Шәріпхан Қайсар. «Пестибәлит ету» жалғасуда
Астананың он үш жылдығы жылдағыдан гөрі бәсеңдеу секілді. Елдің басты селт еткізері - «Стиң» есімді жүгірмек келмей қойып, қуыршақ байларымыздың бала-шағасы баратын кәнсерт болмай қалды, қалғанын олар менсінбейді. Ал, қара табан бұқара қазақ сықақшыларының «Базар жоғын», «Алдараспанын», әнші Розасын тамашалауда.
Дегенмен де, тойға (мереке деуге елдік ауқымы жоқ) бөлінген қыруар ақшаны жұмсаудың жақсы форматы жүзеге асуда, ол - пестибәлит ету: Бекмамбет Тимурдың «әкшін пилмдер пестибәлі», «түркі ән-күйінің пестибәлі», «цирк пестибәлі»... кете береді.
Байқамай қалып, «Астана арқау» деген түркітектілер бас қосқан алқаға тап болдық. Ресейден келген этноөнер зерттеушілері ауыздары көпіріп, түркі ән-күйін талдап жатыр екен. Оларға түркі байғұстар да өз айтарларын қосқан болады, әңгіме тек қана орыс тілінде. Қытайдан келген қазақтар да қызынып, өз пікірлерін қазақша қосып еді, тілмәш болмай шықты да, арадан әлдекім шыға келіп аудармашы бола салды. Сөйтіп, түркілер өз өнерін өгей тілде саралап, өзара орыс тілінде шұрқырасып жатты...
Пестибәлдің аты қазаққа, заты өзгеге бұйырған екен, баяғы қызыл уақыттың қызығы еске түсті...
«Абай-ақпарат»