Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2279 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 12:08

Түркістан облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша экспедиция ұйымдастырылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында елімізде түрлі ауқымды істер атқарылып жатыр. Осыған сәйкес, Түркістан облысында "Таңбалы тастар - бабалар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырылған болатын. 

Жобаның мақсаты – Қазақстанның киелі жерлеріне енген өңірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өңірдің бай тарихы мен таңбалы тастарын насихаттау. Сонымен қатар, өңірге келетін қонақтар үшін жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру.

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткен тур Бәйдібек, Созақ аудандары мен  Кентау қаласын қамтыды. Атап айтқанда, екі күнге созылған экспедиция барысында жобаға қатысушылар Бәйдібек  ауданындағы Боралдай петроглифтері мен Ақмешіт үңгіріне, Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесенесі мен Арпаөзен петроглифтеріне, Созақ көне қаласы мен Қарабура кесенесіне, сондай-ақ Кентау қалалық өлкетану музейі бағыттары бойынша тарихи жерлерді аралады.

Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Түркістан облысында 3 мыңнан аса петроглифтер бар. Басым көпшілігі Сақ дәуірінің жәдігерлері. Тастағы таңбаларда көбіне көшпелілердің тұрмыс-салты бейнеленген.Мұндай экспедициялардың ұйымдастырылуы бабалардан қалған тарихи баға жетпес мұраларды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор мүмкіндік бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114