Жексенбі, 24 Қараша 2024
2005 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 13:10

Үндістандық компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында еліміздің экономикалық дамуында шет елдік инвесторлардың үлкен рөл атқаратынын атап өткен болатын.

Осыған орай, жуырда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның «VENKY'S» компаниясының өкілдерімен кездесті. Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті.

Кездесуде өңір басшысы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға толық мүмкіндік бар екенін жеткізді.

– Түркістан облысы Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Өңірден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралі өтеді. Жұмыс күші көп әрі табиғаты шаруашылыққа қолайлы. Бірнеше құс фабрикасы бар. Біз әкімдік тарапынан құс шаруашылығын дамытып, кластер құруға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Егер инвесторлар келетін болса, жер және инфрақұрылым мәселесіне де көмек көрсетіледі. Екіжақты жобалар Үндістанға да, Қазақстанға да пайдалы болады деп ойлаймын. Бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз, – деді Ж.Түймебаев.

Ал, «Venkateshwara Hatcherіes Prіvate Lіmіted» (VH group) компаниясының операциялар жөніндегі бас директоры Муртуза Али Исмаил МАГДУМ Түркістанға келудегі мақсатын түсіндірді. Инвестордың айтуынша, компания 1971 жылы құрылған. Тек Үндістанда ғана емес, АҚШ және Еуропа елдерінде бірлескен кәсіпорындары мен жобалары бар. Қазір әлемде «Venky's» деген атпен танылған алпауыт компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асырып жүр. Арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысады. Осы деректерге тоқталған үндістандық компания басшысы келіссөздер сәтті аяқталса, Түркістан облысында жұмыс бастауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Дәлірек айтсақ, «Ордабасы құс» және «Шымкент құс» ЖШС-мен де біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құс шаруашылығын халықаралық деңгейге көтеру арқылы экспорт көлемін арттыруға болатынын айтып, осы салаға жауапты орынбасарларына үндістандық инвестормен іскерлік байланысты нақтылауды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671