Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4890 4 пікір 21 Маусым, 2019 сағат 14:10

Мәдениет министрі кинотеатрлардағы қазақша контентті көбейтсін!

Су жаңа мәдениет министрінің кешелі бері талқылап жатқан тақырыбына қосылмайын. Шындап келгенде бұл министрді алаңдатқан басты мәселе емес, "белгісіз біреулердің" жасанды түрде жұрттың назарын аударту үшін жасалған дүние деп ойлаймын. Бірақ ұсыныс айтайын рұқсат болса.

Құрметті, Ақтоты Райымқұлова, кинотеатрларда қазақша контентті жылына 5-6 рет қана көрсетеді. Кинотеатрларда 12 жасқа дейінгі аудитория үшін қазақша дубляжды, прайм тайм уақытты міндеттеуге болар еді.

Бірақ сіздер әзірлесіп биыл қабылданған "Кинематография туралы" заңдарыңызға рақмет. "Болашақ" КҚ дубляждаған (мемлекеттің бір тиыны жұмсалмай) "Ойыншықтар хикаясы" анимациялық фильмі кеше астанада 89 рет көрсетілді. Қазақша болады деген 6 сеанс мүлдем көрсетілмеді. Енді бүгін астанада осы анимациялық фильмнің 86 сеансы болады. Оның 14-і ғана қазақша. Қазақшасын мүлдем көрсетпей отырған кинотеатрлар бар! (Мәселен, Евразия Cinema7).

Алматы қаласында бүгін 218 сеанс бар, оның 14-і қазақ тілінде. Қазақ тілінің қамын дәл осы жерде жеп, дәл осы мәселеде қорғасаңыз, абыройыңыз алдыңғы әріптесіңізден гөрі биігірек болар еді. 

Белла Орынбетованың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394