Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2121 0 пікір 14 Шілде, 2011 сағат 05:13

Жүкел Хамайұлы. Күн кестесі (жалғасы)

ІІІ.

Абайдың «Сегізаяқ» деп атағаны секілді - біздің «ырғақ» деп  атап отырған бұл атауымызды «өлеңырғақ» деп атаса да болар ма екен?!. Өйткені, Батыс әдебиетіндегі қалыптасқан атау - ырғақтан гөрі «аяқ алыс, аяқ тебіс, аяқ басыс» дегендерге көбірек жақын келеді. Қазақтың ауызекі тілінде «ырғақ» - қос сөз болып та, жеке атау болып та қалыптасқан. Абай Батыс әдебиетінен алған білімінен кейін, «Сегізаяқты» сынап көру ретінде, болса өлеңсөздің осындай ырғақты түрлерін қазақ әдебиетіне қалыптырса деген оймен жазуы да мүмкін (Мүмкін емес, тіптен солай. Оған Шәкәрімнің өлеңырғағы да дәлел бола алады. Ж.Х).

ІІІ.

Абайдың «Сегізаяқ» деп атағаны секілді - біздің «ырғақ» деп  атап отырған бұл атауымызды «өлеңырғақ» деп атаса да болар ма екен?!. Өйткені, Батыс әдебиетіндегі қалыптасқан атау - ырғақтан гөрі «аяқ алыс, аяқ тебіс, аяқ басыс» дегендерге көбірек жақын келеді. Қазақтың ауызекі тілінде «ырғақ» - қос сөз болып та, жеке атау болып та қалыптасқан. Абай Батыс әдебиетінен алған білімінен кейін, «Сегізаяқты» сынап көру ретінде, болса өлеңсөздің осындай ырғақты түрлерін қазақ әдебиетіне қалыптырса деген оймен жазуы да мүмкін (Мүмкін емес, тіптен солай. Оған Шәкәрімнің өлеңырғағы да дәлел бола алады. Ж.Х).

Мысалы: Абайдың «Сегізаяқ» өлеңіндегі «ал-ыс-тан» деп, үш созылыңқы «- - -» ырғақтан құралған үлгіні орысша «молос», ағылшын, латынша «molossus» деп атайды. Мұның сыртында: үш қысқа «--» ырғақтан құралғанды әуелгі грекше «tridrahica» деген атауының негізінде ағылшынша «tridrash», орысша «трибрахий» деп, «брах»-«қысқа» деген мағынада атап, созылынқы ырғақ пен қысқа ырғақтың қосындысын «krit»-«крит» деп әуелгі пайда болған жері - Крите аралының атымен атап жүр. Орыстар мұны «кретик» деп атауы - орыс тілінің мәдениеті мен тарихының дамуына қатысты латынша «ereticus» деп, ағылшынша «eretic» деп атаудан қалыптасқан болса керек[8]. Бір созылыңқы ырғақпен басталып, екі қысқа ырғақпен жалғасып, соңында бір созылыңқы ырғақпен аяқталатын «-ﮮﮮ өлеңді орыс тілінде «хориямб», ағылшын тілдерінде «choriamdus» деген сияқты түрлі-түрлі атаулармен атап, дәстүрлік әдебиет пен жаңашыл әдебиеттің үлгілерін зерттеп жүр. Біздің қазақтың өлеңсөзінде де осылардан көп болмаса, кем түспес талай бір атаулар қалыптасқан болар еді, Қазан төңкерісінен кейін (әсіресе, Сталиннің зобалаңынан соң)  біздің әдебиетіміз орыс әдебиетінің үлгісімен біржақты дамыды да, батыстан гөрі тарихы тереңге бойлайтын шығыс әдебиетінің үлгісінен қол үзіп қалдық. Орысшаға аударылған аудармалардан, зерттеулерден оқыған дүниелеріміз аздық ететіні, көп жағдайда біздің шығыстық үлгіге сәйкеспейтіні де белгілі. Ежелгі араб әдебиеті түгілі, Қазан төңкерісіне дейінгі жазылған қазақ әдебиеті, Қазан төңкерісінен кейінгі төте және латын қаріпінде жазылған, қазірге дейін мұрағаттар мен мұражайларда жатқан асыл мұраларды түп нұсқасынан оқи алатындарымыз да шамалы (бұл - бөлек тақырыптың әңгімесі, сөз орайы келіп қалғандықтан, кейіннен жазылар дүниеміздің жұртын белгілеп отырмыз! Ж.Х.).

Енді жоғарыда айтылған мысалға қазақтың күй өнеріндегі алуан түрлі ырғақты, сөзсіз дыбыс пен үндерді қосыңыз - қаншалықты мол мұра, мол қазына біздің көкейге қонуға дайын тұрғанын аңдауға болады. Жұмекен солардан қолы жеткенінің барлығын оқып, үйренген, танысқан, сол арқылы өзіндік соны жолын тапқан ақын. Оқымай, сауатсыз ақын болу, оқып сауатты ақын болудың  айырмасын ерте түсінген. Мол сауаты арқылы жалаң еліктеуден де ерте құтылған. Өлеңсөздің өзіндік - Жұмекендік жаңа бір ырғағын қалыптастырған. Бір тақырыпта мыңдаған өлең жазуға болады. Бір ырғақпен екі өлең жазылса, екіншісі олпиып-солпиып, артық болғандығы көрініп-ақ тұрады. Күй де - сол іспетті. Құрманғазының «Саржайлауын» екі қайталай жазуға келмейді. Бәрібір - «Саржайлаудан» алынғаны білініп қалады. Біздің бұл тарауға мысал еткен Жұмекеннің «Топырақ» деп аталатын толғауы да - ішкі ырғағы шыңына жеткен, қайталанбас туынды. Ал кәне, осы толғаудың соңғы түйінін оқып көрейік.

«Бұйырмас» та, «жазмыш» та - кәрі ұғым,

Қалай ата - бірібір ғой бәрібір.

Қай жерде адам, ырыс таптың, құт құрап,

Қай жерде, адам, маңдайына бітті бақ,

Қай жердің де өз тағдыры бар шығар,

топырағыңа біткен тағдыр - мықтырақ.

Тауыпты әкем бауырында бір үрпектің,

Әкемнің де тілегін қарт тілепті бір текті.

Ол туғанда кім білген:

Қай қабақтың топырағы бұрқ етті?!

Болмады, рас, қоныс іздеу ықылас,

Өз көрінен қашпағаны да ып-ырас

Қызыл вагон - қызыл, қызыл от - тізбек

Жанып кетті деседі ғой түндерде

Шұбыра ұшқан оқ құсап.

Түбі қайтып оралар-ау деп біз де,

Күттік, күттік - өтті, бітті қан майдан.

Кім біледі, майдан да емес,

Әкем сонау шалғайдан

Бір бұрқ еткен топырағын кетті іздеп?!».

(Жалғасы бар)

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543