Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
46 - сөз 4132 2 пікір 15 Мамыр, 2019 сағат 14:35

Гүл қою - кеңестен қалған пайдасы жоқ дәстүр

Жеңіс күні тірі жанға жылда келеді. Жылда Мәңгілік алауларға гүл шоқтары қойылады. Оны жергілікті әкімдіктер ұйымдастырады. Мекемелердің тізімі жасалады. Қай топтан кейін қай топ гүл қоятыны анықталып, кезекке тұрады. Алдыңғы топ - әкімдер, сосын ардагерлер, кәсіподақ, күштік құрылымдар, ассамблея түрлі басқармалар... соңынан барып - жалпы xалық. Процессия. Елден қалса, ұят. Бір гүл қою - міндетке айналып кеткен тағзым.

Ең қызығы кешке басталады. Қала тазалығына жауапты қызмет үйілген гүлді жапырағы кеппей жатып қоқыс көліктеріне басады. Сонымен тағзым БІТТІ.

Осы жағдай жылда қайталанады. Кеңестен қалған дәстүр. Я аруақтарды разы етпейтін, я адамдарға пайдасы жоқ дәстүр.

Одан да деймін да, көзі тірі ардагерлерге (санаулы қалды) шот ашып, ақша жинап, марқұм болғандардың басын тазалап, құран бағыштаса дұрыс болар ма еді деп ойлайсың.

Білмеймін, еске алудың, тағзым етудің жарыса гүл қойып, топтық инстинктке айналған парызды өтеуден басқа да мың түрлі тиімді жолы бар сияқты көрінеді де тұрады.

Сурет интернеттен алынды. Қазақстан қалаларының бірінде болған жағдай. Барлық қалаларда да шамамен осылай тазалайды.

Шыңғыс Мұқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір