол басқалар тәрізді  марапат сөзден кенде емес. Құнанбайдың шапағаты мен даналығы Семей өңірі мен Қарқарлы, Шыңғыстау, Абралы өңірлерінің халқына танымал болатын. Сондықтан да Құнанбайдың атына айтылып жатқан қошемет лебіз көлкөсір.

Әрине Құнанбайдың біздің ұрпаққа тек Абайдың әкесі ретінде ғана танылып отырғаны мәлім. Шынығында ол  халқының қамын жеген қайраткер, шебер дипломат, саяси басшы, қазақ халқының рухани көсемі бола білген жан. Дегенмен де біз көбінесе: Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен деп, қысқа-нұсқа баяндаймыз да Құнанбайдың халқы үшін істеген жақсылықтары мен жетістіктерін саралап зерттеу жұмыстарын жүргізуден алыс жүреміз.

Әйтпесе Абайдың «Ұйықтаған ойды кім түртпек, көңілде сәуле болмаса»,-деп жырлауының өзі әке жолының үлгі болғанын танытса керек.

Кеңес өкіметі тұсындағы зерттеушілердің, Құнанбайдың өзі ұстанған бағыт-бағдарына қарсы шыққандарды жазалап отыруын, жеке басқа табыну немесе бір адамның шексіз билігі деп түсіндірген сыңаржақ пікірлерінің салдарынан, оның қайырымдылығы мен шапағатын, ислам дінінінің өркендеуіне қосқан үлесін, тіпті жетімдер мен кедилерге көрсеткен қамқорлығына еш бір мән бермей, тек «кісен салып матағаны» туралы ғана ой қалдырады. Ал Абай әкесі туралы болса:

Зекет жиып, егін сап,

Тойдырған ғаріп, жатақты,-деп жазады.  Бұдан Құнанбайдың «қазағым» деп, ақиқат жолында құрбан болғанын байқауға болады.

Құнанбайдың жұрт дәулетіне қарап бағаламай, ақылы мен парасаттылығына бас иген.

Қайырымдылығы мен адалдығына,  төрелiгіне тәнті болған ел Құнанбайдың айтқан сөздерiн заңдай көрiп, өздерiнiң дау, жанжалдарын айтып, жүгiнетін болған. Һәм халайыққа жаққан соң қадiрлi, құрметтi болған. Құнанбайдың ұлтына деген сүйіспеншілігі, Құдайға деген махаббатынан бастау алған. Сондан болар ол айналасындағылардың жүрегінде Құдайға деген махаббаттың шырағын жағуды көздеген.

Құнанбай тек бір атадан тараған жеті арыстық әулеттің, бір рудың не бір Қарқаралының ақылшысы емес исі қазақтың мойынұсынған дара тұлғасы еді. Оның өр Алтайдағы абақ - керейлерге баруы, немесе Ұлытауда ел ағаларымен кездесуі, рулар мен ағайындар аоасындағы дуларды шешуі, Құнанбайдың абыройының жоғары екенін танытады. 1856 жылы Қарқаралыда Құнанбай қажының салдырған мешіті ашылды. Әрине үкіметтік, шовинистік кедергілерге қарамастан мешіт сол уақыт деңгейімен алғанда өте ауқымды болған. Сонымен бірге Құнанбай қажылыққа бірнеше рет барып, онда келуші қазақтарға арнап тәкие сатып алып, қалдырған.

Мәшһүр-Жүсіп Тобықтының шежіресін жаза отырып, Құнанбайдың ата-бабалары туралы да құнды деректер келтіреді. Мәселен:

«Тобықты: Олжабай балалары: Ырғызбай, Жігітек, Боқкөт.

Ырғызбайдан-Өскенбай, онан-Құнанбай. Бәйбішеден Құнанбай жалғыз. Өскенбайдың тоқалынан Майбас жалғыз. Құнанбаймен он бір жыл дауласқан-Бөжей-Жігітектен. Базарлы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопан-бұлар да Жігітектен....» /1/.

«Әке - отбасының пірі», қара шаңырықтың қожасы немесе әке - үй ішінің тірегі, баласының жүрегі демекші Өскенбайдан тәрбие алып өскен Құнанбай Абайға да үлгі боларлық ғұмыр кешті. Абайдың өсіп-жетілуіне, сана сезімінің ұлғайуына ең алдымен жаратушымыздың жүрегінің түбіне түсірген сәулесі себепкер болса, екіншіден әкенің аялы алақаны мен ақ жолы мұрындық болды.

Тобықтыны ел қылып,

Басын жиып, құрапты,-деп Абай жырласа, ел арасында:

Құнанбайға жан жетпес,

Тірі жан аттап оны өтпес...,-деген де сөз бар. Бұның өзі Құнанбайдың тектілігі мен даралығын танытса керек.

