Гүлім Аманат. Оян, Қазақфильм!
«Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне». Біз, қазақ киносы енді ғана аяққа тұрып, дамып келеді деп бөркімізді аспанға лақтырып жүргенде... Алашапанды ағайындыларымыз қазақ киносы «Біздің арқамызда дамып келеді» деп мәз-мәйрам болуда. Оған себеп те жоқ емес. Аталмыш себеп - кейбір кинолардың аты қазақ болғанымен заты өзбектікі. Тіпті, режиссерлері де сол өзбектің өздері. Сондықтан болар, көршi елдiң киносын өз киномызбен тіпті, салыстырудан қорқасың.
«Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне». Біз, қазақ киносы енді ғана аяққа тұрып, дамып келеді деп бөркімізді аспанға лақтырып жүргенде... Алашапанды ағайындыларымыз қазақ киносы «Біздің арқамызда дамып келеді» деп мәз-мәйрам болуда. Оған себеп те жоқ емес. Аталмыш себеп - кейбір кинолардың аты қазақ болғанымен заты өзбектікі. Тіпті, режиссерлері де сол өзбектің өздері. Сондықтан болар, көршi елдiң киносын өз киномызбен тіпті, салыстырудан қорқасың.
Оңтүстік Қазақстан облысының жергiлiктi тұрғындары өзбек мәдениетiн кәдімгідей құрметтейдi. Олар ала-тақиялы ағайындардың жұрт аузына iлiккен өнерпаздарының (актер, әртістерiнiң) қай-қайсысын да түстеп танып, жүзін шырамытып, қай кинода, қандай рөльде ойнағанына дейiн майын тамызып әңгiмелеп отырады. Гульчехра Эшонкулова, Убайдулла Омон, Улугбек Кадыров, Шахзодалар олардың сүйікті актерлері, бүгінгі таңда. Онымен қоса, Шымқаланың қалталы қазақтары қыз ұзатып, келiн түсiрсе, тойға Ташкенттен әртiс, киноактерлер шақыруды да ұмытпайды, естен шығармайды. Мәселен, Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова, Шахзода сындылар қазақ пен өзбек арасындағы көпірдей. Бір күні анда, бір күні мұнда жүретін Атхамбек Юлдашев сияқты әншілерді сенбі-жексенбіде қаланың мейрамханаларынан оңай табасыз. Ал, бір ғана Шахзоданың қара базардағы тойға шығу құны 6000 АҚШ доллары болса, қалған әртістердің қанша тұратыны айтпай-ақ түсінікті шығар, шамасы. Үнемі тойларында өзбек әшуләсі (өлең) сайрап тұрса, жергілікті қазақтардың тілі шұбаланбай нетсін?!Оларда айып бар ма?! Ауызекi сөйлеу үрдiстерiнде өзбек ырғағы (интонациясы) басым екенi де жасырын емес. Көз де, құлақ та үйреніп кеткелі қашан!!! Бұған себеп, тұрғындардың «Өзбекфильм» киностудиясы шығарған үлкендi-кiшiлi фильмдер мен концерттерге әуестігі. «Әуес» деген бергi жақтағы сөз, алда-жалда өзбек киносы басталса, iшкен асын жерге қояды.
Өзбектің қандай да бір жаңа туындысы шыға қалса, оны да Оңтүстіктің халқынан артық білетін өзбек жоқ шығар?! Сатылады екен. Сатылмақ түгiлi кез келген жерде қаптап тұр. Арзан. Он-он екi кино жазылған бiр дискi 4500-5000 өзбек сумының төңiрегiнде. Қазақ теңгесіне шаққанда айналасы 450-500 теңге. Мәселен, «Фатима мен Зухра», «Ойын», «Сүйiнiш», «Супер келинчак» «Бақыт үшiн миллион», «Егiздер», «Жалғыз», «Жұлдызсыз аспан» және Атхамбек Юлдашевтың «Ана» секiлдi кинолары хитке айналған. Қанша кино болғанымен сценарийлері бір-біріне ұқсас. Десек те, ешкiмдi жалықтырмайды, тiптi тартымды дерлiктей дүниелер.Сенбесеңіз көріңіз... Ақиқатын айтсақ, адам санасына кiтапқа қарағанда мәдениет пен өнер музыка, кино арқылы тiкелей, жедел әсер ететiнi рас. Бар назарын өзбек киносына аударған адамдардан бір ауыз өзбек фильмі жайында сұрай қалсаңыз, олар: «Тәрбиелік мәні өте зор. Ашық-шашық немесе сүйіс-күйістері жоқ жақсы фильмдер» деп жауап береді. Ал, қазақ фильмдерін сұрасаңыз, кезінде талай қазақтың сынына ұшыраған, сұмырайына айналған «Келiн», «Қайрат чемпион» дегеннен «Құдай сақтасын» дейтіні тағы бар. Ол - шындық. Бірақ, өз көрерменіне жол таппаған мұндай фильмдерге ресейлiктер «өте жоғары бағалар» берiп, еуропалықтар қомақты қаржылай «сыйлықтар» ұсынғаны да жасырын емес. Ішің жылайды. Қандай қасақана оймен, жылы күлкі мен мадақ арқылы жүргізіп отырған сайқал саясатының бергі жағын әркім де түсінетін шығар.... Дегенмен, мен солай ойлаймын...
Өзбек ағайындардың шығарып жатқан киноларында ұлттық салт-дәстүрге, тiлге, дiнге, отансүйгiштiкке, мәдениетке, өнерге деген құрмет өте асқақ. Олардың фильмдерi осындай қасиеттерiмен-ақ тартымды әрi қызық. Бүгiнгi таңда, Қазақстан мен Орталық Азия елдерiндегi және Ресейдiң базарларында сатылатын дискiлердiң едәуiр бөлiгiне сұраныс болғандықтан әрине, оларды өзбек фильмдерi құрайтыны шындық. Сондай-ақ Өзбекфильм Ресейден, Америкадан актерлар шақырып, олармен бiрлесiп кино жасаған емес. Керiсiнше, өзбек киноактерлерiн орыстардың өздерi шақырып, киноларына түсiрiп жатыр. Бұл да көп нәрсенi аңғартса керек. Өз басым қазақтың менталитетiне жақын өзбектiң жаңадан шыққан киноларын базардан iздей бастаймын...Осы аптаның соңында барахолкаға бару керек еді... Қолжетімді, әрі мағыналы, одан артық не керек?!
www.mtdi.kz сайты