Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3302 0 пікір 3 Мамыр, 2011 сағат 08:01

Ардабек Солдатбай. Жер басып алуға әрекеттенгендер соққыға жығылды

1-мамыр күні Алматы қаласының қасындағы Думан ықшам ауданы орналасқан Талғар даңғыл жолының келесі жағындағы Талғар ауданына (Алматы облысы) қарасты жер телімдерін басып алмақшы болған Думанның пәтершілері туралы фоторепортаж ұсынғанбыз. Кеше кешкісін Думанға қайта ат басын тіредік. Біз келгенде даңғыл жолдың Думан жағында, ықшам ауданға кіре берістегі бағдаршамның қасында біраз адам жиылып тұр екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал жолдың келесі бетінде 300 метрге жуық жерге арнайы қоршауларын құрып тастаған құқық қорғаушылар сап түзепті. Олардың қарасы тым көп көрінді. Бірі келіп, бірі кетіп жатыр.

1-мамыр күні Алматы қаласының қасындағы Думан ықшам ауданы орналасқан Талғар даңғыл жолының келесі жағындағы Талғар ауданына (Алматы облысы) қарасты жер телімдерін басып алмақшы болған Думанның пәтершілері туралы фоторепортаж ұсынғанбыз. Кеше кешкісін Думанға қайта ат басын тіредік. Біз келгенде даңғыл жолдың Думан жағында, ықшам ауданға кіре берістегі бағдаршамның қасында біраз адам жиылып тұр екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал жолдың келесі бетінде 300 метрге жуық жерге арнайы қоршауларын құрып тастаған құқық қорғаушылар сап түзепті. Олардың қарасы тым көп көрінді. Бірі келіп, бірі кетіп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық қорғаушылардың мұздай құрсанған толық бейнелерін  жақыннан түсіру оңай болмады. Кетпей тұрып алған едік,мынау спорт киіміндегі басшылары келіп, 1-2 кадр түсіріп табанымызды жалтыратуымызды сыпайы ғана ескертті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәртіп сақшыларынан әдеттегідей ешқандай сұхбат ала алмайтынымызды түсініп тұрғындарға қайтып келдік.

Мұрат тәртіп сақшыларының қолына 2-мамыр күні күндіз түсіпті. Ал бірінен екісіне қараған түні сағат 4-тер шамасында тәртіп сақшылары басып алған жер телімдерінен кетпей далада түнеп жатқан адамдарды күшпен тарқатып, біразын ұстап әкетіпті. Тұрғындар ұсталған адамдардың саны екі жүзден астам деседі. Араларында әйелдер де аз емес. Соққы алған, таяқ жеген адамдар көп көрінеді. Әсіресе, бәрінің түршіге жеткізгені – аяғы ауыр әйелдің де соққыға жығылып, жанып жатқан отқа құлағаны, қазір баласы өлі туып, өзі ауыр халде жансақтау бөліміне түскені туралы хабар болды. Алайда, Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз-хатшысы Көбей Мырзақұлов ондай ақпарат естімедік деп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мән-жайды анықтау үшін Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ердәулет  Абдуллаевқа қоңырау шалдық. Бірден айтайық, бұл кісі кеше халықты тыныштандыруға барынша күш салып, жұртпен ашу-ызамен емес, ойын-қалжыңмен сөйлесуге тырысып, қолынан келіп жатса, жер телімдеріне халықтың ие болуына бар күшін салатынын айтып, жиналған адамдардың көңілін тауып баққан. «Халыққа мұның заңсыз екенін айттық, түсінбеді, көнбеді. Сосын тәртіп сақшылары оларды күшпен тарқатты. Ешкімді ұрып-соққан жоқ. Көнбеген, қарсыласқан екі жүздей адамды ұстағаны рас. Оның 170-ін түсініктеме алған соң босатып жіберді. Қалғаны құжаттары жоқ және ішіп алып пәле іздеп жүргендер. Олар туралы нақты мәліметтер белгілі болған соң босатады»,  -  деді Ердәулет Абдуллаев. Оның сөзін Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз-хатшысы Көбей Мырзақұлов растады. Айтуынша, 243 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 30 адам 10 тәулікке қамалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұрт оның сөзін бірден өтірікке шығарды. «Бүгін күндіз құқық қорғаушыларға бұйрық берген осы, «Мынау халық - тобыр, аямаңдар, көнбегендерін ұрып жығыңдар», -  деген сол болатын» дейді куәгерлер. Жиналғандардың бірі өзінің әйелі түнде таяқ жегенін айтып, куә қылу үшін үйіне шақырды. Сарқыт Мүсәпірованың басы жарылыпты, иығындағы қатты жұмыр зат арқылы (дубинка болса керек) тиген  соққының ізі әлі білеуленіп тұр екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алды 23, соңы 3,5 жастағы бес баланың анасы өзіне күйеуі де қол жұмсап көрмегенін айтады. 2002 жылдан бері Думанда пәтерші. Азапты тұрмыстан арылып, ел қатарлы күн көрсем деген арманның жетегімен жер басып алушыларға ілесіпті. Күндіз екі кішкентайы қасында жүрген. Кешке оларды үйде қалдырып өзі алаулатып от жағып, түнді басып алған жер телімдерінде далада өткізіп жатқандарға қосылған екен.

