Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2312 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 18:26

Қайырболат НҰРБАЕВ. Қазіргі павлодарға көне атауы қайтарылуы керек

Кереку атауы қазақтардың ежелгі дәстүрі бойынша, елді мекендерге тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қойылған көне атаулардың бірі болып есептеледі. Атаудың түп төркіні Қимақ дәуірінен (IX-X ғ.ғ.) бастау алуы мүмкін. Қимақ қағандығының орталығы Ертістің Кереку өңірінде болғаны және бірқатар ірі-ірі қалалар - сауда орталықтарының да осы орта Ертістің бойында орналасқаны тарихтан белгілі.

Тарихи жазбаларда Ертістің Кереку өңірінің ескі атаулары көрсетілген: «1722, авг. 4 - 1724, дек. 20 - из журнала кап. Ив. Унковского о пребывании его у джунгарского хунтайджи Цэван-Рабтана. Месяц авг. 1722 года... Прошли урочище Скородум яр и Коряков яр. Проехали устье Беловодья (қазіргі Ақсу - Қ.Н.). Прошли Красной яр, Верблюжий яр, Толоконные горы. Дошли до Ямышевской крепости. Месяц сент. 1722 года... Проехали Черный яр (Қаражар: қазіргі Черноярка - Қ.Н.). Прошли другой Черной яр... Прошли Вохреной яр... Проехали Каменной яр...».

Кереку атауы қазақтардың ежелгі дәстүрі бойынша, елді мекендерге тарихи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қойылған көне атаулардың бірі болып есептеледі. Атаудың түп төркіні Қимақ дәуірінен (IX-X ғ.ғ.) бастау алуы мүмкін. Қимақ қағандығының орталығы Ертістің Кереку өңірінде болғаны және бірқатар ірі-ірі қалалар - сауда орталықтарының да осы орта Ертістің бойында орналасқаны тарихтан белгілі.

Тарихи жазбаларда Ертістің Кереку өңірінің ескі атаулары көрсетілген: «1722, авг. 4 - 1724, дек. 20 - из журнала кап. Ив. Унковского о пребывании его у джунгарского хунтайджи Цэван-Рабтана. Месяц авг. 1722 года... Прошли урочище Скородум яр и Коряков яр. Проехали устье Беловодья (қазіргі Ақсу - Қ.Н.). Прошли Красной яр, Верблюжий яр, Толоконные горы. Дошли до Ямышевской крепости. Месяц сент. 1722 года... Проехали Черный яр (Қаражар: қазіргі Черноярка - Қ.Н.). Прошли другой Черной яр... Прошли Вохреной яр... Проехали Каменной яр...».

Орыс әскерінің капитаны Унковский Коряков орналасқан алқапты сол форпостың атауымен емес, қыстаулардың (урочище) атымен атаған. Бұл құнды мәліметтерден 1720 жылы Коряков әскери бекеті салынардан бұрын қазіргі Павлодар қаласының орнында қазақтардың Керегежар (көне түркіше Керекужар) аталатын қыстауы болғаны, оны орыстар «Коряков Яр» деп, орысша бұрмалап айтқаны және жаңадан салынған форпосты (әскери бекет) солай атағаны байқалады. Осы аталым біршама уақыт құжаттық айналымда жүрген, тек кейін «Яр» тіркесі алынып тасталып, Коряков Яр - Коряковскийге айналған. Сол кезеңде Ертістің оң жағалауында «жар» тіркесімен аяқталатын Қызылжар (қазіргі Ертіс кентінің маңында), Қаражар (қазіргі Чернояр) тәрізді өзге де елді мекендер болған.

Ал түбірі «керегеден» тұратын географиялық атаулар осы жерлерде де, басқа өңірлерде де  қолданылған, мәселен Керегетас деген өзен де, тау да бар, қыстаулар да болған. Көкшетау сыртқы округінде (сыртқы округтер Орта Жүзде 1822 жылдан кейін құрыла бастады) Керегетас өзені болғанын деректерден байқай аламыз: «Летние кочевки по речкам... Керегетас». Аягөз сыртқы округінде Керегетас таулары болған: «Зимние (кочевки - Қ.Н.) - при горах Керегетас». Баянауыл, Аягөз, Қарқаралы округтерінде Керегетас атты қыстаулар болған: «Летние кочевки - с речки Чидерты до Саза; зимние - урочище Керегеташ, в 70 верстах от приказа (Баянаулского - Қ.Н.) ... Зимние - при урочище Керейге-таш, в 150 верстах от приказа».

