Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2498 0 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 21:27

Түркістан облысында түйе және бие сүтін өңдейтін зауыт ашылады

Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеруге бас назар аударғаны белгілі.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында  2018 жылы 16,8 миллиард теңгеге 804 жұмыс орнымен 9 жобаның іске асырылуы жоспарланған, деп хабарлайд Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Есепті кезеңде «Green Technology Industries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын жобасының I кезеңі іске қосылды (Ордабасы ауданы, КТИА — Бадам). Сонымен қатар, «ПЭТ қалдықтарын өңдеу және штапельді талшықтар» (синтепон) өндірісін ұйымдастыруда 60 жұмыс орны ашылғанын айта кеткен жөн. Жобалық қуаттылығы жылына 15 мың тонна өнім шығарады. Зауыт толық заманауи технологиялармен жабдықталған. Яғни, халықаралық талаптарға сай.

Мұнан өзге, жалпы құны 7 миллиард теңгені құрайтын «Golden Camal Group LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қосылады деп жоспарланып отыр. Айта кету кереек, бұл жобаның қуаты   1,5 мың тонна түйе және бие сүтін өңдейді. Егер өндіріс орны өз ісін бастар болса, 144 жаңа жұмыс орны ашылады екен. Қалған жобалар жыл соңына дейін іске асырылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 710
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2017
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 498
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 471