Алматыда «Ғылым бизнеске» атты І халықаралық ғылыми форумы өтудеv
АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде жастардың «Ғылым бизнеске» атты І халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр.
Форум жұмысы университет алдындағы Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.
Аталған университет ректоры Әли Әбішовтың айтуынша, форумның мақсаты - студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, оларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту. Сонымен қатар иновациялық экономиканың дамуының теориялық және тәжірибелі аспектілерін талқылау, жас ғалымдардың бизнес қоғамдастықпен білім және ғылым байланыстарын дамытуға көмектесу.
Шара аясында ғалымдардың, сарапшылардың, бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, ашық дәрістер мен шебер сыныптары өтуде. Сонымен қатар Венгрияның еліміздегі Бас елшісі Силард Телакидің қатысуымен "Еуропалық экономика: Венгрия Республикасының Еуропалық Одаққа төрағалық етуі" аранайы сессиясы өтуде.
Екі күнге жалғасатын бұл басқосу аясында сондай-ақ "Бизнеске арналған инновациялық технологиялар" ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы жарияланып, "Қорғас" ШЫҒО АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің студенттік бизнес жобалар байқауының тұсаукесері өтеді.

Шараға ЮНЕСКО, Венгрияның бас елшілігі, Британдық кеңес, Халықаралық бизнес мектебі, "МҚБИ" Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Тұңғыш президент қоры, ҚР Ұлттық банкі және тағы басқа мекемелер ұйымдастырушылық көмек көрсеткен. Оған ТМД мен алыс шет елдердің жетекші ғалымдары мен мамандары, еліміз бен шет елдің жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері, магистранттары, PhD докторлары қатысуда.