Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4644 5 пікір 16 Сәуір, 2019 сағат 14:01

Сыбызғы мен қобыз құлдық сананың құрбаны боп кетті

Еуропалықтардың психологиясы қызық. Бөтенді құндылық ретінде қабылдай алмайтын, өзгеге дұрыс баға бере алмайтын әдеті бар. Олар бізді тек өздері секілді болғанда барып ұғады. Өздері секілді өмір сүріп, солардың ұстанған өмір салтын біз де ұстанбай бізді түсінбейді, бөтенсінеді. Біз де бізді қабыл етсін деп соларға ұқсауға тырыстық.

Олар "сендердің аспаптарың біздің классикаларды ойнамаса екінші сорт аспап ретінде қараймыз" деді. Біз де комплекстен "ойбай, біздің де аспап классика ойнауға жарамды" деп домбыраны сабалай бердік. Нәтижеде домбыра дырылдақтары пайда болды. Аспаптарымызды да Еуропа музыка аспаптарына ұқсатып тыраштану - құлдық сана. "Дәстүрлі орындаушы" деген де шартты атау. Біздің "эстраданың" алға шығып, дәстүрлі орындаушылардың артта қалуының да себебі осы. Дәстүрлі музыкадан эстрадаға көшкендерінің астарында осы мәсее жатыр. Қобыз бен сыбызғы, үскірік, сазсырнайлар да "классика ойнауға қауқарсыз" деген желеумен дамымай қалған, екінші сорт аспап боп қалды.

Маңыздысы аспаптарымыздың классиканы ойнай алуы емес, олардың үні. Еуропаның өлшемдері бізге кретерий емес. Олардың үні біздің ұлттық кодтарымыздың дыбысқа, сазға айналған түрі. (Бір досымның "сазсырнайдың даусын естісем қазақтың кең даласы еске түседі" деуі сондықтан)

Ал, Еуропа ол аспаптарға тек экзотика, этно, фольклор деп қарайды. Бұл менсінбеушілік. Ұлттық аспап ұлттың үні ғой, ұлттың жаны ғой. Музыка саласында да құл психологиясы бар. Содан арылуымыз керек. Арылып та келеміз. Ұлттық консерваториямызға күйші ректор болды деп естідім. Жаңа құрылған күйшілер одағының да маңызы зор. Осы айтылғандар қызықтырса Ақселеу Сейдімбековтың "Күй шежіре" атты кітабын оқып алыңыз. Өзім елге барғанда қайта бір оқып шығам. Сау болыңыз!!!...

Роман Бұрқаштың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480