Риза Исаева. Исматулла мақсатына жетті. Ел арасына жік салды
Хабар арнасында көрсетілген аты шулы «Ақиқат» деректі фильміне қатысты бір топ жамағат кеше «Абай.кз» ақпараттық порталының редакциясында баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Мәслихат өткізуге сұранған азаматтар еш жерге бас сұға алмағандарын, «Ақиқатқа» байланысты ақиқи сөздің астарын ашып беруге мүмкіндік ала алмай жүргендерін айтқан еді. Қысқасы, «Абай.кз» ақпараттық порталының редакциясында бас қосқан Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахмет , жазушы Дидахмет Әшімхан, ақын Светқали Нұржан бастаған топ бұқара көпке жеткізгісі келетін сөздерін ақтарып, арылып шықты. Баспасөз мәслихаты аяқталғанда біз «Абай.кз» қандай мәселеде де бейтарап ұстанымнан аумайтынын, қазақты алалап-бөлмейтінін қадап айтқан едік. Дегендей-ақ, Думан Әлидің «Ақиқаттан алыс «Ақиқаттың» анығы қандай?» атты баспсөз мәслихатынан қорытып жазған мақаласы порталымызда жарияланысымен әріптесіміз Риза Исаевадан қарсы пікір келіп түсті. Қараңыздар:
«Абай-ақпарат».

Жалпы сопылық ілімнің бұрмаланғаны,қазақтың діні деп, бүтін елді алалауы сонау 2005-2006 жылдары -ақ басталмап па еді? Тіпті сол жылдары Ораз Әлімбек пен Бақытжан Қосбармақ дайындаған сюжеттерде, Исматулланың «дінінен» зардап шеккен жандардың айтқан әңгімелері жұрт есінде. Одан қалды Қарасу мешітінің шетін көріп, үйіне келіп, ата-анасына қарсы шығып, «сендердің істеріңнің бәрі күнә» деп, әке-шешесінен теріс айналған баланы да, көзіміз көрген. Не десе де, Исматулла бастаған дін таратушы топтың (Исматулланың артында қандай күштер тұрғаны белгісіз), елге дүрбелең орнатып, ел арасына бүлік салу - басты арманы екені белгілі. Исматулла расында аса білімдар, сондай беделді адам болса, неге ол жұмысын Қарасу сияқты мешіт ашып, жамиғатқа бөлініп атқарады? Өркениетті түрде, діни басқармаға келіп, ашық түрде уағыз айтып, ақиқат дінін насихаттаса, оған кім қой деді. Кешегі өткен Халифа Алтайдың өзі Құран Кәрімді қазақ тіліне аударып, еліне сауап іс жасап кетті емес пе? Ол да Түркия қазағы болатын. Мұртаза Бұлутай ағамыз Түркиядан келген дінтанушы, институтта сабақ береді. Исматулла да сондай өркениетті қадам жасаса, кім қашып, кім оның соңынан шам алып түсер еді? Егер сондай білгір діндар болса, қазақ халқына тек жаны ашыса, елін хақ дініне шақырғысы келсе, ашық түрде қоғаммен байланыс жасар еді ғой. Оның сектаға ұқсас жамиғат ұйымдары мен түрлі коттедждердегі зікірі күмән туғызбай қоймайтын іс екені даусыз. Оны қалай жақтағыларыңыз келсе де, мұнда бір шикілік барын, халық жақсы сезіп отыр. Оны ақтай алмайсыздар.
Мен Санжар Керімбаймен де, Бейбітпен де, Мәуленмен де, анау республикалық бірлестікті басқарған Еркінмен де жақсы таныс болғанмын, бірге жұмыс істегенмін. Бірақ солардың ішінде Санжарда ғана ақкөңілдік бар еді. Ал Анау Бейбітте, тіпті ескі танысым болса да айтайын, Мәуленде де, бір менмендік бар болатын. Тіпті, Исматулланы жақын көріп, танысқан жандардың өзі, мұрнын шүйіріп, өзін керемет санайтынын адам екенін айтқан болатын. Не болса да, Исматулла мақсатына жетті. Ел арасына жік салды ма? Салды! Енді міне, Мекемтас ағамыздан бастап, зікір салушылар мен сопылар және оған қарама-қарсы жақ болып, таласып отырмыз. Нағыз дін елді бірлікке үндеуші болуға тиіс, бүлдіруге емес! Ал, Исматулла арқылы келген мына әлекке, сіздер қанша жандарыңызды салып мақтасаңыздар да, көпшілік имандай ұйып, "ләппайлап" кете алмайды. Әбден халықты шатастырып біттіңіздер, исматулашы ағайын!