Алайда, танымал зерттеуші В.Н. Попованың  қандай да бір анықталған, шүбасыз дерекке сүйенбей-ақ, қазақтар Құрманкөл, Құрмантұз деп атаған Коряков көлі мен сол көлдің маңындағы ауыл атаулары таралық (Тара қаласының тумасы) саудагер, тұз өндіруші  Н. Коряковтың атынан туындаған  деп жазуы атаудың этнонимі жөнінде қате түсініктің орнығуына негіз салды. Оның үстіне, В. Попованың орыстардың әлгі көлден тұз өндіруі 1700 жылы басталған деп жазғаны да шындықпен сәйкеспейді.

Тарихи мәліметтерге жүгінсек, Құрманкөлде (орыстарша: Коряков көлі) тұз өндірілуі XVIII ғасырдың ортасынан ғана басталған: «...Разрабатываться оно (Коряковское соляное озеро - Қ.Н.) стало с половины XVIII столетия... Коряковская соль считается одной из лучших в Сибири...».

Демек, іргетасы 1720 жылы қаланған Коряков форпосты Құрманкөлден тұз өндіріпті-міс делінетін Н. Коряковтың есімімен аталуы қисынға келмейді. Және бір ескеретін жайт: В. Попованың, т.б. жазғанындай, егер  жергілікті қазақтар Коряков форпостын «Кереку» деп қазақшаласа, Коряков көлінің маңындағы ауылды да неге дәл солай қазақшаламаған? Әлі де оны өз атымен, - Коряковка деп атайды.

В. Попованың жазғанын жоққа шығаратын тағы бір тарихи құжат бар: 1750 жылы, 21 желтоқсанда патша үкіметінің «О заготовлении соли в сибирские магазины из Коряковского и пр. озер служилыми казаками» атты жарлығы шықты, сол кезде Тобольск қаласында тұз өндірісін бақылайтын арнайы комиссариат құрылып, Коряков форпосты ресми түрде тұз тасымалдайтын бекет ретінде танылды.

Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев XVIII ғасырда Н. Коряков деген орыс кәсіпкері Тара қаласында мүлде тұрмағанын анықтады.

Егер, шынында, Н. Коряков деген адам Құрманкөлде тұз өндірсе, XVIII ғасырдың ортасында ғана келіп өндірді. Ал оның 1720 жылдан бастап Коряков форпостында тұруы мүмкін емес, тіпті бұл өлкеге 1747-1750 жылдардан бұрын келуі де мүмкін емес, өйткені, бұны тарихи деректер айғақтайды.

Біріншіден, 1716 жылдан бастап Ертістің оң  жағалауындағы біздің өлкемізде Ресейдің әскери бекіністері салынғаннан кейін ғана алғаш рет орыстар (әскери казактар) пайда болды: «Однако в течение всего XVIII столетия стремлению русских продвинуться вверх по Иртышу, к югу от города Тары не суждено было осуществиться, хотя такие попытки делались царским правительством неоднократно». Бұл деректі Сібір казактары тарихын зерттеуші Г.Е. Катанаев та құптайды: «Намеченное было еще при царе Михаиле Феодоровиче постепенное занятие русскими острожками и передовыми отрядами мест, лежащих по Иртышу южнее г. Тары при устьях реки Оми, пришлось отложить до более благоприятного времени, ограничившись лишь ежегодными соляными экспедициями вверх по Иртышу до нынешнего г. Павлодара...».

Екіншіден, әскери емес тұрғындар Коряковқа 1838 жылы станица мәртебесі берілгеннен кейін ғана қоныстана бастады: «Сюда же после упразднения Ямышевской крепости в 1838 году были переведены все воинские части, Коряковский форпост переименовали в Коряковскую станицу, которая вскоре стала центром меновой торговли».

Үшіншіден, XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы соғыс жағдайы орыс кәсіпкерлеріне тұз өндірісімен айналысуға мүмкіндік бермейтін еді. Тек екінші қазақ-жоңғар соғысы (1739-1741 ж.ж.) қазақтардың жеңілісімен аяқталған соң орыстар олардың келісімімен Құрманкөл тұзын өндіруге кіріскен. Ол кезде Ресейде тұз тауар ретінде өте жоғары бағаланды: «В то далекое время государственное жалование выдавалось не только деньгами, но и в натуральной форме: хлебом, овсом, солью. Особенно высоко ценилась соль, - так, высокооплачиваемые казачьи атаманы получали по три пуда соли в год, в Ямышевском же озере садилась наилучшая, очень чистая поваренная соль», - деп жазады омбылық өлкетанушы Д.Н. Фиалков.

