Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2218 0 пікір 19 Шілде, 2011 сағат 08:49

Интернет-конференция: Жангелді Шымшықов (басы)

 

Кедендік одақ. Қоғамның күдігін сейілтпей тұрған күрделі мәселеге қатысты ел ішінің наразылығы және осы одақтың түбі Тәуелсіздікке төнер қауіпке апармай ма деген үлкен сұрақтар күн тәртібінен түспей тұр.

Конференциямыздың кезекті қонағы, білікті экономист Жангелді Шымшықов бүтін елдің басын қатырған кедендік одақ жөніндегі оқырмандар сауалына жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

- Жангелді мырза, кедендік одақтан шығуға болады ма? Ол жағы үш жақты келісім барысында қаралаған ба?

- Кедендік Одақтан да, кез келген халықаралық бірлескен ұйымдардан да әлбетте шығуға әбден болады. Кірер есік болса, шығар есік те болуға тиісті ғой. «Көпжақты сауда жүйесі шеңберіндегі Кедендік одақтың қызмет етуі туралы Келісім» деген үш мемлекет: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикаларының Минск қаласында 2011 жылдың 19 мамырнда түпнұсқасы қана орыс тілінде (!) жасалып, Кедендік одақтың Комиссиясында сақталуға тиісті құжаттың 5-бабында 2007 жылғы 6-қазандағы Кедендік Одақтың одан шығу мен қосылудың келісімдік-құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған Хаттамамен анықталады деп көрсетілген.

- Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры ретінде айтыңызшы, шілденің бірінен бастап елдің әлеуметтік тұрмысында нендей өзгерістер бар?

 

Кедендік одақ. Қоғамның күдігін сейілтпей тұрған күрделі мәселеге қатысты ел ішінің наразылығы және осы одақтың түбі Тәуелсіздікке төнер қауіпке апармай ма деген үлкен сұрақтар күн тәртібінен түспей тұр.

Конференциямыздың кезекті қонағы, білікті экономист Жангелді Шымшықов бүтін елдің басын қатырған кедендік одақ жөніндегі оқырмандар сауалына жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

- Жангелді мырза, кедендік одақтан шығуға болады ма? Ол жағы үш жақты келісім барысында қаралаған ба?

- Кедендік Одақтан да, кез келген халықаралық бірлескен ұйымдардан да әлбетте шығуға әбден болады. Кірер есік болса, шығар есік те болуға тиісті ғой. «Көпжақты сауда жүйесі шеңберіндегі Кедендік одақтың қызмет етуі туралы Келісім» деген үш мемлекет: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикаларының Минск қаласында 2011 жылдың 19 мамырнда түпнұсқасы қана орыс тілінде (!) жасалып, Кедендік одақтың Комиссиясында сақталуға тиісті құжаттың 5-бабында 2007 жылғы 6-қазандағы Кедендік Одақтың одан шығу мен қосылудың келісімдік-құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған Хаттамамен анықталады деп көрсетілген.

- Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры ретінде айтыңызшы, шілденің бірінен бастап елдің әлеуметтік тұрмысында нендей өзгерістер бар?

2011 жылдың 1-шілдесінен бері өткен жарты ай ішінде елдің әлеуметтік тұрмысы күрт құлдырап, немесе аспандап кетті деп айту қиын.

- Кедендік одаққа өткелі барлығы қымбаттап барады. Осылай жалғаса бере ме, әлде баға тұрақтала ма?

- Экономика кәсіпорындардың тарифтік қорғаныс дәрежесі нығайды. Бұл қатардағы тұтынушылар мен сатып алушылар үшін бөлшек сауда бағаларының өсуі мен товар түрлі-түстілігінің кемуіне апарары экономикалық заңдылық. Әрине, нарықтық экономика өзін-өзі реттеуші аспаптары арқылы ерте ме, кеш тепе-теңдік баға құрылуын, оның тұрақтануын қамтамассыз етері сөзсіз, алайда сұраныс көлемі мен ұсыныстың көлемінің теңелуі арқылы тұрақтанған баға біреуге арзан, ал көпшілікке қымбат болуы сөзсіз.

- Кедендік Одаққа кіргендегі ҚР-ның түпкі мақсаты не? Экономикамыз өркендеп дамиды ма, әлде қарапайым тұтынушы халық зардап шеге ме?

Бірінші сұраққа берген жауапта келтірілген «Көпжақты сауда жүйесі... Кедендік одақ туралы Келісім» деген ресми құжатта «Жақтастар өздерінің өте тез арада өзара келісілген шарттар негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымына, ДСҰ-ға кіруге ұмтылысын ДӘЛЕЛДЕЙ отыра...» - делінген. Бұдан ұғарымыз ДСҰ-ға бірдей талаппен үш мемлекет бірлесе кіруге тиісті. Алайда ДСҰ-ға Одақ болып, немесе бірлесе мүшелікке өтуге тиісті. ДСҰ-ға мүшелікке өткен елдің «қағанағы нарық, сағанағы нарық» болғанын дәлелдей қоятын экономикалық дерек таппадық. Көршілес қырғыз мемлекеті ДСҰ-ға мүше болғалы он айдың жүзі болды одан шыққан оң нәтиже жайындағы экономикалық зерттеулерді ұшыратпаппын.

