Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2384 0 пікір 11 Шілде, 2011 сағат 11:29

Ермек Сахариев. Билік. Ислам және демократия

Бұл жайлы əркімнің пікірі əрқалай. Біреулер: "Қолыңда билік болса, ар-ожданның қажеті шамалы. Билік - басқаны өз еркіңе бағындырып, айтқаныңды істететінқұрал",- десе, енді біреулер: "Билік - бетперде ғана, оның арғы жағында жеке бастық мүддені қорғау тұр. Əйтпесе, билік тұтқасына қолдарын жеткізгендер одан тез айырылуға неге көнгісі келмейді?"- деген уəж айтады. Осы билік жайлы ойды мемлекетке қарата айтар болсақ, меніңше, мемлекеттік билік - қоғамдық меншіктерді ханталапайға салып бөлу кезінде өз үлесін қамтып қалу мен өзіне табыс əкеліп отырған пайда көздерінің өнім шығаруын қамтамасыз етуге қызмет ететін қуатты күш дер едім.

Бұл жайлы əркімнің пікірі əрқалай. Біреулер: "Қолыңда билік болса, ар-ожданның қажеті шамалы. Билік - басқаны өз еркіңе бағындырып, айтқаныңды істететінқұрал",- десе, енді біреулер: "Билік - бетперде ғана, оның арғы жағында жеке бастық мүддені қорғау тұр. Əйтпесе, билік тұтқасына қолдарын жеткізгендер одан тез айырылуға неге көнгісі келмейді?"- деген уəж айтады. Осы билік жайлы ойды мемлекетке қарата айтар болсақ, меніңше, мемлекеттік билік - қоғамдық меншіктерді ханталапайға салып бөлу кезінде өз үлесін қамтып қалу мен өзіне табыс əкеліп отырған пайда көздерінің өнім шығаруын қамтамасыз етуге қызмет ететін қуатты күш дер едім.

Соған бір мысал. Айталық, егер зауыт жұмысшысы кәсіпорын қоймасынан не соның территориясынан әлдебір затты қымқырып кетсе, оны "сенің ұятың қайда кеткен?" деп жерден алып, жерге салып сынап-мінеп болады. Бірақ, дәл осындай айыптау сөз зауыт директорына қаратып айтылмайды. Шындығына келсек, өндірілген өнімді сатудан түскен табыс пайдасының азын-аулақ пайызын ғана төлеу арқылы жұмысшы еңбегінің барлық нәтижесін өзіне иемденіп кеткен директордың ұрлығының ауқымы жұмысшынікінен анағұрлым қомақты да салмақты болары анық. Тура мағынасында билік - бір таптың екінші тапты жеңуінің жемісі. Басқалар сияқты, мен де әлдебір баршаға ортақ әмбебап "жалпыадамзаттық" ар-ождан дегенге сене бермеймін. Әдетте "ар-ождан" таптық ынтымақтастық мағынасында түсіндіріледі. Бұл қағида бойынша өмір сүретіндер ең алдымен өзіне, сосын өзіне жақындарға көмек көрсетуі тиіс. Бір-бірімен парапар таптар арасында орын алатын кез келген дау-дамайда жазылмаған заң ережесі сақталуы тиіс, олай болмаған жағдайда тап ретіндегі оның іргетасы шайқалатын болады. Кезінде бұл туралы атақты революционер Троцкий: "Ар-ождан - шиеленісті жағдайды жұмсарту, оны сенің табыңның өмір сүру негізіне зиян келмейтіндей тәсілмен шешу қажет",- деп, өте жақсы пікір айтқан болатын.

Соңғы кездері БАҚ беттерінде еуразиялық модельге көшу туралы көп айтылып жүр. Еуразиялық идея кешелі-бүгін емес, сонау зиялылар ойының ұлттық-империялық ағымын жеңіске жеткен сталинизм жобасымен келісімге келтіруге жасалған талпыныс ретінде сталинизмнің оңшыл нұсқасы түрінде пайда

