Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2334 0 пікір 16 Мамыр, 2011 сағат 04:16

Серік Әбдірешұлы. Қазақтың Қажымұқаны

Ұлы даланың енапат кеңдігіндей, тұлғасы алқам-салқам, қазақ деген халықтың барын әлемге бір ғасырдан аса уақыт бұрын әйгілеген, астамсыған ұлттар мен елдердің аптығын алып күшімен басқан, Алпамыстай апайтөс денелі, Қобыланды батырдай қыпшақтың жүрнағы, күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы  140-қа толып отыр. Осы уақыттың ішінде ондай ұлы  тұлға қазақ түгілі түркітектес пенделер арасында қайта туылмапты! Оның үстіңгі ернінің ұзындығы - 10 см екен! Бұл - оның Даладай ірілігі.

Оның балуандығымен тапқан мадақ белгілеріің саны -56, бір кісіге жүк болар марапат пен мадақ өз алдына, Екінші дүниежүзілік соғыстың  біту сәтін тездету жолында өз қаржысына жойғыш ұшақ жасатып үлес қосқан санаулы адамдардың бірі ғана емес, сұрапыл соғысқа шау тартқан шағында қатысушы жетпіс жасар қарттың бірегейлігі еді. Бұл - оның екінші қыры.

Әлгі ұшақтың бір жағына Амангелді Иманұлы батыр есімін, бір жағына өз атын жаздырған кеңпейіл жан болған. Бұл - оның үшінші қыры.

Екі ғасырдың ауасын жұтып, дәмін татқан күш атасы - ұлттың тәуелсіздігі жолында өз ұстанымын білдіріп, Алаш идеологиясына ден қойған азаматтық сәуесін айқын көрсетіп, сонысы үшін қуғын көрген азамат. Бұл - оның тәуелсіз Қазақстанға алдын ала ерен еңбек еткен төртінші қыры.

Қажымұқан төрт әйелді жар етіп, олардың бәрінен де ұрпақ сүйген, асыл текті қазақтың санына сан, сапасына сапа қосқан нағыз асыл жар. Бұл - оның бесінші қыры.

«Қазақ даласының батыры» атағын тұңғыш және соңғы рет иеленуші. Бұл - оның алтыншы қыры.

Қажымұқан Ортаңғы Азия халықтарының ішінен шыққан ең тұңғыш әлем чемпионы! Бұл - оның жетінші қыры.

Қажымұқан әлемді аралаған аз қазақ жиһангездің ішіндегі даңқтысы. Бұл - оның сегізінші қыры.

Сегіз қырлы, бір сырлы Қажыатаның мерейтойын халқы жасады. Балуанды дүниеге әкелген бұрынғы Қоспа кәзіргі Қажымұқан ауылының Әзімхан Ерсайынұлы, Данияр Төлегенұлы, Жанат Ермекұлы деген кәсіпкер азаматтарының күшімен мәдени-спорттық шара ұйымдастырлып, үш күнге созылды. Қазақ күресі кілем жайып, түйе балуан іріктеді.

«Қазанат» фольклор-этнографиялық өнерпаз тобы сахнаны сәндеді. Осының бәріне жазушы, зерттеуші, меценат Сәдібек Түгел мырза басшылық етті. Алып даланың апайтөс ұлының рухы бір аунап түскеніне күмән жоқ, өйткені, мереке нағыз халықтық сипат алды.Кірбіңге орын қалмады.

Сәті келгенде, Сәдібек ағадан кейбір сұраққа жауап алудың реті таптық.

Ұлттық ат спортын дамытудың басы-қасында жүрсіз ғой. Жуырда классикалық ат спорты федерациясының сайтына кіріп, бір де бір қазақша сөз таба алмадық. Сайт орыс және ағылшынтілді болып шықты. Салт ат өркениетін дүниеге келтірген  халықтың ұрпағы ретінде осы салаға бас қатырып жүрген біздің азаматтар бар ма?

-  Тілге байланысты сіздің пікіріңізге қосылам. Конституция мен мемлекеттік тіл талабына сәйкес біздің елімізде әлгі сайт қазақ тілінде ақпарат таратуға міндетті,әрине. Менімше, бұл сайтты ашып отырған азаматтар ескеруге тиісті. Шын мәнінде, бізде кәзір классикалық Ат спорты федерациясының басшысы - Машкеевич Александр Анатольевич, оның қолға алып отырғаны - негізінен олимпиадалық ат спортын дамыту.Біз екі бастан ұлттық ат спортын дамытуды қолға алып жүрміз.

Қазақ жігіттерінің ішінде сол олимпиадалық ат спортына баруды ойлап жүргендер бар ма?

-  Неге болмасын, бар! Жігіттер, жастар жеткілікті.Көкшетауда -  Марат Қойшиндер бар. Аманжол Қасеновтер бар. Камышинскдегі «Алтын тұлпар» ат зауытында да бар. Елдің басқа жерлерінде де жетеді.

Ендеше сол саланың сайты неге қазақша ақпарат бермейтіні жабырқатады, аға.

-  Енді айттым ғой, тіл мәселесін дұрыс қозғап отырсыңдар. Сәті түсіп, сол федерацияның мүшелерімен кездесіп жатсақ, бұл мәселені міндетті түрде айтып жеткіземіз.

Қазақта текті жылқы тұқымдары жетеді ғой, қазанат бар, жабы бар, басқасы бар дегендей, солардың ішінде әлгі классикалық ат спортына жарайтындары бар ма?

-  Жарағанда қандай! Қостанай зауытындағы жылқының бәрі сол талапқа жарайды.Кезінде Абсентіміз алтынға ие болды, кейін қола да алдық. Әрине, соның бәрі біздің жылқы тұқымдары. Бірақ соңғы қырық жылда ол дәрежеге жете алмай жүрміз. Оған жетудің бірден бір жолы сол салаға халық болып күш салу. Оған ұмтылып, шұғылданып жүрген қазақ жігіттері мен қара домалақтарымыз бар, Аллаға шүкір.

Мына шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып жатыр екен.Осыған сәйкес бір сауал бар: кейбір азаматтар Жеңіс күнін «Ерлік күні» атап, бір ғана соғыстың нәтижесін емес, бүкіл қазақ ерлігін паш етуді ұсынып жүр.Осы бастамаға қалай қарайсыз?

-  9 мамырдың тәрбиесін алып өскен ұрпақ ретінде және әкелеріміз бен аталарымыздың қан төккенін ескеріп атап жүрміз ғой. Ал, жалпы тарихтан қозғасақ, қазақтың әр күні -  ерлік.Соның бір ұшқыны ретінде бүгін Қажымұқан Мұңайтпасұлын алып отырмыз.Бұл да - Ерлік күні.Сондықтан ондай жақсы ұсыныстар түсіп жатса, өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз табылып жатқан Тәуелсіз елдің азаматы ретінде оған екі қолыммен қосылам!

Рахмет сізге!

Астана - Қажымұқан ауылы - Астана

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552