Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 7034 8 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 15:41

Орыссыз әлем концепциясын өмірге әкелетін уақыт туды

Жастар жылы көтерілетін әм өз шешімін табуға тиіс басты мәселенің бірі – Интернет тәрбиесінің қазанының қақпағын кімдер ұстауға тиістігін мемлекеттік деңгейде шешіп алу. Бұрынғы КСРО құрамындағы 15 республиканың 5 ғана яғни, Балтық бойы республикалары мен РФ және Украина интернет кеңістігін еркін меңгеріп отыр. Әзербайжан елі болса, "Түріктің шырмауындамыз" деп зар қағуда. Ресей интернеттік оқшаулану жолына түспекші. Енді қазақ қайтпек?! Біздің ойымызша, орыссыз әлем кино-теле мәдениетімен сусындаудың ұлттық концепциясын өмірге әкелетін уақыт туды.

Біздің барлық интернет кеңістігіміз өзге ұлт өкілдерінің қолында. Олар қазаққа қандай тәлім-тәрбие бермекші. Орыс тілді сайттарға үкімет тарапынан орасан зор қаржы бірде ашық, енді бірде жасырын беріліп жатыр. Қазақ тек ұлттық шеңбердегі ақпараттық-мәдени сайттарға ғана иелік етіп отыр. Онда да тендерден бөлінген болымшы қаржыға шүкір етуде.

Жастар мен балаларға арналған ұлттық тілімізде сайт жоқ емес бар. Бірақ... оларда әлемге танымал жастар мен балалар сериалдары, ғылыми-танымдық топтамалар жоқ. Себебі бірыңғай қазақ тілінде сериалдар мен кинолар көрсететін сайттар ашуға үкімет құлық танытпауда. Өздері орыс тілінде қаржыландырып отырған кино сайттардың ішіне бір-екі қазақша сериал мен кино енгізіп, жұрттың ауызын жаба қоюдың зәлімдігін жете меңгеріп алған.

Иә, жұрттың бәрінің кинотеатрларға баруға мүмкіндігі жоқ. Бірақ әлемдік тұсаукесерлерді субтирмен ана тілінде көруге мүмкіндік бар. Қазақ КСРО-ның  бұрынғы түркі тілдес ұлттарын соңына ерту үшін әлем кино-теле мәдениетімен сусындаудың ұлттық концепциясын өмірге әкелуі керек. Біздің ҚХР келген қандастарымыз қытай кино әлемін қазақ тілінде сөйлетіп, қытайшаланған жапон мен кәріс сериалдарын ана тілімізде жұртқа жеткізе алады. Жасыратыны жоқ қырғыз-қарақалпақ-башқұрт-ноғай бауырлар, қырым мен қазан татарлары және өзбектің, түркіменнің қыпшақ диалектісінде сөйлейтін топтары ВК-ден қазақ тілді тарихи және махаббат хикаяттарын көптеп көреді. Әрі оны ұсынушы жастарға өз тілдерінде рахметін жазып қалдырып отырады. Қазақша сериалдарды әлем бойынша 30-45 миллиондай жан көретін дәрежеге жетіп отыр.

Жапон мен қытай әм кәріс анимэлері жас ұрпақ тәрбиесіне өте керек, орыстардың аталған анимэлер діліне жат болған соң ТМД славян әлеміне ұсынбай отыр. Отау ТВ арқылы қазақ теледидарының көсегесі кеңігені сияқты,  Қазақ тілді жаһандық кино әлемі «Жастар жылы» аясында қалыптасуы керек. Әйтпесе славяндық тәлім-тәрбие жетегінде кетеміз. Орыста жоқ дүниені қазақша жасау, басқа ұлт өкілдерінің балаларын алаш дүниетанымының құшағына тартады.

Орыстардың интернеттік оқшаулануын өз бас пайдамызға шеше білу – ұлттық мұратымыз!

Қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, ноғай, қырым мен қазан татарлары және өзбектің, түркіменнің қыпшақ диалектісінде сөйлейтін топтары пайдаланып жүрген интернет қызметті ВК, ОК және KZ Ютубтағы тіл жанашары ағылшын, кәріс, түрік тілін білетін жастардың арқасында ана тіліміз ғаламторлық халықаралық тілге айналып отыр. Бұны – орыс тілді билік елегісі келмейді. Оларға идеологиялық тұрғыдан көңіл бөліп, қаржылық жақтан қолдауды «Жастар жылы» аясында жұрт болып талап етуге тиіспіз. Бұған атсалсып, жұрт көкейінде жүрген осы мәселені Парламенттегі депутаттар көтерсе, нұр үстіне нұр болар еді. Интернет халықаралық тілге айналдырған тіл амал не, өз елінде жетім баланың күйін кешуде. Ал, енді бұл – парадокс...

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318