- Кедендік Одаққа мүше үш елдің қайсысының экономикасы басым?

- Бұл жерде ешбір күмәнсіз Ресей Федерациясының экономикасының басым екенін мойындау қажет. Егер мұны дәлелді дәйекті етіп келтіру қажет болса онда,  әрине,  бір кітап статистикалық мәлімет келтіру қажет болары анық. Дегенмен де, жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші бойынша елдерді саралайтын болсақ Ресей 82 орында тұрса, Қазақстан 92 орында. Ал ең төменгі күн көріс деңгейі арқылы келетін болсақ, онда 2008 жылы  АҚШ долларымен өлшегенде әр қазақстандықтың үлесіне 102,8  $ беларусьтарға 106,5 $ ал әр ресейлікке 172,2 $ дан келген. Меніңше, осы көрсеткіштердің өзі-ақ қай экономиканың басым екенін көрсете алатын сияқты.

- Кедендік Одақтың саяси астарын қалай түсіндіресіз?

- Кедендік одақтың келесі сатысы біртұтас экономикалық кеңістік құру. Одан кейінгі сатысы бір валюта - ақша бірлігіне көшу. Одан кейінгі жерде келмеске кетті деп ойлаған саяси Кеңестер Одағын жаңғырту екені логикалық тұрғыдан заңды қозғалыс нәтижесі екені бес енеден белгілі.

- Кеше кедендік одаққа мүше үш мемлекеттің премьер-министрлері туралы қандай мәселелер талқылады?

- Кешегі кедендік одаққа мүше үш мемлекеттің премьер -министрлерінің не талқылағанын баспасөз бетінде көре алған жоқпыз. Алайда К. Масимовтың жасаған мәлімдемесінен Кедендік одаққа сәйкес шешілер мәселелер талқылануы мүмкін екенін шырамытуға болады.

- Жангелді мырза, тәуелсіз елдерге тән экономикалық алғышарт Қазақстанда жасалып болды ма? Оған кіретін қандай экономикалық факторларды атай аласыз?

Менің пайымдауымша, тәуелсіз елге қажетті алғышарттардың түпнұсқасы жасалған. Бұл тек тәуелсіз елдің үкіметіне және оның билігіне бағынышты экономика, транспорт, энергетика, көлік, байланыс т.б. салалардың құрылуы. Әрине, заңдық құқықтық негізде заң шығарушы атқарушы сот т.б. билік тармақтарының қалыптасуы президенттік билік жүйесінің құрылуы, ата заң конституцияның қабылдануы, ту, мемлекеттік рәміздердің қалыптасуы көршілес мемлекетермен шекараның заңдастырылуы, дүние жүзіндегі мемлекеттердің мемлекет тәуелсіздігін мойындауы, дүниежүзілік біріккен ұйымдарға мүшелік  етуі, сол сияқты толып жатқан басқа да көз көрген іс-шараларды атап өтуге болады. Алайда, тәуелсіздік алған  ел міндетті түрде отарсыздану дәуірінен (деколонизация) өтуі қажет. Библиядағы Моисей өз халқын 40 жыл шөлде қаңғыртып, бойына құлдық психология сіңген адамдардың бәрі О дүниелік болғанда ғана еліне қайтарған. Міне, сол халық 2000 жыл бойы дүниежүзінің шар тарабын шарлап, қаңғырып өмір сүрсе де, ұлттық намысын жоймай, жарты ғасырдан астам таза ұлттық мемлекет құрып дүние жүзіне әйгілі Израиль болып өркендеп отыр. Бізде отарсыздандыру болмағандықтан, жас ұрпақ тәуелсіздіктің не екенін оның қандай қажеті бар екенін мүлдем түсінбейді. Өзінің ана тілін де,  өз мемлекетін де қорғамақ түгілі, оның қажеттілігін құптамайды. Ендеше, тәуелсіздіктің негізгі мәселесі отарсыздандыру - орындалған жоқ. Экономикалық тұрғыдан келетін болсақ, әрине, бұл ұлттық қауіпсіздіктің факторларымен сәйкес келеді. Бірінші кезекте экономика тәуелсіз болуы үшін ол шикізат шырмауынан құтылуы қажет. Әлбетте, жабық экономика құру бұл қате жол, дегенмен де ашық экономика дүниежүзілік еңбек бөлісі және салыстырмалы экономикалық артықшылық ұстанымдар негізінде республика экономикасының мамандануы арқылы жүзеге асуы қажет.

- Орта Азия елдеріне осы талап бойынша қысқаша баға беріп өтсеңіз. 

