Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2052 0 пікір 18 Мамыр, 2011 сағат 07:18

Азия даму банкі тек экологиялық жобаларды ғана қолдайды заседание

АСТАНА. 18 мамырдың. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/- Азияның даму банкі Қазақстан мен Орталық Азияның жеке меншік секторы ұсынған экологиялық жобаларды қолдауға даяр.

Бүгін Астанада басталған ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші жалпы отырысында  Азия даму банкінің вице-президенті Лакшми Венкатачалам осылай айтты.

Оның пайымдауынша, дағдарысқа дейінгі тұрақты даму жолына түскен Қазақстанға алдағы уақытта энергия тапшылығы мәселесін шешуге тура келеді. Сондықтан электр қуат көздеріне деген жоғары сұранысты тек жаңа технологияларды енгізу арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. «Бүгінде Қазақстанның онсыз да жүктемесі жоғары энергетика саласы көмірмен жұмыс істейтін стансаларға тәуелді болып келеді. Сонау кеңес заманында салынған бұл өндіріс ошақтары үлкен қалалардың маңайында орналасқандықтан,улы химиялық заттар экологияға тарап, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан осы кәсіпорындарды шұғыл жаңарту қажет. Олардың жұмысына «таза көмір» технологиясын кеңінен енгізген жөн. Негізі, келешекте осы салада табиғи газ бен баламалы энергия көздері бірінші орынға шығуы тиіс»,-деді  Л.Венкатачалам.

Сондай-ақ өз сөзінде Л.Венкатачалам суды тазарту технологиялардың үдемелі дамуын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде Азияда осы саладағы беделді инвесторлар тобы қалыптасты. Бұған дейін бұл салада еуропалық компаниялар көш бастап келген. «Сондай-ақ бүгінгі таңда әлемде жүк тасымалдау технологияларына ерекше мән берілуде. Қазақстанның географиялық жағдайын және осы елдегі халықаралық сауда-сауттықтың көлемін ескеретін болсақ, бұл мемлекетте жүк тасымалдау саласындағы жаңа технологияларды кеңінен енгізуге әбден болады. Қазақстан осы жолда үлкен табыстарға жете алады. Жалпы, Азия аймағында жоғары технологиялық жобаларды қолдау - Азия даму банкі қызметінің негізгі бағыты. Жақында біз күн энергиясы саласындағы жобаларды несиелендірудің жаңа ережелерін бекіттік. Біз жекеменшік сектор тарапынан ұсынылатын осы сияқты бастамаларға қолдау білдіруге даярмыз»,-деп атап көрсетті Л.Венкатачалам.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550