Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4197 0 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 16:02

Қызылордалық құрылысшылар құрметке бөленді

Сыр өңірінде құрылыс саласының 75 жылдығына орай мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Құрылысшылар күніне арналған салтанатты кешке Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Өңірдегі құрылыс саласындағы толайым табыстарды тілге тиек еткен өңір басшысы:

– Жыл басынан бері 4 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді (Жастарға қызмет көрсету орталығы, Ғ.Мұратбаев атындағы стадионы қайта жаңғыртылды, Арал ауданы Шижаға, Шиелідегі Тартоғай ауылдарындағы 150 орындық клуб). Сонымен қатар, облыс аумағында 23 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың 10-ы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Тек, соңғы алты жылда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2,5 есеге артып отыр (2013 жылы 270,0 мың ш.м., 2018 жылы 700,0 мың ш.м). Осы уақыт аралығында Қызылорда қаласының өзінде жаңа 10 мөлтек аудан, 5 тұрғын үй кешені, 361 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық (7709) адам жаңа баспанамен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облыс көлемінде барлық қаржыландыру көздерінен 1862 пәтерді құрайтын 43 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған, - деп атап өтті.

Сондай-ақ, шара барысында өңірдің үздік құрылысшыларына кәсіби мерекелері қарсаңында құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар кеште «Құрылысы қарышты Қызылорда» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұдан әрі шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 835
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2201
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 559
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 539