Ермұхамет Ертісбаев Елшілік қызметінен босатылды
Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген жарлықта.
Ермұхамет Ертісбаевтың орнына Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып сенатор Асқар Бейсенбаев тағайындалды.
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев әр жылдары Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері ҚР Президентінің кеңесшісі болған.
Abai.kz