- Таңғы сағат төрт кезінде тәртіп сақшылары топ-топ болып отырған адамдардың әрбір тобын жеке-жеке қоршап болған еді. Біздің барлығымыз олардың талабы бойынша түрегелмей, ары-бері жүрмей отты айнала отырғанбыз. Ешкім де жанжал шығаруды ойлаған жоқ. Біздің қолымызда тіпті шыбық та жоқ еді. Сондықтан тәртіп сақшылары бізді ұрады деп ешкім ойламады. Жұртшылық солай бейбіт қалыппен отырып талабамызды орындатайық деп келіскен. Кенет тәртіп сақшылары ортада ұйлығып отырған біздерді бас-көзге төпелей кетті. Бәрімізді сүйреп, жұлқып, ұрып жатыр. Төңірек түгел у-шу болып кетті. Біреуінің дубинкасы басыма тиді. Бетімді қан жауып құлап түстім. Сүйретіліп тұрып жатыр едім тағы бір соққы иығымнан, біреуі желкемнен тиді. Әйтеуір, өлдім-талдым дегенде біреулерге ілесіп мешітке дейін жетіп, такси ұстап облыстық ауруханаға барып басымды тіккіздім. Мен болған кезде ауруханаға осы жақтан отызға жуық адам жеткізілді. Көпшілігі әйел адамдар. Үйге таңғы сағат сегізге қарай әзер жеттім. Күні бойы тұра алмай жаттым. Қан қысымым қатты көтерілді. Балаларыма аман жеткеніме шүкір. Жетім қалса қайтер едім. Біз жетіскеннен жер сұрамаймыз ғой. Үй-күйімізді көздеріңіз көріп отыр, -  дейді Сарқыт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал мына аядай үйде пәтер жалдап жасы жетпіске жетіп қалған ақсақал Жақсылық Тауболдиевтің отбасы тұрады. Оның да бес баласы бар. Ол да жер басып алушылармен бірге 2-мамыр күні таңғы төртте ұсталған. Ол өзін ешкімнің ұрып-соқпағанын айтады. «Тәртіп сақшыларының барлығы дерлік өрімдей жас қазақ балалары. Біз олардың ата-анасы емеспіз бе? Кейбіреуі «жарлық қатты, жан тәтті» болса да ешкімді ұрып-соқпағанына өзім куәмін. Шеткерірек шоғырланып отырған біздің тобымызды алдымен әкетті. Сондықтан қанша адамды сабап, қаншасын жарақаттағанын айта алмаймын. Өзімнен түсініктеме алған соң таңғы сағат жетіден кейін үйге қайтарды. Саусақтарымыздың таңбаларын алып, әрқайсымызды жеке отырғызып тергеп, енді заңсыз әрекетке барсаңдар,  қамаймыз деп қайтарды. Әрине, біз де тіршіліктің тауқыметін тартқан соң бардық ондай қадамға. Жасым жетпіске келді. Пенсияның шамасын өзіңіз білесіз. Ауылда жұмыс болмаған соң бала-шаға қалаға кетті. Артынан біз де келдік. Адыра қалған ауылда күнелтерлік ештеме қалмады. Алайда, енді ана жаққа баруға жүрегім дауалар емес. Біреудің босағасын жағалап жүріп өлсем өлейін, баламдай балалардан таяқ жеп өлмей-ақ қояйын деп шештім» дейді ақсақал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсылық ақсақалдың бәйбішесін де тәртіп сақшылары жақсылап қорқытса керек. «Үлкендер жағы тыныш отырыңдар, тәртіп сақшыларымен сөзге келмеңдер, жанжал шығармаңдар деген соң барлық адамдар өзара әңгімелесіп тыныш қана отырған еді. Бізді ұрып-соғады деген ой ешқайсымызға келмепті. Қоршап тұрған полиция өкілдерінің бәрі өзіміздің қазақтың ұлдары екен. Ата-аналарындай адамдарға қол жұмсайды деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірген жоқ. Жаппай төмпештеу басталған кезде олардың біреуі мені қатты итеріп қалды. Жанымыздағы жыраға құлап түсе жаздадым. Өзім секілді екі-үш кемпір зәре-иманымыз қалмай үйге қарай зыттық. Тіпті үйге келген соң да жүрегім өрекпіп, даладан тықыр шықса ұрып-соғып алып кетуге келген тәртіп сақшылары болар дер тығыларға тесік таппадым. Шынымды айтсам жүрегім әлі өрекпіп отыр. Ұйықтаған жоқпын әлі. Көзімді жұмсам-ақ қалқанын ұстап, дубинкасын көтеріп ақырып келе жатқан адамдар елестейді» - дейді ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді түсірген Еркін Қуатайұлы.

0 пікір