Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2372 0 пікір 23 Мамыр, 2011 сағат 05:35

Нұра Матай. Діни ағымдар ақыры агенттік құрғызып тынды

Соңғы бірер жылдың ішінде су бетіне қалқып шыққан қабықтай болып қоғамның назарына ерекше шалынып, екі адамның басы қосылса, бас тақырыпқа айналған діни мәселе ақыры Ақтөбедегі ҰҚК-нің бөлімшесіндегі жанкештінің жасаған жарылысына дейін шарықтады. Билік шырт ұйқысынан оянғандай «Не боп қалды, не боп қалды?», деп жан-жағына алақтай қарап, көзі алақандай болды. Әсілі, биліктің кінәсі жоқ. Ол қазақтың билігі болса, оның жайбасарлығын түсінуге болады. Сөйтіп, апта аяқталып, жұрт жұмысына қайтып келместей болып демалысқа шыққанда Мәдениет министрілігіне қарасты Діни істер жөніндегі комитеттің құзырын кеңейтіп, Діни істер агенттігін құру туралы Президенттің жарлығы шықты.

Президенттің жарлығында айтылғандай, су жаңа агенттік елдегі дінаралық татулық, азаматтардың діни құқығын және діни бірлестіктер арасындағы байланыс мәселелер мен жағдайға жауапты болмақ.

Әрине, комитетті агенттікке айналдыру тым кеш пе, я дер кезінде жасалды ма, оны уақыт көрсетеді. Алайда, ресми билікті мұндай шешімге Ақтаудағы түрмеден қашқандардан бастап, Ақтөбедегі жарылысқа дейінгі аралықтағы шиеленіске толы діни ағымдардың қауіпті іс-әрекеті итермелегені түсінікті. Дегенмен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдық ұйым болса да, биліктің ымымен жүретінін ескерсек, мүфияттың уахаб және сәләфи ағымдарын теріске шығарған пәтуасы мен хиджабқа байланысты ұлттық үлгідегі қыз-келіншектерге арналған киімдерге байқау жариялауының өзі биліктің діни мәселеге шындап кірісе бастағанын байқатса керек. Бұған «Хабар» арнасынан берілген «Ақиқат» фильмінін қосыңыз. Әлбетте, алып-қашты әңгіме көп. Бірақ соңғы нүктені таңбаланған ресми қағаздар шешетіні мәлім.

«Жамандық - жақсылықтың жемісі» деген сөзді бәрі біледі. Мұнымен айтпағымыз, біздің елде ереже мен нұсқаудың жолынан қия баспайтын құзіретті орындар жетерлік десе, ащы жымиыс тудырар еді. Мысалы, жұрт бұрын қаржы полициясы деген мекемеге «е,е,е» деп қарайтын. Қазіргі көзқарас күрт өзгерген. Ендігі жерде Діни істер агенттігі дегенде бесіктегі жылаған бала уанса, мемлекет болашағы жолындағы уайым азда болса, азаяр еді.

Агенттікке ақжол!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475