Сенбі, 23 Қараша 2024
7282 18 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 12:01

Гомбрихтің «Өнер тарихы» қазақ тіліне 3 ай аударылды – Байтұрсын Өмірбеков

Қазақстандық өнертанушылар неміс және ағылшын өнертанушысы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» еңбегін қазақ тіліне аударды. Аудармашылардың бірі және ғылыми редакторы Қазақстанның еңбең сіңірген қайраткері, өнертанушы Байтұрсын Өмірбеков еңбектің құндылығы туралы айтып берді.

Рухани жаңғыруКітап неміс және ағылшын өнертанушысы Эрнст Гомбрих деген өте танымал автордың еңбегі. Ол 1954 жылдары жазылған кітап. Бірақ содан бері қарай кітаптың дүниежүзіндегі таралымы 8 млн данаға дейін жеткен. 16 рет басылып, әлемнің 30 тіліне аударылған. Орыс тіліне осыдан 3 жыл бұрын аударылған, енді міне қазақ тіліне аударылып отыр. Мен осы кітапты аудармашыларының бірімін және ғылыми редакторымын.

Кітап мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, «Гуманитарлық білім – 100 оқулық» бағдарламасы аясында қолға алынып, аударылған. Өнертанушы мазмұны бай еңбек болғандықтан дүниежүзіндегі таралымы үлкен деп отыр.

Кітап өнер тарихы туралы болғандықтан, өте бір ерекше дүниелері көп. Сондықтан таралымы, басылымы көп. Біріншіден, кітап қарапайым, халыққа түсінікті тілмен жазылған. Өнердің керемет терминдерінің анықтылығымен халыққа жеткізуімен, тілінің жаттықтығымен ерекшеленген. Және бұрынғы өнертанушылардың кітаптары сияқты емес, жас өспірімдерге арналып, өнердің тылсым қасиетін жастарға түсінікті болуын мақсат тұтқан кітап. Автор соны орындаған. Сондықтан кітаптың мәні зор болғандықтан қазақ тіліне аудару қолға алынған. «Гуманитарлық білім – 100 оқулық» бағдарламасы бойынша мемлекеттік дәрежеде ескерілген еңбек болып саналады. Сондықтан кітаптың мәні ерекше. Белле өнерінің тарихы бұрын бізге тек ресейлік, орыс тілінде басылған кітаптар арқылы, орыс өнертанушыларының көзқарасынан және кеңестік саяси дәуірдегі социалистік реализм негізінен ғана айтылатын дүниелер арқылы ғана білетінбіз. Айтылатын суретшілердің шығармалары батысқа, Америкаға, сол сияқты капиталистік дүниелер деген ұғым арқылы шектеу қойылатын дүниелер болды.

Профессордың айтуынша, еңбектің қазақ өнертанушыларына септігі зор болмақ.

Бізге – қазақ оқырмандарына, қазақ өнертанушыларына кітаптың ерекшелігі зор. Осының барлығын ескере отырып, негізгі мақсат – еркін пайымдау, еркін өнердің қыр-сырына тоқталу т.б. барлығын қазақтілді оқырманға жеткізу. Қазақ тілінде өнертану болды, кітаптар жазылды. Олардың ең бір беделді авторларының бірі – Болат Кесікбайұлы Байжігітов. Сол сияқты бірталай авторлардың қазақ тілінде қазақ өнері, біздің дүниетанымымыз бен қолданбалы өнеріміз арқылы қазақтың ұлттың өнері жайлы айтылады. Ал енді дүниежүзі өнерімен салыстырып айтылатын сүбелі еңбек жоқ. Сондық осы кітап осы кемшіліктің орнын толтыратынына күмәнім жоқ.

Автор оқыған кезеңде мұсылман өнері туралы жазылған еңбектер аз болған. Ал Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихында» иллюстрациямен бірге, шығарманың тарихи кезеңі мен оған себеп болған фактор, мұсылман, шығыс өнері туралы жазылған.

Кітап 28 тараудан тұрады. 680 бетке жақын. Әрбір айтылған шығарманың иллюстрациясы көрсетілген. Сонымен қатар, кітаптағы керемет нәрсе – әр шығарманың қандай мемлекеттен екенімен қоса, авторлардың еңбегіне сол кездегі мемлекеттің саяси-әлеуметтік жағдай себеп болғаны қатар қарастырылған. Яғни, шығарма мазмұнына әсер еткен факторды айта кететін бірден-бір оқулық. Бұл жерде бейнелеу өнері болғанда, кескіндеме, мүсін, сәулет өнерінің ерекшеліктерімен солардың шығармаларына жауап беріледі. Сонымен қатар, жалпы бейнелеу өнерінің дамуына діннің әсері, әсіресе, христиан дінінің әсері туралы толығырақ айтылған. Көп жерде араб өнері айтылмайтын. Мысалы, бізден өнертануда оқығанда мұсылман өнері деген жоқтың қасы еді және шығыс өнері туралы мағлұматтар аз еді. Ал бұл кітапта мұсылман өнері жайлы мағлұматтар берілген. Бұл да – осы кітаптың ерекшелігі мен пайдасының көрінісі деп ойлаймын.

Еңбекті аударуға 3 ай уақыт кеткен. Ал редакциялап, толық аяқтауға 4-5 ай  уақытты алған.

Кітапты аударуға шектеулі уақыт берді. 3 айда бітірдік. Бірақ оның артында редакциялау, түзету дегендей болды. Осылайша 4-5 айда толық аяқтадық. Кітапта автордың өзі «өнертану терминдерін көп қолдана бердім, өйткені жас оқушыларға арналған еңбек болғандықтан, кітап нақтылы, дәлелді, пайымдаулары түсінікті болу керек» дейді. Сондықтан біз де терминдерді қазақ тілінде түсіндіріп айтып, мәнін барынша жеңіл жеткізуге тырыстық. Орыс, ағылшын тілдеріндегі нұсқасын салыстыра отырып, редакторлар түсінбейтін, келмей қалған жерлерін нақтылады. Осындай еңбектің арқасында аударма өзінің ғылыми құндылығын жоймайды деп сенемін.

Эрнст Гомбрих. Өнер тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2019 жыл. – 680 бет.

Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» – оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек.

Рахиля Бекназарқызы
Дереккөзі: baq.kz
Abai.kz
18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517