Құнанбайдың ел басқарудағы саясаты көпшіліктің көңілінен шықпағаны да мәлім. Әрине бұл Рессей әкімшілігінің жүргізген отарлау майданының лебі болса керек. Себебі Құнанбай мұсылмандық қазақи бағыт, құқық талаптарын қатаң ұстанғандықтан ел арасындағы жанжал мен дау-дамайды басып отырған. Бұл отаршылдардың енгізген заң жораларына сәйкес келе бермеді.

Мәшһүр-Жүсіптің Мәшһүр-Жүсіптің «Құнанбай туралы» жазған деректерінен үзінді:

Құнанбайдың үйінің сыртында тоғай бар екен: сол тоғайдан Құнанбай бір бұрау алдырмай, өсірген екен. Бір күні тоғай ішінде ағаш кескен дауыс естілген соң, Құнанбай қолына балта ала жүгірді дейді:

-Ағаш кесіп жатқан әкем де болса, өзін ағаштай турайын!-деп. Барса, әкесі Өскенбай екен. Әкесін турай ала ма, ұялып қалған екен /2/.

Қаракесек: Жарылғаптан шыққан Балта ақын өзінің бір немере қарындасын алып қашып, Құнанбай еліне барып, қатын қылып алып кеткен. Сөйтіп жүргенде, бір күні Құнанбайдың үйіне кіріп барғанда, Құнанбай былай деп өлең айтқан-екеуі құрдас екен:

Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар, құрлар,

Бұрынғы-хақиқаттан сөзін жырлар.

Қарындасын қатын қып алып қашып,

Ел аралап жүреді-ау арзыз мұндар!

Сонда Балта ақын айтты дейді:

Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар, құрлар,

Бұрынғы-хақиқаттан сөзін жырлар.

Баласы әкесіне балта жұмсап,

Шешең жынды қатын ғой, бәдік мұндар!

Құнанбай дәнеме дей алмапты.../3/.

Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Құнанбай асы

Халқымыздың мұсылмандық шариғаты мен дәстүр-ғұрпында аруаққа арналған Ас беру- ертеден бар рәсім. Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын, аруақтың барлығын таныған жандар ислам дінін мойындай отырып, мойнындағы парыз-қарызынан құтылып, Алланың сүйген құлы болуға тағат-ғибадат, қайыр садақа, зекет, мейрім, шафағат, рахым жасауға ынта-ниетін жұмсап келеді. Рухани байлық жолында дәулет байлықты құрбан етуде.

"Ас" дұғасының жер өмірден барлығын дәлелдейтін анайы тілімізде бір сөз орамы бар. Біреуге біреудің "соншама жинап... әкеңе ас бересің бе?" дейтін асы- осы ас. "Ас" осал адамға берілмейді. Ол - асқан-тасқандықты көрсетпейді. "Өлі риза болмай, тірі жарымайды" дейтін мақалдың да өмірден орын алуы тегін емес.

Қазақ халқының тарихында үш жүзге мәлім болып сауын салған, жарты не бір жыл бұрын арнайы хабар жіберіліп, бір ай, екі ай дайындық жүргізілетін Ас әзірлігі рухани тазалық пен мәдени өсудің өресін танытатын сын, ұлттық үлгі болған. "Қорыспай Асы", "Сапақ байға берілген ас", «Құнанбайдың әкесіне берген асы», Аққошқар Сайдалы асы, Шоң асы, Мұса мырза асы т.б. астар ел жадында сақталған. Мәшһүр Жүсіп сөзімен айтқанда «Кеше Мұса, Секербай заманында Сәтек асы атақты зор жиын ас болған ...».

Әрине бұл ас дәулетті көрсету емес керісінше елдің бірлігін, ердің тірлігін, халықтың айбатын, батырдың қайратын, діннің асылдығын, аруақтың ғасырлығын көрсеткен. Патшалы үкімет пен орыс саясаты ас беру рәсіміне аса қатал қысым жасап тоқтау салды.

Мәшһүр Жүсіп:

"Бас қоссақ екеу-үшеу деуші еді ғой

Қоймасын деген сөз бар, ал көзін жой

Баста билік жоқтықтан тырып ете алмай

Өлгенге ас бере алмадық, туғанға той"/1/,-деп Құнанбайға ас берілмей қалғанына қынжылыс білдірсе керек.

