Алаш жұртына тағы да ашық хат
Қазақты қорлау, намысына тию, балағаттау былайғы жұрт үшін үйреншікті іске айналып барады. Қазақтың ұлттық намысына тиіп, жүйкесіне ши жүгіртетіндер Заңды белден басып жүре беретін болды. Сот та, құқық қорғаушылар да оларға шаң жуытпайды, қызғыштай қориды. Мұндай мәселелер елімізде мыңдап кездеседі. Соның тек біреуіне тоқталайық.
Бұл мәселе осыдан екі-үш жыл бұрын басталған еді. Екі кәсіпкер: Тағабергенова мен Живилевтің тартысы жұртшылыққа «Заң газетінде» шыққан «Живилевтің жебеушісі кім немесе көкпарға түскен қаулы» деген мақала арқылы таныс болды. Мақала «Абай.кз» ақпараттық порталында тақырыбы «Живилев деген жегіқұрт кім?» деп өзгертіліп, қысқартылып шыққан соң қатты талқыланып, оқырманның ашу-ызасын тудырған. Ал ашу-ызаға ерік берген Живилевтің аузынан шыққан мына бір сөз еді: «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю». Алайда, «Абай.кз» ақпараттық порталына өтініш жасаған Живилев қарсы мақала жазып өзінің ондай сөз айтпағанына сендіріп бақты. Біз де бұл дауды одан әрі өршітпей, тоқтаттық.

Біз оқиғаның қаржылық-кәсіпкерлік жағына сараптама жасаудан аулақпыз. Оны әділдікпен анықтау тиісті мекемелердің құзырында. Сандуғаш Тағабергенова дау-дамайдан әбден шаршағанын, базар әкімшілігінің өзін рухани- моральдық тұрғыдан әбден қорлап біткенін айтады. Ол «Глория» базарының әкімгері Гүлнәр Жарқымбаеваның үстінен сотқа шағым түсіріп өзін балағаттағаны үшін жазаға тартуын сұрағанымен, сот оны ақтап шықты.
Мәселенің мәнін толық түсіндіру үшін Г.Жарқымбаеваның аузынан шыққан әлгі сөздерді астарламай берйік: «хуй тебе», «ебет тебя». Бұл сөздерді біреуден естісеңіз қорланар ма едіңіз? Сандуғаш та қорланған. Қорланып сотқа шағымданған. Ал сот бұл сөздер адамның ар намысына тиетін-тимейтінін анықтауды сарапшыға тапсырады. Сарапшы К.Есілбаева бұл сөздер адамның намысына тиетін сөздер емес, бұл дөрекі түрде бас тарту деп қорытынды шығарған.
Хуй тебе (ему, ей, вам, им) - употр. в качестве грубого решительного отказа.
Ебет тебя - ебет что кого - волнует, беспокоит (бұл сөзді Г.Жарқымбаева судья М.Шолпанқұловтың көзінше сот процесінде айтқан, судья оған еш шара қолданбаған, ол жайлы хаттамада жазылған).
Сарапшының айтуынша, бұл деген ауызекі тілдегі қарапайым сөздер ғана екен. Демек, осы сөздерді кез келген уақытта айта беруге болады екен ғой? Бұндай сөзді айтқан адаммен қалай сөйлесер едік? Әрине, тек заң жүзінде. Бірақ заң ондайларды жазаламайды екен.
Қазақтың таным-түсінігінде ондай сөздерді есту үлкен қорлық болып саналады. Бірақ өзі де әйел заты бола тұра сарапшы оны мүлде ескермеген сияқты! Сарапшы мәселенің толық байыбына бармай, дауласқан екі тараптың арасындағы моральдық ахуалды білместен тек берілген сөздерге лингвистикалық талдау жасаумен шектелген. Заң мұндай сөздерді ұсақ бұзақылық деп санап әкімшілік жаза ғана белгілейді, бұл жерде тіпті ол да жоқ.
Н.Живилев пен Г.Жарқымбаева секілді қазақты адам деп санамайтындар көбейіп келеді. Өздерінің жазасыз кете беретінін білген соң олар еш именбестен ауыздарына келгенін айтуда. Егер «Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю» деп айтқан адам жазаланған болса, бюджеттің қаржысына шығып отырған газет бүкіл ұлтты қорлап «БОМЖ» демес еді.
Алаш жұрты, бізді осылай қорлай беруге жол беріп қарап отырғанымыз жарамас. Бұған ел болып үн қосып, шара қолдануын биліктен талап етуіміз керек.
Бүгінге дейін бүкіл ұлтты қорлаған кәсіпкер Николай Живилев («Вы, казахи все ниже моего пояса. Я вас всех куплю»), «Степной маяк» газетінің редакторы Сергей Кибасов (Жилье бомжа казаха - юрта), Скат авиакомпаниясының бортындағы «Lets go» - «Поехали» журналының авторы Артем Русакович («Уральск русский город, волею судеб оказавшися в Казахстане. История Уральска тесно связана с Россией, а с Казахстаном почти ни как») үшеуі халық алдында кешірім сұрап, заң алдында жауап беруі тиіс.
Ашық хатты қолдау үшін толық аты-жөндеріңіз мен электронды адрестеріңізді жазып қалдыруға болады. Бұған дейін бұл мәселелерді билік бірнеше басылымның ғана көтеріп жүрген дау-дамайы деп есептеп келсе керек. Бұл тек журналистердің ғана емес, бүкіл ұлттың жанын күйдіріп, ар-намысын аяққа таптап отырғанын билікке жеткізуіміз керек.
«Абай-ақпарат»