Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
2051 0 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 13:53

Шардаралық армрестлинг командасының 24 спортшысы әлем чемпионы атанған

Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында халықтың спортпен айналсуына үлкен мән берген болатын. Тіпті әр аулада спорт алаңдары болу қажет деген де тапсыра берді. Осыған орай өңірлерде спортты дамыту бойынша түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, Түркістан облысының Шардара ауданына Европа армрестлинг федерациясының вице-президенті Александр Иаковиц келген болатын. Хорватия армрестлинг федерациясының президенті шағалалы аудандағы спортшылармен тәжірибе алмасқан еді.

Александр Иаковиц сапарының мақсатын бүкіл әлемге танылып үлгерген Шардара армспорт спорт клубына келуді көптен бері ойлап жүргендігімен түсіндірді. Ол осы командаға келіп, чемпиондармен қауышқанына өте қуанышты екенін айтты. Сондай-ақ, мұндай жаттығу залын бұрын-соңды көрмегенін жеткізіп, таңғалысын жасырмады.

Шетелдік қонақ армреслингтен әлем чемпиондарының жаттығу барысын бейнекамераға түсіріп, өз елінде мақтанышпен көрсететінін атап өтті. Осындай команда құрған Арман Қарсыбаевқа алғысын білдіріп, жаттықтырушының көптеген мемлекеттер жетпеген жетістіктерге жетіп жүрген команда дайындағанына құрмет көрсетті. Қазір аталған команда қазан айында Туркия елінің Анталия қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Айта кетейік, Арман Қарсыбаев дайындаған шардаралық команда бүгінде әлемдік деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, команданың 24 спортшысы әлем чемпионы атанса, олардың жетеуі екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған. Ал команда бапкері Арман Қарсыбаев - Азияның 2004 жылғы абсолютті чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Abai.kz

0 пікір