Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 6992 15 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 10:12

Ендігі жетпегені антиұлтшылдық еді

Сурет ia-centr.ru сайтынан алынды

Қазақтың қарасының, оның ішінде қазақ тілді алаш баласының санының көбеюі, әрі биыл санақ жылы болғандықтан пікірі арам БАҚ беттерін қазақтың «Азаматтық ұлтшылдығын» көзге ілмей, «Этнонационализм» тақырыбымен өз оқырмандарының санасын улап, рухани жаулап алуды дәстүрге айналдырып жүргендер аз емес. Әрі Қарағандыдағы оқиғадан кейін олар орыс тілді пиғылы жат қандастарымыздың ауызымен қазақ халқына ақпараттық қанды жорықты бастап кетті.

Титулды ұлттың мемлекеттік деңгейдегі ұлттық бірегейлігін іздеуге ұзақ этноұйқыдан кейін пейлі жат, пиғылы арам кейбір орыс тілді қазақтарсыз және өзге халықтарсыз іздеуге ден қоюы, бір бармағын ішіне бүккендердің талайының шамына тиіп отырғанын жасырып жабуға болмайды. "Қазақ жерінде бәрі қазақша болуы керек" деген өмір талабы күн тәртібіне енді шықты. Бұл әңгіме ерте ме, кеш пе әйтеуір бір көтерілуге тиіс болатын. Енді соның уақыты туған шақта, орыс тілді БАҚ қазақтың жоғын жоқтап, жыртығын бүтіндеудің орнына басқаша әнге басып шыға келді.

Олар қазақ тұрмысы мен қазақи келбетке пысықырып қарамайтын азаматтық позиция дегенді ұстанып, саяси алаң құрып, бүкіл ұлтқа топырақ шашудың жаңа кезеңін бастады. Ал, қазақ тұрмысы мен қазақи келбетке бейім этникалық позициядағы ел тұрғындарын "әйкәпір" атандырып, ала қойды бөле қырқуда.

Қазақтың ұлттық дербестікке ұмытылып, өз елінде аға ұлтқа айналуына не кедергі? “Толеранттықтың” дәуірі өткенін де, орыс тілді БАҚ мойындап отыр. Бірақ қазақтарды ұлттық проблемалар емес, отбасындағы күйбең тірлік толғандыруы керек деп ақыл айтқансиды.

Діни және этикалық факторды еш ескермей, біржақтылықпен еліміздегі бұқара халық әлемдік және аймақтық мейрамдарды бірігіп өткізуге көндіккен деп: кеңестік жаңа жыл, кірешен шомылуын,  Хеллоуинді, әулие Валентин күнін мысалға келтіріп мүәйімсиді.

"Ұлт санының көбеюіне этнонационализм немесе ксенофобия сырттан таңылып отыр" деп көлгірсиді де оған балама ретінде қазақтар арасында қазақ тілінде кеңінен орныққан «азаматтық ұлтшылдықтың» өңін айналдырып, орыс тілді «азаматтық ұлтшылдық» деген жаңа терминді өмірге әкелуге барын салуда.

Осы орайда алаш дүниетанымы мен қазақ мәселесіне қатысты кежегесі кері тартатын (БАҚ Kokshetau.Asia (https://kokshetau.asia/obshchestvo/36917-etnonatsionalizm-eto-put-k-razvalu-kazakhstana shakbaev?) қандасымыз Рахим Ошақбаевтың пікірін кейбіреулерді имандай ұйытып, құран сөзіндей етіп, жария етіпті. Бұндағы қорқынышты ой «қазақ мүдесін қорғау» нәсілдік кемітуге бастайды. Әрі қазақ елі көпұлтты мемлекет деген сандырақ пікірді қандасымыздың аузымен айтқызудың ар жағында не жатыр?

