Өміржан Әбдіхалықұлы. «Құлды қорлағың келсе, бостандық бер!»
Суретші Эдвард Мунктің «Айқай» картинасы
Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Төрт құбыласы тең, бес түлігі сай екен. Қартайған патша бір перзентке зар бопты. Айбаты мен айбары асып тұрған патшаның жасы ұлғайып, қаусаған шалға айнала бастағанын көрген уәзірлері артынан ерген қарасы жоқ патшаның тағына көз қызартып, сырттай таласа бастапты.
Осылай басталатын ертекті ұлыма оқып берген едім, қайта-қайта патшаны папамен шатастыра берді. Ол - патша дегенді папа деп түсінді-ау, шамасы. Әрине, папасы патша емес.
***
Түрлі-түсті төңкерістерден кейін тағдырымен бетпе-бет қалған Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма ел басқарған уақыттағы уақиғалардан құтыла алар емес. Леонид Даниловичтің дәурені жүріп тұрған кезде кісі қолынан қаза тапқан журналист Григорий Гангадзенің ісіне байланысты Кучмадан жауап алынып жатыр. Иә, ешнәрсе ұмыт қалмайды екен. «Мың асқанға бір тосқан», бәрібір алдыңнан шығады екен-ау.Тегінде, әркімнің өз Гонгадзесі бар.
Кешегі Ющенконың тұсында Украин деген ұлттың жоғы жоқталып, бары түгенделе бастап еді. Янукович келіп өзі сары көзі көк ежелгі қожайының құшағына құлады. Тіпті, Януковичтен қожайыны уәдесінен алған соң ғана қолтығынан демеген көрінеді. Бас пайда қожайынға. Ескі құлға тақта отырғаннан асқан бұ дүниеде бақыт бар ма!

Янукович бассалының батасын алса, Қырғызды қарқ қыламын деген Ақаевта ақыры барар жер, басар тауы қалмағандай қожайынының дуалы биік дарбазасына барып енді. Қожайыны - қорғаны. Құлды құл табады дегендей Бакиевте туған халқын улардай шулатып, қанға бөктірді де Батьканың Белоруссиясын паналады. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Құлды құл жазбай таниды. Бәрі де бас қожайынның ымырасымен, әрине. Батьканың ерекшелігі ол - ерке құл. Құл демекші, иесі қан қақсатып ұрып жіберсе де, қожайынының қасынан құйрығын бұлғаңдатып, айналсоқтап шықпайтын ит сияқты құлдарда болады. Мұндай құлдар қожайынынан қорлық көрсе де, оның ілеуде бір еміренген қалпынан өшпес қуат алып тұрады.
Құлды алтынның үстіне отырғызсаң, табан астында өзгеріп, айналасын қуырып, берекесін алады дейді. Тіпті, алтынның буы құлды жерден көтеріп тұрады екен. Соның айғағындай өзіне алтыннан ескерткіш соқтырып, салпыншақ атаулыға бас бейнесін салдырып, дүниені жалпағынан басқан Түркіменбасшы да төмпешікке айналды. Әлбетте, құлдан қалған белгі жоқ. Құдай-ау, өзіне сарай салдырып, теңге мен марапат медалға бейнесін салдыратын патшаларды ертегіден, тарихтан қана білетін едік. Заман алға озып, адамзат қарыштап алға кеткенмен құлдың психологиясын ешнәрсе өзгерте алмайды екен-ау.
Қожайында қу ғой, құлдарын уысынан шығарғысы жоқ. Арагідік өзі сары сөзі көп, өз елінен жырақ жүрген халқымның қамы деген желеумен құлдарын тұқыртып алады. Есесіне құлдарында ес қалмай шекарасын ашып, қарашасының тіршіліктік күре тамырын қожайынының қолына ұстатып, баяғы бассалының жіберген жандарын төрінде тайраңдатып қояды.
Айтпақшы, саңылауы бар кейбір құлдар жаңа қожайын іздеп жан-жағына жалтақтай қарайды. Тап іргесінен тапқандай болады. Құлдың бостан адамнан айырмасы - ол өзінің қорланып жатқаны екі дүниеде сезінбейді.
***
Әйгілі шалдың жазбасындағы жайтты сізде білетін шығарсыз.
Өзге жұртты жаулауға аттанып, жеңіске жеткен соң сол жақта ұзақ тұрақтап қалған жеңімпаз әскер еліне қайтып келе жатып, жұрт іргесіне келген кезде қалың қолдың алапат күшті қарсылығына ұшырайды. Бар өнерін салып шайқасса да жеңіс бермейді. Сонда әскербасы бұл қолдың қайдан пайда болғанын бағамадайды. Сөйтеді де, әскеріне жауды қамшымен сабауды бұйырады. Сол кезде әлгі жеңіс бермей тұрған қара құрым қол бық-пырт болып сай-салаға қашқан екен дейді. Сөйтсе, араға бәлен жыл салып жеңіс туын жалаулатып ел шетіне келген кезде алдарынан шыққан қалың қол, ер кіндікті атаулы атқа мініп, алыс елге жорыққа кеткен кезде қожайындардың әйелдерімен әуейі болған құлдардың ұрпағы екен. Құлды қамшы ғана бағындырады. Бүгінгінің қамшысы ханның емес, халықтың қолында.
«Абай-ақпарат»