Дегенмен, өлкеміздің XVIII ғасырдан бұрынғы тарихына үңілсек, XVII ғасырдан бастап Сібір казактарының Ямыш көліне келіп, кетіп жүріп тұз өндіргеніне көзіміз жетеді. Мәселен, Д.Н. Фиалков былай жазған: «Уже в 1610 году Тобольское воеводство закрепило за собой право добывать соль в степных озёрах юга Западной Сибири с целью снабжения ею всей северной Сибири, а в 1613 году был заложен Ямышевский пост для добычи и отправки соли в Сибирь».

Бірақ бұл кезде орыс казактары Ямыш көліне жылына бір рет қана келе алды, өйткені Ертістің арғы жағындағы және Ямыш көлінен оңтүстікке қарай жерлерді жоңғарлар қоныстанып алған болатын. «Ямышевский пост... с одной стороны ограждался берегом Иртыша, а с трех сторон был защищен искусственными укреплениями, на которых были выставлены пушки... Стояли временные палатки... Работы велись под постоянной охраной, так как на левом берегу Иртыша находились калмыки», - деп жазады Д.Н. Фиалков.

XVII ғасырдың соңында Ямыш көлінің жағасында өтетін жәрменкеде орыстармен сауда жасаған қалмақтар, татарлар, бұхарлықтар да бұл жерлерде тұрақты тұрмаған, өйткені жоңғарлардан қауіп төнген: «Важное значение имела Ямышевская ярмарка, проходившая ежегодно во время успенского поста в течение 2-х или 3-х недель».

Сөзімізді тұжырымдасақ, Павлодардың көне аты  - Кереку күні бүгінге дейін халықтың жадында сақталса да, бұл өлкенің топонимикасында сақталмаған, себебі патша үкіметі заманында және Кеңес үкіметі кезеңінде қазақ атауларын тарих беттерінен өшіріп тастауға әрекет жасалған. Зерттеуші М. Мырзахметовтың айтуынша, қазақ жерінің орыстандырылуы патша өкіметі тұсында 3 кезеңге бөлінген: 1). 1731-1822 жылдар; 2). 1822-1867 жылдар; 3). 1867-1917 жылдар.

Қазіргі Павлодар облысындағы бірқатар ауылдардың тарихи атаулары XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында, Павлодар уезіне жаппай қоныс аударған орыс шаруалары қоныстанған соң өзгертіліп, Михайловский, Троицкий, Благовещенский, Тихомировский, Новоспасский, Федоровский, Ивановский, Воскресенский, Благодатный, Покровский, Вознесенский, Духовницкий сияқты жаңа орысша атаулар пайда болған.

Кеңес үкіметі кезеңінде де қалалар, елді мекендер мен көшелердің аттарын өзгерту науқаны жаппай жүргізілді. Мәселен, Н. Хрущев билеген жылдары Қазақстан компартиясының Павлодар облыстық бюросы өзінің Орталық комитетке жолдаған хатында қаланың атын Хрущевоградқа өзгертуді ұсынған-ды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары, дәлірек айтсақ, 1954-1964 жылдары Тың өлкесіне қарайтын бес облыста 200-ден астам ауылдық және аудандық кеңестердің атаулары орысшаға өзгертілді.

Алайда, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде де Павлодар, Петропавл сияқты қала атауларынан арыла алмауымыз - отаршылдық дәуірінің ықпалынан толық құтылмағанымыздың көрінісі. Отаршыл патшаның баласы Павелдің құрметіне қойылған Павлодар қаласының аты өзгертілмейінше, өзімізді егемен елдің азаматтары ретінде сезінуіміз қиын.

Енді мәселе қала атауының өзгертілуі жөнінде емес, оның бұрынғы атауының қайтарылуы жөнінде көтерілуге тиіс. Облыстың орталығына байырғы Кереку атауы қайтарылуы керек, тек оның байырғы нұсқасы Керегежар, көне түркішесі Керекужар екені ескеріліп, әрі бұл атаудың Петропавлдың байырғы аты Қызылжарға ұқсастығы да қаперге алына отырып, Кереку атауына тарихи «жар» деген тіркес қосылып берілгені дұрыс деп санаймыз.

 

 

Павлодар қаласы.

Қайырболат НҰРБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы.

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №23 (263), 18-маусым, 2009 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608