«Соответственно, когда мы говорим про этнонационализм, национал-патриоты выступают за исключительность и превосходство казахов в Казахстане. Если уж говорить про точность терминов, это попадает под определение расовой дискриминации согласно Конвенции ООН о ликвидации всех форм расовой дискриминации. Давайте я процитирую это определение: “Расовая дискриминация — любое различие, исключение, ограничение или предпочтение, основанное на признаках расы, цвета кожи, родового, национального или этнического происхождения, имеющие целью или следствием умаление прав человека и основных свобод в политической, экономической, социальной, культурной или любых других областях общественной жизни”. Если мы говорим о гражданском национализме, о том, что интересы казахстанцев превыше всего, то в этом смысле я признаю себя гражданским националистом. Поэтому я, например, категорически против единой валюты в ЕАЭС, я выступаю за более напористую защиту наших интересов в этом интеграционном объединении. Но все мы, вне зависимости от национальностей, имеем абсолютно равные моральные, гражданские права и равные обязанности. Кому нужен особый статус?».

Көпті толғандырған «Аз ұлттың тілінде сөйлеп жүргеніміз жетістігіміз бе, кінаратымыз ба» деген сауалдың жауабын қандасымыз қабы қанып былайша береді:

«Без провозглашения особого статуса казахов в Казахстане мы жить не можем? Мне кажется, нам грязный воздух гораздо больше мешает, чем некий статус. Но в том, что казахи назовут себя государствообразующей нацией и тем самым возьмут на себя ответственность за судьбу страны, нет же ничего плохого? Почему другие национальности не могут брать эту самую ответственность, если они тоже граждане Казахстана? Если нас большинство, напротив, мы должны еще более тактично подходить к вопросам нацполитики, дабы не ущемлять интересы меньшинств У публики, имеющей трибуну и находящейся сейчас в тренде, моя позиция сейчас непопулярна. Но я готов озвучивать ее постоянно и твердо отстаивать. Нет ни у кого ни превосходства, ни исключительности! Для меня это принципиальный водораздел. Казахстанцы — народ многонациональный»

Өзінің қоғам қайраткері емес, кәсіпкер екені ойына оралып, осы сұхбатымен жатқан жыланның құйрығын басып, елді алатайдай бүлдіріп отырғанын жорта ұмытып, мен ешкіммен пікірсайысқа түспеймін деп мәлімдейді де: «...Чьи права, я считаю, ставятся под угрозу апологетами мононациональности — например, моим другом Айдосом Сарымом. Я совершенно не разделяю тезис Сарыма о том, что мы не многонациональный народ У нас есть русские, татары, узбеки, корейцы, украинцы и т. д. Я перечислил только крупные этносы. У нас много метисов от межнациональных браков, которые гордо считают себя казахстанцами. Почему мы обязательно должны просить их называть себя казахами? У нас что, такой большой комплекс? Для этих людей их национальная идентичность может быть также важна, как для нас наша. Принуждать другие национальности самоиндентифицироваться казахами, а не казахстанцами, это грубо нарушать их права И это выглядит абсурдно. Тогда на чем мы будем строить нашу общую многонациональную идентичность? Моя версия — она уже есть и ее нужно строить в первую очередь на базе ценностей гуманизма и признания абсолютной ценности нашей общей государственности. Этническая самоидентификация — дело личное Общие ценности в том, что у нас права человека должны быть надежно защищены, должно быть верховенство закона, что мы имеем право дышать чистым воздухом, мы против коррупции, стремимся к прогрессу и хотим иметь в нашей стране лучшие мировые практики, чтобы наша жизнь была более безопасной и комфортной...».

Ошақбаев бұдан ары ұлттық бірегейлік әркімінің жеке басының ісі мен оған араласпаймын дейді де, қазақ еліндегі орыс тіліндегі БАҚ қолдан үрлеп жүрген Қазақстандағы фашизмге елімізде жоқ деп орынды жауап береді. Әрі өзінің орыс тілді «азаматтық ұлтшылыдығы» үшін  әлеуметтік желідегі қаралануын қазақ тілділердің көргенсіздігіне балайды. Қазақ мүддесіне қызмет етіп жатқан, әрі ұлттық партияның міндетін мойына алып отырған Facebook-ты  ақпаратты бұрмалайды деп шағынады.

