Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2495 0 пікір 18 Сәуір, 2011 сағат 12:07

Жайық деген жанды су...

17 сәуір күнгі мәлімет бойынша, бір апта бойы Батыс Қазақстан облысының халқын әуре-сарсаңға салған өзендердегі су деңгейі сәл төмендеген.  Облыс әкімінің орынбасары, тасқынға қарсы облыстық штабтың төрағасы Т.Шәкімовтің айтуынша, Жайықтың суы 2 см. төмендеген, Шаған, Деркөл өзеніндрінде де судың деңгейі түсе бастаған. Алайда Қазталов ауданы аумағындағы Қараөзен суы 7 см-ге көтеріліп, қауіпті межеге жақындаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ. Бисембаев аса қауіпті учаскелерде құтқарушылардың жұмыс істеп жатқанын айтады. Қауіпсіздік шараларын жүргізуде төрт тік ұшақ пайдаланылған. Ақтөбе, Қостанай қалаларынан құтқарушы бригадалар қайықтарымен, су сору құралдарымен көмекке келді. Қаладағы су тасқыны орын алған жерлерден суды сору үшін барлық ұйым-мекемелерді жұмылдырмайынша, тасқын шығынын анықтайтын комиссия мүшелерінің су шайған орындарға бара алмайтыны түсінікті. Қ. Бисембаевтың айтуынша, Жайық өзені әзірге тыныш болғанымен арқаны кеңге салу әлі ерте көрінеді.

Ел басына күн туғанда ауызбіршілік танытып, қаржылай қолдау көрсетіп жатқандар қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкер, спортшылар мен аудандардағы қарапайым халық та бар. Облыстың жүз шақты спортшысынан құрылған топ адамдарды құтқаруға, зат-мүлкін жинақтау, құм тасу, құм салынған қапшықтардан суға тосқауыл жасау жұмыстарында жүр.

Оқушылар оқулықсыз отыр

Қалалық тасқынға қарсы штабтың 17 сәуір күнгі берген ақпаратына сүйенсек, паналау орындарында 2030 адам есепке алынған. Паналау орындары күшейтілген режимде жұмыс істеп, адамдарды үш мезгіл тамақ және медициналық көмекпен қамтамасыз етуде. Облыстық білім беру басқармасының басшысы М. Тоғжановтың хабарламасына сүйенсек, эвабекеттерде 551 баланың оқуға баруға оқу құралдары жоқ. Сондықтан екі нүкте ашылып, онда оқушыларға қажетті киім-кешек қабылдануда және қала мектептерінен қажетті оқулықтар жиналып, алынған көрінеді.

Тасқала ауданыда 336 тұрғын үй суға кетті

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы М. Оңғарбековтың берген мәліметтеріне сүйенсек, ауыл шаруашылығы жайылымдарына келген шығын болмағанымен, тұқымдық  қорына қатты залалданыпты. «Каркула», «Матевосян» тұқым шаруашылықтары соның қатарында. Басқарма басшысы алдын-ала жүргізілген есептеулер бойынша 1824 тонна тұқымға су тиіп, келген шығын 107 млн 736 теңге шамасында деп хабарлады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Б. Әміржанов жолдың 69 учаскесінің сумен шайылғанын, 22 темірбетон құрылымдарының бұзылғаны жөнінде әңгімеледі. «Келген шығынды анықтауға мамандар жұмылдырылған. Қазіргі уақытта Жәнібек, Теректі, Қазталов аудандарындағы жолдар шайыла бастады», - деді ол. Энергетиктердің мәлімдеуінше Тасқала ауданында 20 үй электр желісіне қосылмаған, ал өзгесін қосу аяқталған. Су қайтқан аудандардың барлығында да мүмкіндігіне қарай электр желісіне қосу жұмыстары жалғасуда.

Бір ғана Тасқала ауданы бойынша 336 тұрғын үй суға кеткен. Тасқын судан әсіресе Тасқала, Атамекен, Кузнецов ауылдары қатты зардап шеккен. Бірінші Шежін, Екінші Шежін және Мереке ауылдарында бірнеше тұрғын үй суға кеткені де анықталды. Сәуірдің 15 күні аудан бойынша 336 үй анықталса, соның 50-і қайта қалпына келтіруге келмейді екен. Сондай-ақ су астында екі мектем, ауылдық мәдениет үйі қалған.

Облыстық су тасқынына қарсы штабтың 17 сәуірдегі дерегі бойынша, үйлеріне 1787 адам оралған, оның 935-і Орал қаласының тұрғындары, 540-ы тасқалалықтар, 301 зеленовтықтар, 11-теректіліктер.

Қауіп сейілген жоқ. Сібірде плюс 30 градус ыстық

Облыста жүрген ТЖ министрі В. Божко су қайтқан аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, саяжай аумақтарындағы мал өліктерінен қауіп төнбес үшін жылдамдатып жинауды, сондай-ақ шығынды есептеу жұмыстарын ширатуды тапсырды. 14 сәуір күні Премьер-Министр К. Мәсімов Батыс Қазақстан облысына  төтенше табиғи және техногендік жағдайларды жою үшін республикалық бюджетте қарстырылған Үкімет қорынан сегіз жүз жетпіс миллион теңге қаржы бөлу жөніндегі қаулыға қол қойған болатын. «Ресейде қазір ауа райы салқындады. Алайда Сібірде плюс отыз градус, бұл ыстық Еділ өңіріне келуі ықтимал. Сондықтан екінші су тасқыны қаупінен сақтануымыз керек», - деген министр әсіресе табиғи емес суқоймаларын бақылауда ұстауды міндеттеді.

ҚР Парламентінің депутаттары Қ.Жақыпов, Е.Тарасенко, А.Жамалов, Ш.Өтемісов тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралап жүр. Олар су басқан барлық аймақта болып, халықтың талап-тілегін тыңдаған соң Парламенттің пленарлық отырысында қажетті көмек мөлшерін талқыламақ.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534