Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2101 0 пікір 13 Мамыр, 2011 сағат 08:46

Нұра Матай. Қайымның қабірін қиратқандар – қазаққа қарсы

Аса көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың қабірін Құдайдан қорықпайтын, имансыз бұзақылар қиратып кеткені мәлім болды. Бұдан бұрын да Семейдегі ғалымның құрметіне қойылған ескерткіш тақтаны белгісіз біреулер ауыр затпен ұрып, сызат түсіріп кеткен еді. Енді, міне, қабіріне жетті.
Зираттарға шабуылдың күш алғаны бір бұл ғана емес. Атыраудағы, Қарағанды облысына қарасты Ақтау кентіндегі, Семейдегі қабірстанға жауыққандардың жолы кесілмей, жазаланбай, жауапсыз қалуда. Елдің зәресін алған уақиғаларға исламның теріс ағымдарының қатысы бар дегенді жұрт айтудай-ақ айтып келеді. Алайда, жергілікті құқық қорғаушылардың қимылы сылбыр. Және қазақтың ата-бабасы, жақын-туыстары жерленген зираттарды қиратып, халыққа қарсы шыққандарды құрықтап, қатаң жазаға тарту мәселесінде құзырлы орындар тарапынан жедел қимыл байқай алмай отырмыз. Мұндай адамшылыққа, имандылыққа жат қылмыстық істің аяғы жақсылыққа апармайтыны анық.

Ал, Ұлы Абайды зерттеудің, насихаттаудың бірден бір білгірі, атақты ғалым, кешегі Алаш зиялыларының көзі мен сөзіндей болған Алаштың аяулысы - Қайымға қарсы жасалған шабуыл - ол бүтін қазаққа, оның тарихы мен мәдениетіне, ғылымына, ұлы тұлғаларын жоққа шығару, бар қазаққа қол көтеріп, өлісі мен тірісін қосып, ұлтты қорлау! Бұл - ұлттың қауіпсіздігіне төнген қатер.
Азаматыңды, ар-намысыңды қорлатпа, Алаш!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529