Жексенбі, 24 Қараша 2024
2384 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 22:46

Түркістанда «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиалының кезекті есеп беру жиыны өтті

Түркістан қаласында «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қ.Жұмашев, облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Түр­кістан облыстық филиалының төрағасы Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Н.Жолдасов, облыстық мәслихаттың хат­шысы Қ.Балабиев және партия филиа­лының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутат­тары, бастауыш партия ұйымдары­ның басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жол­дауынан туындайтын міндеттері мен облыстық Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы, Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес құрамын сайлау және «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының құра­мын сайлау өтті.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын Түркістан облысында жүзеге асыру барысы туралы Жансейіт Түймебаев баяндады.

Конференция барысында партия филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Нұрмахан Жолдасов 2017-2018 жыл­дары атқарылған жұмыстар туралы есебін баяндады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 5 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жолдаудың ерекшелігі елге қажет әлеуметтік мәселелерді шешуге, халық табысының өсуіне бағытталған. Жолдауда айтылған ең төменгі жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылып, 1,3 млн жалдамалы жұмыскердің жалақы­сының 30%-ға артып, еліміздегі орташа табыс пен төменгі табыстың арасындағы алшақтықтық теңгеріміне оң әсер етті. Бүгінгі таңда облыс аумағында 9 798 кәсіп­орын бар. Ең төменгі жалақыны көтеру бойынша кәсіпорындарда, еңбек ұжым­дарында түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде», деді.

Облыстық партия филиалы тарапынан аумақтарда орын алған өзекті мәселелерді шешу мақсатында Сайрам, Ордабасы, Түркістан, Бәйдібек, Мақтарал аумақта­рында көшпелі қоғамдық қабылдау өт­кізілген. Тарқатып айтқанда, 61 азаматтың өтініші қаралып, оның 29-ы оң шешімін тапты. Аумақтық филиалдары тарапынан 98 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіліп, 787 азаматтың өтініші қаралып, оның 302 (38,3 пайыз) оң шешімін тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608