Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 03:53

Дәурен Қуат. Мәсімов Молықбай қобызшының «ұрпағы» екен!

Жасаған-ай, бұл қазақтың жағымпаздығында шек бола ма, жоқ па?  Жаман үйдің түңілігіне ұқсап жалп-жалп етіп сөйлейтін ағайынды көрсем қарадай күйінемін. Ақсудың тойына барып тағы да күйініп қайттық.

Өткен жұманың 5-і мен  6-сы аралығында Алматы облысына қарасты (бұрынғы Талдықорған облысы)  Ақсу ауданы өзінің қаражатақ отырықшы ел болып құрылғанының  80 жылдығын атап өтті. Негізі Ақсу  80 жылдығын былтыр тойлауы керек еді. Бірақ, Қызылағаш оқиғасына байланысты той думаны кейінге шегерілген-ді. Сөйтіп, Ақсудың сексен жылдығы Алматы обылсына  жаңа әкім Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановтың тағайындалуына дөп келіп аста-төк аламан шабыспен Жоңғар Алатауының етегінде дүрмекпен басталды.

Бардық, көрдік. Үмбетовтың (Алматы облысының экс-әкімі) кешегі «үмбеттерінің» бәрі  арсалаң-арасалаң етіп аңсатып жеткен Аңсардың артында жүр..  Әнеубір күндері «Серік Әбікеніш» деп әлекедей жаланған атақамінерлердің енді «Аңсар Тұрсынханыш» дегенде  ауыздарынан жалын атады.

... Алтыншы мамырдың таңы алабас атан бұлттарын алдына сала атты. Аспан суық дым бүркеді. Жансүгіров кентіндегі әйдік спорт стадионында қызылды-жасылды киінген жас бүлдіршіндер бүрісіп тұр. Ал, мінбердегі көл-көсір сөздің тығыны бітелер емес. Ділмәрлардың қайсысы сөйлесе де Елбасының есімін ерекше ықыласпен атай келіп Аңсар Тұрсынханыштың құзырына ат байлайды. Айыпқа бұйырмасын, Аңсар Мұсаханов дейтін жігітті өз басым  танымайды екенмін. Қай саладан өсті, қандай істе қайрат танытты? Осы күнге дейін не істеп, не қойды? Хабарсызбын. «Жергілікті кадырларды өсіріңдер деп мен қанша айтамын?! Мына Серікке «орныңа кімді қоясың?» дегенімде сасып қалды» деп еді Президент Назарбаев Аңсар әкімді атқа демеп мінгізерінің алдында. Елбасымыз екі сөйлемейді, шамасы Аңсарымыз Алматы облысын басқаратын адам табылмаған соң салаң етіп Астанадан келе салған біреу болды ғой деймін. Әлде, үлкен ауылдың еркебұлан ұлы ма екен?.. Біз байқұс осындай сауалдарға бас қатырып отырғанда ақсулықтар Аңсар туралы сөзді аңқытты дерсіз. «Қазақ ырымшыл халықпыз, құрметті Аңсар Тұрсынханұлы, қызметтік іссапарыңызды тоймен бастап жатырсыз!» «Серік Әбікеніште Алматы облысындағы әкімдік қызметінің алғашқы іссапарын Ақсудан бастап еді,  Сіз де сөйттіңіз, Аңсар Тұрсынханыш!» «Аса құрметті, Аңсар Тұрсынханұлы, ағынды Ақсудың тойына хош келдіңіз!»

Ақсулықтар, Ақсудың тойына арнайы шақырылған ілгерідегі атқамінерлер  атаңа ғана нәлеті арзан сөзді «аңсарлап» ағытқан соң жаны қалай шыдасын, мінберге (арбаңдап десем артық кетермін) ірі адымдап Аңсарымыздың өзі де көтерілді. Көтерілді. Сосын, жөткірінді. Сосын, алдына өңгеріп апарған папакасын ашып алды да бас көтермей оқи жөнелді.  Жаңалық жоқ, жалын кем. Ғұлама Шәкерімнің өсиет өлеңін сәл өзгертіп айтсақ, «Алпысқа қарай бармаңдар, Байқамай шал боп қалмаңдар» деген қисық жолдар ескірмейтін жүйенің жұртында есінеп отыра беруден жалықпайтын аңсарларға арналғандай екен .

Қызықтың көкесі Аңсар сөйлеп болған соң жалғасты. Сахнадағы қаракер жігіт бапты дауысымен: «Бұл тойға келе алмаса да белгілі жерлесіміз, мемлекет қайраткері, әйгілі Молықбай қобызшының ұрпағы, ҚР Премьер-министрі - Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов арнайы құттықтауын жіберіпті», - деп аға жөнелді. Кешір, оқырман, одан әріге біздің төзіміміз жетпеді. Орнымыздан тұрдық та тұнжырап кете бардық. Арда басы Жоңғардың мәңгі мұз шатқалдарынан  басталатын ағынды Ақсу күркіреп, Молықбай күйші шалған қобыз үні күңіренгендей болды. Ілиястың «Күйші» поэмасы былай басталушы еді ғой:

Қобызшы Молықбай шал Матайдағы,

Матайда Кенже, Тұңғат, Сатайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Күйші еді ол маймаңдаған бақайшағы!

Дәстүрлі қобызшылардың соңғы тұяғы, кешегі қызылқырғынның құрбаны, күй өнеріндегі мұралары қолды болып талапайға түскен есіл ер Молықбайдың ұрпағы екі ауыз қазақшаны ерініп әрең сөйлейтін Мәсімов болса, жетіскен екенбіз... Әй, ақсулық ағайындар-ай, Кәрім Қажымқанұлын жерлес жаса. Жөн делік. Мемлекет қайраткері деп мақтан. Е-е, бәрекелді! Енді мынауың не? Күйдім-ау, күйдім-ау!

«Абай-ақпарат»

0 пікір