«Этнонационализм — это путь к развалу страны Я не считаю возможным нахождение расистов в публичном поле Казахстана. Этнонационализм возбуждает пещерный архетип — естественную органическую потребность человека в системе «свой-чужой». Тем самым наносится большой ущерб нам, казахам. Из нас делают каких-то пещерных националистов. Но это совершенно не так. У нас свой исторический путь — пусть непростой, но мы его должны самостоятельно пройти. Но расизм, этнонационализм, ксенофобия, я уверен, это не наш путь».

Осы сұхбатты алушы тілшінің «Сіз шын мәнісінде антиұлтшылдық қоғамдық бірлестігін құрып немесе оның құрамына кіре аласыз ба?» деген сауалына  «Оно уже есть — это партия Нур Отан, и я ее активный член. Я убежден, что наш президент все эти годы вел исключительно правильную и сбалансированную политику Ценности мира и согласия прописаны во всех наших ключевых документах. Это основа нашего развития, без них мы потеряем государственность. Где эти популисты будут, когда внешние силы предъявят Казахстану свои претензии и права, обосновывая их защитой от фашизма? Посмотрите, какой образ создали Украине и к чему привело использование образа фашизма для достижения геополитических целей. В юго-восточной Украине 2,7 миллиона беженцев. Это катастрофа! Я абсолютно не ожидал от своих товарищей и друзей заявлений, что “мы не многонациональная страна”, что весь народ Казахстана это казахи, а все остальные национальности – диаспоры, и якобы у них есть вторая родина. Нет у них другой Родины! Они здесь родились и они полноправные граждане Казахстана. Мы все объединены общей исторической судьбой на “исконной казахской земле”. Власть не должна заигрывать с националистами» деп жауап береді.

Арнайы тапсырмамен сұхбат сауалын түзген тілшінің арам пиғылы қазақ тілді алаш баласына қарсы антиұлтшыл қозғалыс құрып оған қазақтарды тарту әм осы идея төңірегінде орыс тілді қандастарымыздың тамырын басып көру.

"Бар мәселе ұлттық біргейлік емес, азаматтық бірегейлік төңірегінде шешілуі керек" дейтін орыс тілді БАҚ ел ішін осылайша ала тайдай бүлдіруді қалап отыр. Тіпті жер-су атауларының тарихи атауын иеленуі орынсыз шу көтеруде. Тілшінің соңғы саулы Қазақ Республикасы деген атаудың төңірегінде өріп, оған Ошақбаев мырза: «...Это очень чувствительная тема, которая требует большого обсуждения. Принимать решение о переименовании страны нужно после того, как будет понятно, что об этом думают наши сограждане. Главная сложность ведь заключается в том, что после переименования даже сам факт гражданства будет приравнен к принадлежности казахской нации. Другой вопрос еще и в том, что эту повестку раскачивают определенные люди, и они хотят обернуть переименование в выгодном им ключе Я уверен, власть не должна больше заигрывать с националистами. Тем более, что помимо разжигания розни и языковой нетерпимости, они пытаются поставить под сомнение или даже свернуть основные достижения нашего народа и президента — абсолютный мир и абсолютное межнациональное согласие. Я даже подозреваю, что идет преднамеренная скрытая нативная кампания по дискредитации всех достижений 28 лет независимости. Некоторые из них даже прямо называют свое видение будущего страны Второй республикой. То есть они хотят “переучредить” Казахстан, переписать основы нашей Конституции, поменять все названия и символы, включая флаг. Сделать страну мононациональным государством с максимальными стимулами по вытеснению неказахов и любых людей, не владеющих государственным языком. А что будет со страной и судьбами людей, их абсолютно не волнует» деп жауап береді.

Сонда осындай бүлдіргі сұхбат берудегі Kokshetau.Asia-ның көздегені не деген сауал көңілді алаңдатады. Бірақ «Көп қорқытып, терең батыратынын» орыс тілді БАҚ-тың сезінуі әм байбаламдап, ойбайға басуы көңілді тыншым етеді.

Енді ұлт болып сақталып қаламыз десек, қазақ мүддесі үшін өз ішіміздегі «антиұлтшыл» және «интернационалдық» қозғалыстармен күреске түсудің дәуірі туғанын жоққа шығаруға болмайды. Қорғаныстан күреске ауысатын кез жеткен сияқты. Сіз қалай қарайсыз!?

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048