болған болатын. Сталинизмге оның еш қажеті болмағандықтан, еуразиялық идея бара-бара өзектілігін жоғалтса, ол туралы өткен ғасырдың 90-ы жылдары қайта сөз қозғала бастады. Ол сол кездегі билік жүргізген ресми үгіт-насихатқа қарсы қоятын нағыз балама идея қызметін атқарған еді. Биліктің ресми үгіт-насихаты: "Батыс, капитализм мен демократия - жақсы, біз соның бір бөлшегі болуымыз керек",- десе, жаңа еуразиялықтар бұған мүлде қарама-қарсы: "Шығыс, социализм және империя - біздің мәңгілік құндылықтарымыз, міне, осылар",- дегенді ұран қылып көтерді. Бұл үндеу өздігінен әрекет ете алмайтын, бірақ, саясатқа енжар қарамайтын жастарды өзіне тартып, олар үшін оппозициялық көзқарастың бір формасы қызметін атқарды. Бірақ, 2000 жылдары қоғамдық меншіктің бәрі талан-таражға ұшырап, пышақ үстінен үлестірілген мал-мүлік қолдарына тигеннен кейін оны қорғау қажеттігі туындаған шақта билік басқаша сайрай бастады. Еуразиялық қазіргі таңда корпорация-мемлекетке өзін-өзі идeологиялық тұрғыдан ақтаудың бір құралы ретінде қажет болып отыр. Радикалдық жастарға бұл қызықты болмағаннан кейін, олардың біразы скинхедтер қатарын толтырса, енді біреулері антифашистік ұйымдарға мүше болды иә басқа дінге өтті. Ақиқатын айтсақ, еуразиялықтардың идеясы қазіргі күні Қытайда іске асырылған. Бірақ, онда қолында табысты меншік түрлері бар шенеуніктер ғана өмір сүре алады. Осы тұрғыдан алғанда, белгілі  "Ультра. Культура" басылымының редакторы, журналист Алексей Цветковтың билікке қатысты ой-тұжырымдары айрықша назар аударарлық. Ол: "Менің түсінігімде, Исламнан өткен әділ дін жоқ. Бәріміз білетіндей, Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз алғашқы джамаатты, мемлекеттік ұстанымға қарама-қарсы Мәдине уммасын құрды. Тұрақты армияның орнына - жалпыхалықтық дінге сенушілікті, салық жүйесінің орнына барша үшін біркелкі төлем - зекетті, бюрократияның орнына - Пайғамбар мен Құранға абсолютті сенім артуды кіргізді. Бұл - сол кез үшін нағыз демократия әрі рухани көшбасшы болды. Сол себепті, шүленсіп "бақытты өмірді" таратуға құқық берілген дінбасылар мен төтенше діни өкілдер болмады, сондай-ақ, қарапайым адамдар мен діндарларды бір-бірінен бөле-жара қараушылыққа жол берілмеді. Саяси исламда осынау тарихи үлгі қайта-қайта жаңғыра береді, әсіресе, бұрынғы демократиядан көңілдері қалып, мемлекет өміріне тікелей араласуға құқық беретіндей жаңа демократия түрін ойлап табуға құштарлық артып тұрған қазіргі кезде. Қандай жолмен болса да баюды қарастыратын капитализмнен исламның басты артықшылығы - банктердің несиелерді үстеме қайтарым пайызынсыз беретіндігі. Капитализмге қарсы қоятын болсақ, «Исламды» әділеттілікті жақтаушы, наразылық діні деуге болады. Бұл жағынан ол қазір "офистік ұлттар" мен миллиардтарға шомылған алтын империализм билігіне айқын тілмен наразылық білдірген үшінші әлемнің қарсылық мінбері болып отыр. Мұсылман әлемі элитасыз қоғамға ұмтылады. Бұл тек саяси ғана емес, экономикалық демократияға да жол ашып, қоғамдағы барлық нәрсеге қолжетімділікті баянды етеді. Ал, ислам әлемінен қорқушылықтың, яғни исламофобияның барлық жасырын түрлерінің бәрі - айналып келгенде өткен ғасырдағы жиіркенішті қоғам элитасының ортақ көңіл-күйін білдірген антисемитизмнен еш айырмасы жоқ секемденушілік демеске амал жоқ. Ал мұндай көңіл күйдің орын алуы билік жүргізген саясатқа тікелей байланысты болатынына бірқатар араб елдеріндегі, соның ішінде қазіргі күні де байырқаламай отырған Ливиядағы қанды оқиғалар дәлел бола алады. Ливиядағы азамат соғысы мен оған көрші елдердегі төңкерістік өзгерістердің себебі - жоғарыға бастайтын әлеуметтік баспалдақтың жоқтығы-тын. Аталған елдерде ресми идeология қандай болса да, бәрін тұйықталған элита шеңберін құрайтын бірнеше жолы болғыш кландар жасырын түрде шешіп, бөліп отырды. Бұл жағдай ондаған жылдарға созылғанмен, төңкеріс енді ғана болды. Неге, бар гәп сонда. Өйткені, елдегі онсыз да қиын жағдайға экономикалық фактор, атап айтқанда, өмір сүруге аса қажетті азық-түлік бағаларының қымбаттап кетуі ықпал етті. Халық болашаққа сенімдерінің жоқтығына амалсыз көнсе де, тұрмыстық жағынан әл-ауқаттарының күрт төмендеп, аса құлдырап кетуіне шыдай алмады. Шырықты ең алдымен еуропалық әділеттілік стандартына көңілі толмайтын жастар бұзды. Әлгі елдердің көпшілігінде күні кешеге дейін саяси демократияның жоқтығы бірқатар экономикалық теңгерушілікпен алмастырылып келген-ді. Мысыр мен Тунистегі, Ливия мен Сириядағы, т.б. араб елдеріндегі билік жергілікті халықты адам төзгісіз кедейшілікте ұстап келсе, дағдарыс осы мүмкіншіліктен де күдер үздірген кезде, ашынған жұрт билікке қарсы көтеріліп, оған тарпа бас салды. Мәселен, Мысыр өткен ғасырдың 90-ы жылдарында орын алған банк дағдарысынан кейін социализмнің ең ақырғы элементтерінен бас тартқан болатын. Сол кезден бастап байлар мен кедейлердің ара жігі жай болса да тұрақты түрде өсе берді де, мұның арты әлеуметтік төңкеріске әкеліп соқты. Қазіргі таңдағы араб мәселесін шешу - бүкіләлемдік экономика жүйесін қайта қалпына келтірудің кілті: өйткені, араб әлеміндегі бейберекетсіздік мұнай бағасын өте жоғары деңгейге көтеруі мүмкін, ол кезде ешқандай "дағдарыстан шығу" жайлы ойлау болмайды, есесіне жаңа құлдырау орын алады",- дейді. Мұндай жағдай барлық Орталық Азия республикаларында, соның ішінде Қазақстанда да орын алуы әбден мүмкін. Оған қазіргі күнгі тұрмыстық және азық-түлік және коммуналдық қызмет көрсету түрлеріне төленетін ақылар көлемінің күрт өсіп бара жатқандығы түрткі болуы ғажап емес.

«Қазақстан-заман» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223