Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2219 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 03:53

Мұхтар Шерім. Кешіріңіз, танымай қалдым...

Өзiммен-өзiм, көзiммен-көзiм, сөзiммен-сөзiм болып, көшеде күрсiнiп ке­ле жатқанмын. Бiреу жын қуғандай, тап бiр әйелi төрт баланы "оптом" туған­дай, жүгiрiп келдi де, арқама жұдырығымен қойып қалды. Жанарыма жас келiп, жылай салатындай жас бала емеспiн. Еңсерiле бұрылып, еркек мiнез та­ны­та жалт қарадым.

- Ой... - дедi анау.

- Немене, "ой?"

- Кешiрiңiз, танымай қалдым... Мен сiздi облыс әкiмi екен деп қалдым...

- Ей, есектiң қодығы, облыс әкiмi осылай көшеде, жал­ғыз өзi жынданып келе жата ма, не?

- Облыс әкiмiнен аумайды екенсiз...

- Облыс әкiмiнiң арқасынан ұратын сiз кiмсiз өзi?

- Жыным келiп... Кешiрi­ңiзшi... "Облыста сыбайлас жемқорлық жоқ"­ деп есеп берiптi, бәрi өтiрiк! Соған жыным келiп...

- Жыныңыз таксимен келсе, ұшақпен қайтып кетсiн, мен облыс әкiмi емеспiн!- деп ашуландым да, қалтамды қарадым. Құдайым-ау, қалтамда не бәрi жиырма ти­ын ғана қалыпты! Соған пiсте сатып алып, бiр-бiрлеп шағып келе жатқан­мын. Бiреу артымнан қалмай сөйлеп келедi.

- Аса құрметтi премьер-министр мырза, тоқтаңызшы... Тыңдаңызшы менi... Бiз­дiң депутаттар неге төбелеспейдi? Мәселен, Украина депутаттары төбелесе­дi. Ресей думасының депутаттары төбелеседi. Күнi кеше Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиев депутат Бақадүр Сүлеймановты қуалап жүрiп... Тоқтаңыз­шы, бiр қараңызшы маған... Премьер-министр мырза... Бiздiң депутаттар Елбасыға, Сiзге бас шұл­ғи бередi... Айналаңызда жағымпаздар... Бiр-бiрiмен төбелессе, ширай ма дегенiм ғой...

- Бәле дегенiм ғой! - деп жалт қарадым.

- Ой...

- Немене, ой?

- Кешiрiңiз, премьер-ми­нистр­ден аумайды екенсiз... Бiр қырыңыздан тұрғанда...

- Әй, есектiң тайқары! Немене, премьер-министр ерiгiп жүр ме? Премьер-министр пiсте шақ­пай­ды ғой...

- Кешiрiңiз...

Мына жұртқа не болған өзi? Қымбатшылықтан бастары айналып, көздерiнiң алды тұманданып кеткен бе? Жыларман болып тұрғанымда, бiр әйел келдi де, артымнан бiр тептi. Етпетiмнен құлап түстiм. Әйелде ұят жоқ екен. Жұрт­тың көзiнше үстiме атқа мiнгендей, отырып алды.

- Сiзге не керек өзi? - деп мiңгiрледiм еңбектей жылжып.

- Оңбаған! Қызыңдай жас қыздармен саунада болғаныңша, өлiп кетпейсiң бе? Ажыра­самын! Сендей кәсiпкерден, көшедегi қайыршы артық!

- Айқайламаңызшы, өтiне­мiн...Сiз... маған бiр қараңызшы...

- өлә... - дедi ол менiң бетiме үңiлiп.

- Немене, "өлә?"

- Артыңыздан қарағанда, менiң күйеуiмнен аумайды екенсiз...

Үстi-басымды қаққыштап, жұрт шатаспас үшiн, театр­дағы досым берген са­қалды жабыстырып алдым. Бiр кезде сонадайдан екi полиция инспекторы тұра жүгiрдi. "Әне, Бен Ладен! Бен Ладен тұр! Терроршы Бен Ладен!"

Тұра қаштым. Олар артымнан қуып кеп бердi. Жексұрынға да, жексұрын емеске де жан керек, сән орталығына қойып кеттiм. Қыз-келiншек­тер боянып жатыр екен. Бiр бөлмеге кiрдiм де, шешiнiп жатқан қызды талдырып құлатып, киiмiн киiп, әзер құтылдым.

Ертеңiне... Ендi мен жындана бастадым. Көшеде кетiп бара жатқан бiр жiгiт ағасының құлағына шертiп жiбер­дiм. Ол маған бұрылды.

- Ой... - дедiм өтiрiк.

- Немене, "ой?"

- Сатқын Рахат Әлиевтен аумайды екенсiз! Кешiрiңiз...

Бiр сап-сары, көк көз кiсiнiң бетiне шапалақпен салып жiберiп:

- Қашқын десе! Алматы қаласының жерiн сатып-сатып байып алдың да, қашып кеттiң ә?-дедiм.

- Сiз не деп тұрсыз өзi? -дедi анау мәңгiрiп.

- Ой, кешiрiңiз... Сiз Алматы қаласының қашқын әкiмi Виктор Храпуновтан ау­май­ды екенсiз...

- Немене, Храпунов осылай перәшкi жеушi ме едi?

- Кешiрiңiз...

Ол менiң тұмсығыма қойып қалды. Шалқамнан түстiм. Құдай-ай, ешкiм көмектес­педi. Ары-берi ағылған адамдар. Тұрғызбайды бiрi... Шамасы, менi қайыр­шыға ұқсатып жатыр. Ерегiсiп мен жатырмын. Ерегiскенде бiр жыл тұрмай қояйын ба, осы-а?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір