Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 11640 19 пікір 3 Мамыр, 2019 сағат 15:15

Тоқаевтың сөзінен соң, "ардагер" әкімдер ордендерін қайтара ма?

Қазақстан президентінің міндетін атқарушы, президенттікке үміткер ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісуға келген. Ел-жұртпен кездесіп, Талдықорғандағы Салтанат сарайында алқа-қотан жиын өткізген. Сол жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы осыған дейін итбай-шортбайлардың барлығына дерлік оңды-солды беріліп келген марапаттар туралы, онда да мемлекеттік марапаттар туралы сөз етіпті. Сол туралы жазбақпыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында министр, депутат, әкімдердің кеуделері түрлі наградаларға толатынын сынаған.

«Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Мен түсіне алмаймын. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзін естіп, бәрекелді дестік. Расында бүл күні мемлекеттік жоғарғы наградаларды тек әкім-қараның, шенді-шекпендінің кеуделерінен көретін болдық.

Бұл туралы «Abai.kz» ақпараттық порталында бірнеше мәрте жаздық та. Мысалы, портал бетінде жария болған «43 медалі бар Божколар «қандай соғысқа» қатысып жүр?» атты мақалада Мәжілістегі 107 депутаттың мемлекеттік марапаттары жіпке тізгендей жазылған еді. Кім қандай орден таққаны тайға таңба басқандай етіп көрсетілген...

Сенбесеңіз, міне қараңыз: Мәжілістегі 107 депутаттың (еркегі бар, әйелі бар) ішінде медалі жоқ, марапаты жоқ бірде-бір адам жоқ.

«Құрмет» ордені – 54 депутатқа беріліпті. Сенесіз бе, 54 депутатқа... «Парасат» орденін бақандай 18 депутат кеуделеріне тағып жүр. Тағы 24 депутат «Ерен  еңбегі үшін» деген медальмен марапатталған. «Барыс» ордені – 9,  «Достық» ордені – 7, «Даңқ» ордені – 3, «Айбын» ордені – 3, «Отан» ордені – 2 депутатта бар.

Ол аз десеңіз «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы – 2 депутатқа, «Еңбек сіңірген әртіс» атағы – 1 депутатқа, «Еңбек Ері» атағы – 1 депутатқа, «Халық Қаһарманы» деген атақ – 1 депутатқа берілген екен.

Жоғарыда Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдерді де тілге тиек етті. Осы орайда біз Қазақстандағы 14 облыс пен 3 мегаполистің әкімдерін «әшкерелеуді» жөн көрдік. Бұл 17 әкімде қандай атақ-марапат бар? Біле жүріңіздер...

«Құрмет» ордені 11 әкімге, «Парасат» ордені 10 әкімге, «Барыс» ордені 3 әкімге, «Ерен еңбегі үшін» медалі 3 әкімге берілген екен. Міне, қараңыз:

Ақмола облысының әкімі – Ермек Маржықпаев

Ермек Боранбайұлы 49 жаста. Ақмолада (бұрынғы Целиноград) туған. 2019 жылдың 19 наурызынан бері әкім болып қызмет етуде. Бұрын Зеренді ауданында, Аршалы ауданында, Көкшетауда әкім болған. Ол Ақмола облысының 12 әкімі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2004 жыл),

«Құрмет» ордені (2011 жыл).

5 медалі, 2 құрметті атағы бар.

Ақтөбе облысының әкімі – Оңдасын Оразалин

Оңдасын Сейілұлы 55 жаста. Ақтөбенің өз тумасы. Ағылшын тілі мұғалі, заңгер деген мамандықтардың иесі. Бұрын Президент әкімшілігінде біраз жыл жұмыс жасаған. Тіпті, ПӘ жетекшісінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген. 2019 жылдың 26 ақпанынан бері облыс әкімі болып тағайындалған. Оңдасын Сейілұлы Ақтөбе облысының 8 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2008 жыл).

Алматы облысы әкімі – Амандық Баталов

Картинки по запросу амандық баталов

Амандық Ғаббасұлы 66 жаста. Өзбек ССР-ның Нүкісінде туған. 1995 жылдан бері Жетісуда жүр. 2014 жылдың 20 тамызынан бері облыс басқарып келеді. Амандық Ғаббасұлы Алматы облысының 8 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2008 жыл),

«Парасат» ордені (2014 жыл).

2 медаль, 2 құрметті атағы бар.

Атырау облысы әкімі – Нұрлан Ноғаев

Картинки по запросу нұрлан ноғаев

Нұрлан Асқарұлы 51 жаста. Ақтөбенің Мұғалжарында туған. Ақтөбе, Мәскеу, Алматы қалаларында біраз жыл жұмыс жасаған. Батыс Қазақстанда әкім болды. 2016 жылдың 26 наурызынан бері облыс басшылығында. Ол Атырау облысының 8 әкімі.

Марапаттары:

«Парасат» ордені (2016 жыл).

Шығыс Қазақстан облысының әкімі – Даниал Ахметов

Похожее изображение

Даниал Кенжетайұлы 64 жаста. Ол Павлодардың тумасы. Павлодар облысының, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. ҚР премьер-министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін де атқарды. 2014 жылдың 11 қарашасында облыс әкімдігіне тағайындалған. Даниал Кенжетайұлы ШҚО-ның 11 әкімі.

Марапаттары:

«Знак Почета» ордені (1986 жыл),

«Барыс» ордені 3 дәреже (1999 жыл),

«Барыс» ордені 2 дәреже (2004 жыл),

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2012 жыл),

«Отан» ордені (2017 жыл).

Бұдан бөлек 6 мерекелік медалі бар.

Батыс Қазақстан облысының әкімі – Алтай Көлгінов

Похожее изображение

Алтай Сейдірұлы 41 жаста. Президент әкімшілігінде жұмыс жасады. Оралда әкім болды. 2016 жылдың 26 наурызында облыс әкімі болып тағайындалған. Ол БҚО-ның 7 әкімі.

Марапаттары:

«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 жыл),

«Астанаға 20 жыл» мерекелік медалі (2018 жыл).

Жамбыл облысының әкімі – Асқар Мырзахметов

Картинки по запросу Асқар Мырзахметов

Асқар Исабекұлы 56 жаста. Шымкентте туған. Премьер-министрдің кеңесшісі болды. Ауылшаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.  Ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалды. Кейін Өзбекстандағы елшікті басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысында әкім болды. Онан соң «Нұр Отан» партиясының басшылығына барды. Ол жерден де босатылып, ақыры бұрын өзі басқарған Ауылшаруашылығы министрі лауазымына қайта оралды. Ал 2018 жылдың 10 қаңтарында облыс әкімі болып тағайындалды. Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының 8 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2010 жыл),

«Достық» ордені (Ресей. 2013 жыл).

Қарағанды облысының әкімі – Ерлан Қошанов

Похожее изображение

Ерлан Жақанұлы 56 жаста. Жезқазғанның тумасы. Премьер-министрдің канцеляриін 3 мәрте басқарған. 2 мәрте орынбасар болған. Транспорт және коммуникация министрлігінде вице-министр болған. 2017 жылдың 14 наурызында облыс әкімі болып тағайындалды. Ол Қарағанды облысының 9 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2007 жыл),

«Парасат» ордені (2013 жыл).

Қостанай облысының әкімі – Архимед Мұхамбетов

Картинки по запросу Архимед Мұхамбетов

Архимед Бекежанұлы 46 жаста. Ақтөбенің тумасы. Ақтөбеде қала, сосын облыс басқарған. 2015 жылдың 11 қыркүйегінде облыс әкімі болып тағайындалды. Ол Қостанай облысының 7 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2014 жыл).

Қызылорда облысының әкімі – Қырымбек Көшербаев

Картинки по запросу Қырымбек Көшербаев

 

Қырымбек Елеуұлы 63 жаста. Қызылорданың Қазалысында туған. 1991 жылы Президент аппаратында референт болды. Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі де болып көрді. Министрлер кабинетінде бөлім басқарды. Үкіметтің құрамында болды. Бір жылдары президенттің баспасөзін басқарды. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі қызметтерін де атқарды. Ресейде, Арменияда және Финляндияда елші болып та көрді. Маңғыстауда облыс басқарды. Президенттің кеңесшісі болды. Тіпті премьердің орынбасары да болды. 2013 жылдың 17 қаңтарында облыс басшылығына келген. Көшербаев Қызылорда облысының 7 әкімі.

Марапаттары:

«Парасат» ордені (2003 жыл),

«Достық» ордені (Ресей. 2006 жыл),

«Астрахань облысының» ордені (2008 жыл),

«Барыс» ордені 2 дәреже (2009 жыл),

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2015 жыл).

Бұдан бөлек 5 мерекелік медалі бар.

Маңғыстау облысының әкімі – Ералы Тоғжанов

Картинки по запросу Ералы Тоғжанов

Ералы Лұқпанұлы 55 жаста. Оралдың тумасы. Институтта, университетте сабақ берген. Декан болған. Қарағандыда облыс басшысының орынбасары болды. Әділет министрлігінде комитет басқарды. Ассамблеяға да барып көрді. Қазір Маңғыстау облысының 10 әкімі. 2017 жылдың 14 наурызында тағайындалған.

Марапаттары:

«Достық» ордені 2 дәреже,

«Парасат» ордені (2018 жыл).

Бұдан бөлек 3 мерекелік меделі бар.

Павлодар облысының әкімі – Болат Бакауов

Картинки по запросу Булат Бакауов

Болат Жұмабекұлы 47 жаста. Павлодардың өз тумасы. Заңгер, экономист. Қашырда, Ақсуда, Павлодарда әкім болған. 2016 жылдың 25 наурызында облыс әкімі болып тағайындалған. Ол Павлодар облысының 9 әкімі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2002 жыл),

«Құрмет» ордені (2015 жыл).

Бұдан бөлек 3 мерекелік медалі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Құмар Ақсақалов

Картинки по запросу Құмар Ақсақалов

Құмар Іргебайұлы 53 жаста. Қостанайда туған. Меңдіқарада, Бейімбетте (бұрынғы Таранда) әкім, Жамбыл облысында әкімнің орынбасары болған. Президент әкімшілігінде де қызмет жасады. 2017 жылдың 14 наурызында облыс әкімі болып тағайындалған.Ол СҚО-ның 9 әкімі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» медальі (2005 жыл),

«Құрмет» ордені (2011 жыл),

«Парасат» ордені (2018 жыл).

Бұдан бөлек 3 мерекелік медалі бар.

Түркістан облысының әкімі – Өмірзақ Шөкеев

Картинки по запросу Өмірзақ Шөкеев

Өмірзақ Естайұлы 55 жаста. Түркістанның өз тумасы. Мәскеу көрген. Президент әкімшілігінде әр жылдары консультант, бөлім меңгерушісі, ПӘ жетекшісінің орынбасары болды. Үкіметте де біраз қызметтер атқарды. Соның ішінде Экономика, экономика және сауда, ауылшаруашылығы министрлері міндеттерін атқарды. 5 мәрте премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған. «Самрұқ-Қазынада» басшы болды.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Астана қаласында әкім болды. 2019 жылдың 26 ақпанында Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Түркістанның 2 әкімі.

Марапаттары:

«Парасат» ордені (2000 жыл),

«Барыс» ордені 3 дәреже (2012 жыл),

«Достық» ордені (Белоруссия. 2015 жыл).

Бұдан бөлек бірнеше мерекелік және шетелдік медалдері бар. Оған қоса Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының құрметті азаматы деген атағы бар.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі – Бақыт Сұлтанов

Картинки по запросу Бақыт Сұлтанов

Бақыт Тұрлыханұлы 47 жаста. Алматыда туған. Физматтың түлегі. Қаржы министрлігінде қызмет жолын бастаған. Экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы вице-министрі болды. Статистика агенттігін басқарды. Президенттің кеңесшісі болды. Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі қызметін атқарды. 2018 жылдың 11 қыркүйегінде қала басшысы болып тағайындалды. Ол Елорданың 9 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2006 жыл),

«Парасат» ордені (2012 жыл).

Бұден бөлек 5 мерекелік медалі бар. ҚР президентінен де, премьер-министрінен де алғыс хат алған.

Алматы қаласының әкімі – Бауыржан Байбек

Картинки по запросу Бауыржан Байбек

Бауыржан Қыдырғалиұлы 45 жаста. Алматыда туған. 2 жоғары білімі бар. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген. К.Байсейітова атындағы музыкалық мектептің түлегі. Құрманғазы консерваториясына оқуға түскен. «Болашақпен» Германияға барды. Гете институтында неміс тілі мамандығын тәмамдады. Кейін Любекте музыкалық білім алды. Германияда елшілікте қызмет етті. Кейін Президент әкімшілігіне референт болып ауысты. Президенттің шеф-протоколы болды. Сосын ПӘ жетекшісінің орынбасары атанды. Партия басшылығында болды.  2015 жылдың 9 тамызында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған. Ол Алматы қаласының 6 әкімі.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені (2008 жыл),

«Парасат» ордені (2014 жыл).

Бұдан бөлек 2 мерекелік медалі бар.

Шымкент қаласының әкімі – Ғабидолла Әбдірахманов

Картинки по запросу Ғабидолла Әбдірахманов

Ғабидолла Рахматоллаұлы 44 жаста. Мемлекеттік қызмет агенттігінде кеңесші, орынбасар, кейін төраға болған. Премьер-министрдің кеңесін басқарды. ПӘ-де орынбасар қызметін атқарды. Бас партияның төраға орынбасары болып көрді.  2018 жылдың 20 маусымымен бері қала басшылығында.

Марапаттары:

«Құрмет» ордені,

«Парасат» ордені.

Түйін. Расында жыл аяқталып, желтоқсан туысымен біздің әкімдер Ақорда жаққа телміріп, темір-терсек дәметуді дағдыға айналдырып алған ба дерсің... Әйтпесе, жоғарыдағы жасы бар, кәрісі бар, 17 әкімнің ішінде орден-медалі жоқ бірде-бір әкімді таппадық...

Барлығында дерлік «Құрмет», барлығында дерлік «Парасат»... Ал енді сол «Құрметті» таққан әкімдердің0 қаншасы құрметті, қаншасы парасатты? «Парасатты» таққан әкім парасатты боп кетеді дегенге сіз сенесіз бе? «Құрмет» орденін тақты екен деп, халық ешкімді құрметтеп кетпейді!

Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі сөзінен кейін біздің «ардагер» әкімдер ордендерін қайтарып беруге міндетті! Қырық жыл ұстаз болған адам алмаған «Құрметті» бүгін әкім, ертең кім екені белгісіз адамдардың алуы қаншалық әділетті?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364