Ринат Валиев. «Георгиевтік лентаны» тақпа, Бұл – арандатушылық
2010 жылы 7 мамыр күні жинақ кассасында салық төледім. Маған төлем түбіртегімен бірге «георгиев лентасын» берді. Алайда мен оны «бұл лента православтықтардың дүниесі, мендей мұсылмандарға оның қажеті аз» деп кассаға қайтарып бердім. Қазір мұндай лента жалпы Ресей сияқты бірқатар елдерде таратылып жатқан көрінеді, оны жеңістің нышаны деп жүр». Қандай жеңіс? Кеңес солдаттары Германия әскеріне қарсы соғыста мына сияқты қызғылт-қара жолақты емес, қызыл тудың астына бірікпеді ме? Оның Гитлерді ұтқан жеңіске еш қатысы жоқ. Бұл лентаны таратып, елге таңу - христиан емес жұртқа өз белгілерін байлауға талпынған православтықтардың кезекті правокациясы. Осындай лента мен белгі таққан әскерлердің әрекетін білер ме екен мына жұрт?
Олар дәл осы «жыланды өлтірген Георгийдің» суреті бейнеленген туын желбіретіп, татар мемлекеттерін басып алуға аттанған болатын. Портрет асынып, лента таққан басқыншылар Қазан, Астрахань, Сібір, Қырым сияқты хандықтарды басып алды.

Олар біздің мешіттер мен қалаларды құртып, ата-баба рухын аяққа таптады. Мыңдаған мешіт жойылып, орнына шіркеулер салынды. Бейіт тақташаларынан басқыншылар өздеріне баспана тұрғызып, храмдар салды. 1552 жылдан кейінгі Татар елдерінің басып алынған аумағынан православ шіркеулерін жөндеу жұмыстары кезінде қабырғада араб жазулары бар тақташалар кездескен. «Салт атты Георгийдің жыланды өлтіру сәті» бейнеленген символды талдап көрелік. «Бұл қайдағы жылан, оның қандай мәні бар» дегенге келсек, жылан деп отырғанымыз - татар, ал салт атты адам (Георгий) татарды найзасымен өлтірейін деп тұрған Хайван Грозный кейпіндегі мәскеулік. Қазан елтаңбасында Еланның (Зиланта,жылан) суреті болған, қазір де бар. Бірнеше рет талқыланған бұл тақырып жайында бізге айтып жатудың өзі артық. «Георгий» туралы православтық дәйексөздерден мысал келтірсек: «қасиетті Георгийдің шын мәнінде өмірде болған адам екені күмән туғызады. Бұл қазіргі таңда Ресей федерациясының елтаңбасында былайша бейнеленген: сол жақты бетке ұстаған күміс тұлпар мінген күміс найзасы бар күміс көк плащты салтты атты батыр керіле жатқан алып айдаһармен күресу үстінде, ол да солға қарап тұр», яғни, оның қасиетті Георгий екеніне тікелей нұсқау бермеген. Расында елтаңбада айдаһар емес, жылан бейнеленгенін айта кету керек. «Иван Грозныйдың тұсында жыланмен күресуші салт атты адам екібасты бүркіттің төсіне жақын орналастырылған, бұл - орыс княздықтарының Мәскеу маңына бірігуінің белгісі. Ат мінген адам басына тәж киіп тұр, бұл Иван Грозныйдың патша лауазымын алғандығын айшықтайтын болар. Иван Грозный кеткен соң баспада оны «ат үстіндегі патша» деп жазып жүрді. XVII ғасырдың ортасында Тоскан герцогі орыс елшісінен «ат мінген шынында да Георгий Победоносец пе?», - деп сұрағанында, ол: «Ұлы Патшамыз арғымақ мініп тұр»,- деп жауап берген. 1666-1667 жылдардағы Қарулар палатасының жазбаларында бұл елтаңба туралы «патша найзасын жыланға шаншып жатыр» деп айтылыпты.
Елшілік бұйрығын беруші Григорий Котошихин Мәскеу княздығының мөрінде тайға таңба басқандай «патша жыланды жеңді» деп ойылып жазылғанын алға тартады. Тіпті осы цитатадан кейін-ақ ат үстінде отырған татарларға жеккөрінішті, бар халықтың ата жауы, басқыншы-фашист Хайван Грозный екені айдан анық көрініп тұр. Ал жылан бейнесінде - мұсылман- татарлар. Өкінішке орай, көпшілігі тарихты білмегендіктен, әлгі лентаны кеудесіне, сөмкесіне тағып шайтанның және бізді тәуелді еткісі келетіндердің құлына айналып кеткенін сезбейді де. Ол - біздің елге бөтен, жат нәрсе. Мұндай ленталарды тақпаңыз, өзгелерге де таратпаңыз. Халыққа аталған акцияның астарын түсіндіре жүріңіз. Егер ардагерлерді қолдағыңыз келсе, ең болмаса қызыл лента тағыңыз. Гитлер армиясын қызыл туды ұстағандар жеңді емес пе?
Ринат Валиев - Санкт-Петербург татар «Татарстан» қоғамдастығының президенті
«Татар, Оян!» газеті