Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2180 0 пікір 13 Мамыр, 2011 сағат 06:04

Қазақстанда 2014 жылы инновацияға жұмсалатын қаржы ІЖӨ-нің 1 пайызын құрайды

АЛМАТЫ. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда 2014 жылы инновацияға жұмсалатын қаржы ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын құрайды.

Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зарина Арсыланова бүгін Алатау ақпараттық технологиялар паркінде өз жұмысын бастайтын «Инновациялық Қазақстан - 2020» форумның алдында мәлім етті.

«Бұған дейін әр сала өз бетінше инновациялық дамумен айналысып келген еді. Енді Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі үйлестіруші саясат жүргізуге көшті. Бұл бүгін «Инновациялық Қазақстан - 2020» форумы аясында өтетін инновациялық жобалар көрмесінде айқын аңғарылатын болады»,-деді З. Қуатқызы.

Оның айтуынша, қазір Ұлттық инновациялық қор ірі жобаларды қаржыландырудан грант беруге көшіп жатыр. Бұл компаниялардың инновациялық белсенділігін көтеруге бағытталып отыр. Қазіргі таңда инновациялық жобалар негізінен қорғаныс, ғарыш, мұнай-газ өндіру және өңдеу салаларын ғана қамтып отыр. Болашақта инфокоммуникациялық, технологиялар жобаларын көргіміз келеді. Жалпы қазіргі таңда инновациялық дамуға жұмсалатын қаржы жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызын ғана құрап отыр. 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда бұл көрсеткіш 2014 жылы 1 пайызға дейін ұлғайтылмақ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527