Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6089 5 пікір 10 Сәуір, 2019 сағат 12:58

Балабақшадан бастап «ағылшын тілі!» деп жанығуымыз мүлдем теріс болып шығады

Мұхтарбай Өтелбаев:
«Бүгінде қазақ тілі, ағылшын тілі, технология дегенді көп айтамыз. Рас, әлемде технология қарыштап өсіп кетті. Мысалы, күні-түні байланыстағы мына қалта телефонымызды да қазақ тілінің мүддесіне қызмет еткізе білуіміз керек. Қазір ұялы телефонмен бірінші адам өз ана тілінде (араб – арабша, неміс – немісше, ағылшын – ағылшынша...) сөйлейді, ал нәтижесінде әрбір тыңдаушы (немесе қабыл алушы, әңгімелесуші) өзінің тілінде еркін қабылдай береді. Бұл - ұялы телефон бір тілден екінші тілге оп-оңай аудара алады деген сөз.

Жақын болашақта барлық халықтың адамымен солардың «тілінде» сөйлесе беретін боламыз. Яғни, смартфондағы (телефон т.б.) сөздік жанымызды қинамайды. Әлемде осындай технологиялық төңкеріс жүріп жатқанда, біздің балабақшадан бастап «ағылшын тілі!» деп жанығуымыз мүлдем теріс болып шығады.

«Алдымыздағы 15-20 жылда «тілмаш телефондар» ең жақсы аудармашыдан әлдеқайда сапалы аудара алатын болады» десем, күмәнданбаңыздар. Естеріңізге «шахмат ойнайтын программаны» түсірейін. Қазір компьютерден әлем чемпиондары да жеңіліп жүр. Ал кезінде «компьютер ешқашан чемпион адамды шахматтан жеңе алмайды» дейтін еді ақылгөйлер.

Біз қазақ тілін дамытуға, қазақ тілін терең білуге тырысуды қолдап - қолпаштауға тиіспіз. Мына заманда бір тілді терең біле түсу – аса қажет базалық дүние.

Шетелде оқып келген жап-жас білім саласы басшылары көзін жұмып алғандай білмей, ел басшылығын «үш тіл бізді ұшпаққа шығарады» деп алдаусырату – қай жағынан да қисынсыз, өнімісіз, болашағы жоқ бірдеңе (дұрыс емес нәрсені «идея» деу де күпірлік). Әйтеуір қазаққа тек Құдай көмектесіп жатады. Әлгідей ана тіліне еш зиян тигізбейтін, қайта оның қолтығынан демейтін технологияның Қазақстанға жететін күні де алыс емес.

Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер осы мәселеге шұғыл көңіл бөлгені дұрыс болар еді».

Бижомарт Қапалбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475