Арыз-шағымнан аяқ алып жүре алмайсыз
- Қазіргі түсіп жатқан арыз-шағымның басым бөлігі медициналық қызмет көрсетуге байланысты. Өткенде осы мәселе бойынша сіздерге тапсырма бергенмін, әсі-ресе Өскемен қаласындағы медициналық мекемелердің жұмысын реттеп, жөнге келтіру жөнінде. Бұл бағытта қандай іс-шаралар атқарылды, нәтиже бар ма? Айтылды емес пе, бір емханада тек балалар емделсе, келесісінде тек ересек адамдар қаралуы тиіс деп. Адамдардың денсаулығы біз үшін ең қымбат. Сондықтан аталған салаға көп көңіл бөлінуде, оның ішінде республика, облыс тарапынан қандай жағдайлардың жасалып жатқанын білесіздер. Қанша қаржының бөлінгендігі, қаншама техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілгендігі жаңа ғана айтылды, ендігі біздің міндетіміз-осыларды тиімді пайдалану. Бүгінде біз халықты толғандыр-ған өзекті проблемаларға байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатырмыз, сонда адамдардың көпшілігі дәрігерлердің жұмысына наразы екендіктерін айтады. Біз бірінші кезекте халыққа тиімді медициналық қызмет көрсетуді жолға қоюымыз керек.

Екінші мәселе, мемлекет барлық жағдайды туғызып отырғаннан кейін адам-дардың өмір сүру ұзақтығын қамтама-сыз етуге, денсаулығын күшейтуге күш салу керек. Мәселен, балалардың өлімі жөнінен біздегі 19 ауданның алтауында ғана жағдай қалыпты, қалғандарында сын көтермейді. Сондықтан аудан, қала әкімдері тиісті қорытынды шығарулары қажет. Дәл сондай көрсеткіш аналардың өлімі жөнінде де. Қысқасы, денсаулық сақтау басқармасының бастығына, орынбасарым Түсіпхан Түсіпбековке тапсырма беремін: қала, аудан әкімдерімен бірлесіп халықты медициналық тексеруден өткізуді қолға алыңыздар. Бізде барлық мүмкіндіктер бар, қажетті қондырғылар жеткілікті. Таяуда біз үш көшпелі медициналық клиниканың соңғысын аламыз. Шалғайдағы ауылдардың тұрғындары да қамтылсын, әрбір адам өзінің қай жері ауыратынын білуі тиіс, - деп шегелеп тұрып тапсырма берген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ медицина мекемелеріндегі заманауи технологияларды толық пайдалану үшін кадрларды жұмысқа тарту мен телемедицинаны дамыту қажеттігін, төсек қорын барынша пайдалануды ескертті.
Үстіміздегі жылдан бастап денсаулық сақтау басқармасы бірыңғай ұлттық жүйе тәртібінде жұмыс істейтін болады. Медициналық қызмет көрсетуде жоғары технологияларды енгізу мен телемедицинаны дамыту да көзделіп отыр. Ауылдағы ағайындардың дәрігерлер қызметіне қол-жетімділігін арттыру, мобильді медици-налық кешендердің қатарын төртке жеткізу, республикалық маңызы бар тас жолдардың бойында медициналық-құтқару бекеттерін құру - алдағы күннің еншісіндегі міндеттер.
- Денсаулық сақтау саласының алқа мәжілісінде мен нақты тапсырма бергенмін. Ең бірінші кезекте өзіміздің Семейдегі мед-академиямен және дәрігер мамандарын оқытатын басқа да білім беру орындарымен келісімшарт жасасу керек. Сол келісімшарт бойынша жас мамандарды заманауи технологиялармен қамтылған, кадрлар жетіспей-тін медициналық мекемелерге бөліп орна-ластыру керек, - деп сөзін түйіндеді облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.
Мәжілістің күн тәртібіне қойылған екінші мәселе бойынша, дәлірек айтсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Мағаша Сайдуақасова ақпарат берді.
Оның айтуынша, әкімшілік тосқауылдар-ды жою мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылған. Топтардың құрамына мемлекеттік мүдделі органдардан басқа кәсіпкерлік бірлестіктердің өкілдері де енген. 2010 жылғы 16-шілдеден бастап 22-шілдеге дейінгі бекітілген жоспар-кестеге сәйкес «Экономикалық зерттеу институты» АҚ сарапшыларының қатысуымен облыстық жұмыс тобы шеңберінде 13 облыстық және 9 аймақтық басқармалар және департаменттер, 19 аудан мен қала әкімдіктері, 255 ауылдық округтердің есептері тыңдалған. Түгендеу шеңберінде барлығы 1460 жиынтық рұқсат етілетін рәсім табылып, қаралған. Барлық мемлекеттік органдарға «бір терезе» қағидасы енгізілуде.
- Кәсіпкерлікті дамытуға қажетті барлық іс қағаздары мен құжаттарды, олардың қалай рәсімделетіндігі туралы мәліметтерді ақпарат құралдарында, сондай-ақ облыс әкімдігі мен тиісті басқарманың сайтында жариялау керек. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге не жетіспейді, ең бірінші кезекте - ақпарат. Сондықтан басқарма басшылығы аудан әкімдерімен бірлесіп, орынбасарым Ермек Көшербаевтың басшылық етуімен кәсіпкерлер арасында үнемі семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп тұрулары керек. Түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жөнінде бизнес өкілдерін толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етуіміз керек. Себебі, бәріміз білеміз, қазірде ұсыныстар мен жобалар өте аз. Мұның бәрі кәсіпкерлердің тиісті ақпараттардан хабардар болмауында, - деп нақтылады Әкім.