Мәшһүр Жүсіптің «Құнанбай туралы» /2/ жазған жазбаларына қарағанда қазақ жұртында Өскенбайдың асындай ас болмаса керек. « Құнанбай әкесі Өскенбай өлгенде, ел тауға жаңа қонған кез болса керек. «Бүгін дүйсенбіден келер дүйсенбі жаназа оқылатұғын күні»,-деп, ел шақырды дейді. Жаназаға жиылған жанға жетпіс үй тікті дейді. Сонда сол үйлердің не керек-жарағы бәрі өзінің ішінде тұрды дейді. Самаурын қайнататұғын көмірі әр үйдің өз алдына үйілді дейді. Жаназаға жиылған жан басына бір-бір жайнамаз садақасы болды дейді... Бәйгеге шабылған қанша ат болса: «Ат тері әкемнің мойнында қалмасын!»-деп, қалған атқа да ат майын төлеп отырды дейді...» /3/. Құнанбай қанша дәулетті болса да, имандылықты жоғары бағалап, Құдай өзі жаратқан Халықтың мұң-мұқтажын оңтайлы шешуге күш жігерін аямаған.

Мәшһүр-Жүсіп: «Құнанбай әкесі Өскенбайға ас беру үшін қалың Бошанның ортасына көшіп келіп, Қарқаралы тауында ас берді»  дейді. Сонда Жамантай хан Құнанбайға не деп көңіл айтудың ретін таба алмай, Баймұрыннан Балта ақынды сұрап, қасына алып отырды.    Сонда Құнанбай Жамантай ханға сәлем беріп кіріп келгенде,

«Ассалаумағалейкум - уағалейкумассаламнан» соң, сөзге келместен, өлеңді қоя берді дейді:

Атаңа ас бергеннің-барлығыңнан,

Үш жүздің басын қостың нарлығыңнан!

«Борыш жоқ Хақ асынан» - дегендейін,

Алланың кім қалады жарлығынан?!

Кешегі Жиреншедей сөйлер тілің,

Дұшпаның жақыныңнан-жалғыз мінің.

Дәуіт ұғлы Сүлеймен дәулетіндей

Омында (құмында) Имам Ағзам күткен дінің.

Құнан сөзі Құранның тақтасындай,

Бұхардың ол осы кең қақпасындай.

Өлі аруақ өз орынын құр тастамас,

Алтынын тастап кеткен ат басындай.

Құнан сөзі Құранның иреуіндей,

Өсекең бұл жалғанның тіреуіндей.

Ғаділдікке келгенде, жұрттан астың,

Шаһариар: Ғұмыр, Ғұшман біреуіндей.

Кедейін асырайды бай Жанысым,

Дұшпанға жібермейді бір намысын.

Қазақ түгіл кәпірге дәуірің жүрген,

Сындырмас жалғыз қамыс жолбарысым!.../4/. Бұның өзі Құнанбайдың халық алдындағы абыройын өсіріп, атын асқақтатса керек.

Исламның негізін құрайтын Құран Кәрімді, бүткіл адамзаттың жол басшысы әрі бақыт сенімі деп айта аламыз. Өйткені Құранда: "Міне осы кітапта (Құранда) күдік жоқ, Аллаһтан қорқатындар үшін тура жол көрсетуші." (Бақара/2) - деп бұйырады. Сондықтан болар осы аста Құнанбай мешіттерге «Құран Кәрім» кітаптарын тегін үлестірген.

«Абай-ақпарат»

Әсет Пазылов

«Мәшһүр-Жүсіп» мұражайының ғылыми қызметкері

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.      Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. Алматы-1990 жыл, 65 - бет.

2.      Мәшһүр-Жүсіп, 6-папка, 216-218 беттер.

Мәшһүр-Жүсіптің Құнанбай туралы жазған деректерінің:

Бірінші нұсқасы Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағатында сақталған

6- папкасында Мұхамедәменнің көшірмесі, 216-218 беттер.

Екінші нұсқасы  ОҒКҚҚ 1178-папка, Мәшһүр-Жүсіп жазбасының түпнұсқасы

бойынша, 314-315 беттер.

Үшінші нұсқасы ОҒКҚҚ 1176-папка, Мәшһүр-Жүсіп жазбасының қысқартылып

берілген түрі, 380-бет.

Төртінші нұсқа Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің әулеттік мұрағатында сақталған

Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасының түпнұсқасы, 3-папка, 237-бет.

3.      «Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 7-том. // 152-153- беттер. Павлодар: «ЭКО»

ҒӨФ, -2006-жыл.

4.      Бұл да сонда.

5. Мәшһүр-Жүсіп, 1-папка, 53-бет.

«Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 7-том. // 154- бет. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2006-жыл.

6. «Тобықты шежіресі»

«Мәшһүр-Жүсіп» Шығармалары. 10-том. // 36-37- беттер. Павлодар: «ЭКО»

ҒӨФ, -  2006-жыл.

7. Бұл да сонда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550