Сенбі, 23 Қараша 2024
2173 0 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 13:51

Түркістанда ЮНЕСКО-ның бірінші ұлттық семинары өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырубағдарламасының аясында елімізде бірқатар жұмыстар атарылып жатқаны белгілі. Солардың бірі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен «Қазақстандағы тарихи қалалық ландшафтарды сақтауды қолдау» тақырыбында ЮНЕСКО- ның бірінші ұлттық семинары еді.

Семинар Орталық Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Бюросы және Нидерландының Мақсатты қоры бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен қазақстандық мұражайлардың іс-шараларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Алқалы жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазқайтажаңғырту» РМК, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, ұлттық мұражайлардың директорлары мен қызметкерлері, ЮНЕСКО- ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген нысандарға жауапты тұлғалар және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра Орталығының халықаралық сарапшысы қатысты. «ЮНЕСКО қорының мүшелеріне жуырда ғана облыс орталығы атанған - Түркістан қаласының жанданып келе жатқан кезінде аталған семинарды өткізіп жатқанына ризашылығымды білдіремін. Себебі, басқосуға қазақстандық мамандармен қоса шетелдік мамандар да қатысып, тарихи қалалардың ландшафтарын сақтап қалу, оларды қалыпқа келтіру жұмыстары жөнінде кеңінен талқылады. Түркістан - түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айнауға тиіс. Екі күндік семинардың қорытындысында арнайы шешімдер қабылданып, министрлікке, облыс және қала әкімдіктеріне жеткізілетін болады", - деді Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ЮНЕСКО- ның ұлттық сарапшысы, т.ғ.д. профессор Саттар Мәжитов.

Семинардың негізгі мақсаты - қаланы дамыту процесінде шешім қабылдайтын жергілікті, ұлттық, аймақтық, мемлекеттік жеке субъектілер кіретін мүдделі тараптарды "Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген тарихи қалаларды дамыту саласындағы негізгі механизм болып есептелетін тарихи қалалық ландшафттарға бағытталған тәсілді енгізу бойынша ЮНЕСКО-ның ұсынымдарымен" таныстыру болды. Аталмыш форум қалалық ортада Дүниежүзілік мұра объектілерін қорғау жөніндегі күш-жігерді барынша тығыз үйлестіруді қамтамасыз етуге шақырды және тиісті органдардың реттеу, бақылау және жоспарлау жөніндегі құрылымын анықтау бойынша көмек көрсетуге бағытталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510