Мөлдір Болатбекқызы. Өлдің Усама, қор болдың
Обама - әлемдегі жалғыз ұлы державаның көшбасшысы. Усама - өзінің террорлық әрекеттерімен әлемнің зәресін ұшырған террористік ұйымның көшбасшысы. Екеуі де Пигмалионның ізбасарлары. Яғни, Обама мен Усама атты саяси мүсіншілердің есімі тарихта бірге аталатын болады. Обама өзінің қара нәсілділігіне қарамастан, Ақ үйді бағындырса, Усама - Арабия сұлтаны Аль Валид бин Талалдың жолын қуды. Обаманың басты мақсаты либерализмге бағытталған орталықтандыруды байланыстыру болса, Усама - Салафи-уаххабистік исламның мүсінін соқты. Сол мүсінге өзі табынып, енді әлемді табындырамын деген әрекеті іске аспады. Екеуі де қару мен жойып жіберуге бағытталған идеалдың құрбандары. Пигмаллион өз Галатеясын көркемдегендей, олар да өз идеалдарына «шырай» беруге талпынған.
11-қыркүйектегі АҚШ трагедиясы Усамаға жақтас лаңкестер қуанышын тудырса, Усаманың көзі құртылып еді, жарты әлем қолпаштай қосылды. Әлемнің мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да бар, кезекке тұрып АҚШ-ты «ұлы жеңісімен» құттықтап жатыр. Терроризмді құбылыс ретінде жеңгені үшін емес, соның жалауы іспеттес террористі өлтіргені үшін.

Ал, енді тарихқа көз жүгіртетін болсақ. АҚШ - тағы «Егіз» ғимаратқа террорлық әрекет жасалғанда Дж.Буш мырза Усаманың әрекетіне «толеранттылық» танытты. Себебі, сол кезеңде Усама ойындағы басты кейіпкер болды. АҚШ мұнайлы, да шұрайлы жерлерді өзіне қарату мақсатында Усаманы қуыршақ қылды. Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді талай елге шабуыл жасағаны бар -ды. Обама мырза таққа келгеннен кейін, Ақ үй өз саясатын «twitter» мен «facebook» әлеуметтік жүйесі арқылы жүзеге асырды. Оның бұл әрекеті әлем халқының басын қосқан жүйеде сәтті аяқталды. Осыдан кейін Усаманың керегі шамалы болып, ойыннан шығарылды. Оның өлімі де осыған байланысты болды. АҚШ тағына қанша адам отырып, қаншасы ауысқанмен оның тайға таңба басылғандай саясатын ешкім өзгерте алмайды. Себебі, тарихи тамырын тереңге жайған стратегияның басқа бағытқа бет алуы шындыққа сай келмейтіні хақ.
Егер, барлық соғыс пен жаншу елестері Усамамен жерленген болса, онда ол тұрғызған Галатея жақсылық пен бейбітшілікпен қапталады деп сенейік!
«Абай-ақпарат»