Алматы әкімі «Болашақ» бағдарламасы түлектері қазақ тіліне дубляждаған «Дамбо» фильмінің көрсетілімінде болды
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары кезінде «Болашақ» бағдарламасы түлектері ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей дубляждаған 28-ші фильмінің премьера алдындағы көрсетілімінде болды.
Бауыржан Байбек өзінің сөзінде барлық болашақшылар атынан Елбасыға үздік көркем және аннимациялық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жөніндегі әлеуметтік бағдарламаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, сонымен қатар Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік саясатының өміршеңдігі мен үндестігін атап өтті.
«90-шы жылдардың аса күрделі кезеңінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша ерекше тұрғыдағы «Болашақ» білім бағдарламасының дайындығы басталып, жас қазақстандықтарға лайықты білім беруге, еліміздің пайдасы үшін үздік әлемдік практиканы игеру мүмкіндігіне қолжетті. Қазіргі кезде 12 мыңнан астам болашақшылар Отанымызға оралып, экономиканың әр саласында еліміздің келешегі жолында ерен еңбек етуде. Біз қашанда елімізге, халқымызға, Тұңғыш Президентімізге алғыс білдіреміз. Міне, сондықтан 2001 жылы алғашқы түлектер алған білімдерін, күш-жігерлерін, тәжірбелерін біріктіріп, еліміздің дамуы жолында әрі Елбасының өміршең бағытын одан әрі жалғастыру үшін «Болашақ» Ассоциациясын құрды», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Ол өзінің сөзінде 2011 жылы президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлектері балалар мен жастар арасында мемлекеттік тілдің кең құлаш жаюына, қазақ тілінде сапалы әрі бәсекеге қабілетті контенттің қалыптасуына ықпал еткендерін айтты.
«Біз алдымызға өзінің мемлекеттік тілін білетін, жақсы көретін және құрметтейтін ұрпақ тәрбелеуге көмектесуді мақсат етіп қойдық. Жұмысымызды алғаш бастаған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батасын берді. Дәл осы сахнада бұдан сегіз жыл бұрын Мемлекет басшысының құттықтау сөзі оқылды. Қазіргі кезде «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасы қазақ көрермендері, ірі қазақстандық бизнес өкілдері арасында кең қолдау тауып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына отбасылық және балалар контенті арқылы оң әсер етуде», - деді ол.
Айта кетерлігі, жалпы құны 5,8 млрд. АҚШ доллары болатын Disney, Sony Pictures, Marvel, Lucasfilms, BAZELEVS және EuropaCorp студияларының 28 әлемдік фильмдері жоғары технологияның арқасында дубляжданып, шынайы ұлттық өнімге айналды. Қазақ тілі 2 түрік тіліне, Sony Pictures 7 тіліне, WaltDisney 39 тіліне айналды, әлемде DVD, Blu-Ray бойынша естуге болатын 7-ші негізгі тілдердің қатарына қосылды.
Өз кезегінде, биылғы жылы Қазақстанның жас көрермендері қазақ тіліне дубляждалған тағы 5 фильмнің премьерасын көреді. Олардың арасында «Аладдин», «Ойыншықтар тарихы 4», «Король Арыстан» және «Мұз жүрек 2» фильмдері бар, ал 28 наурыздан бастап кинотеатрлар экрандарынан фэнтэзи стилінде режиссер Тим Бертон түсірген отбасылық «Дамбо» киносы көрсетіледі.
1941 жылғы танымал мультфильмнің фильм-ремейгінен қалқан құлақты кішкентай пілдің қызық оқиғаларға толы өмірін, түрлі әжуадан мезі болған соң ұшуды үйренгенін тамашалауға болады. «Дамбо» фильмін дубляждаған режиссер Назерке Лесбеккызы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Одан өзге дубляждау барысындағы жұмысқа 30-дан астам қазақстандық кәсіби артистер қатысты.
Abai.kz