- Егер де Орта Азия елдеріне осы тұрғыдан баға берер болсақ: Түркімен республикасынан бастайық: түркімендердің экономикасы жайлы батыс деректеріне сүйенсек, онда олар түркіменстанды артта қалған ел деп суреттеуге әуес. Өйткені түркімен басшылығы елдің мұнай мен газ байлығын жекешелендіру арқылы талан таражға түсіріп, батыс ашқарақтарының көмейіне оңай ұсынып отырған жоқ. Керісінше, тек қана бір ие қожа, мемлекет арқылы түскен қаражаттың нәтижесін жекелеген «жаңа байлардың» мүддесіне емес, бүкіл түркімен халқының мүддесіне жұмсап отыр.

Өзбекстан экономикасына келетін болсақ, бұл ел жан-жақты кеңес дәуірінде құрылған экономикалық мүмкіншіліктерін жоғалтпай, еңбек өнімділігі төмен болса да әрбір өндіріс саласын дамытуға ат салысып отыр. Қаржы саласына келер болсақ, Өзбекстан республикасының дүниежүзілік қаржы ұйымдарына бірде-бір тиын қарыз емес екенін атап өту керек. Салыстырыңыз, біздің елдің сыртқы қарызы ІЖӨ-нің 90 пайызын құрайды. Басқаша айтқанда, әрбір жаңа туған қазақтың баласы өзімен бірге дүниеге 700 доллар қарыз ала келеді.

Қырғыз республикасы елден бірінші болып суырылып шығып ДСҰ-ға мүше болып еді. Одан оның көсегесі көгергенін көрген ешкім жоқ. Соңғы кездегі жағдайын суреттеудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

- Кедендік одаққа кірудің қандай қажеттілігі бар еді? Кедендік одақ туралы менің түсінігім таяз ба, әлде, оның пайдасын түсіндіретіндер жұртқа жеткізіп айта алмады ма? 

- Экономикалық теория тұрғысынан келер болсақ, өнім өндіруде үш түрлі көлем қайтарым әдістері болады: мәселенки, өскелең қайтарым - мұның мағынасы өндірістің көлемі артқан сайын, өндіріс тиімділігі арта түседі, әр өнімнің өзіндік құны неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрылым төмен болады. Сондықтан, көп өнім өндірген жағдайда еңбекті де үнемдейді, шығындарды үнемдейді, тиімділікті арттырады. Ендеше, осынша көп өнімді өткізетін ауқымды нарық қажет. Республикадағы халықтың саны кеше ғана 16 млн. 500 мың адамға жетті деп ресми мәлімдеме жасалып отыр. Президенттің айтуы бойынша, біздің өндірушілерге ол қосымша 170 млн. адамы бар нарықты қосып отыр. Өкінішке қарай, нарық кеңейгенімен сол нарықты аңсап отырған бізде кәсіпорындар бар ма?! Енді Кеден жөніндегі түсінігіңізді тереңдету үшін сәл ғана тарихи дерек беріп өтейік. Әуелден кеден қайдан пайда болды, оның қажеті қандай еді. Кеден - тарихи кез келген елдің ішкі экономикасын сыртқы бәсекелестіктен қорғау үшін құрылған. Мұның экономикалық негізін қалаушылар экономика ғылымында меркантилист  деген атаққа ие болған. Олардың пайымдауынша, ұлттық байлық сыртқы саудада пайда болады, ұлт баюы үшін барлығын өндіріп сыртқа сату керек те, ал сырттан, тек қана іште өндіруге болмайтын сирек заттарды сатып алу керек. Сырттан тауарларды өткізбеу үшін өткізген күнде де оны салық салып қиындату үшін, ал отандық өндірушілерді сыртқа тауар шығаруын ынталандыру үшін кеден құрылған. Мемлекет арасындағы көбінесе соғыстар әуелі кеден соғысы түрінде жүрген. Бұған мысал ретінде Англия мен Франция арасындағы 100 жылғы созылған соғыс. Германия мен Ресейдің арасындағы кеден соғысы, т.б. мысал келтіруге болады. Ресей мен кедендік одақ құру деген сөз Ресей тауарларының бізге біздің тауарлардың Ресейге ешбір кедергісіз өтуін қамтамассыз ету деген сөз. Өкінішке орай, бұл жерде кімнің тауарлары бәсекеге қабілетті болса, сол ұтады...

- Кедендік Одақ біртіндеп саяси одаққа айналып кетпей ме? Кедендік Одақтан қарапайым қазақтың ұтатын жақтары бар ма? Осы Одақ құрылғаннан кейін мемлекетаралық саяси құрылымдар құрылатын болса, егеменділік жоқ деген сөз ғой.

- Кедендік одақтың біртіндеп саяси одаққа айналып кетуі ешбір күдік тудырмайтын мәселе. Әуелден ресейдің көксегені, арманы осы. Ельциннен кейін билікке келген В.В. Путиннің алғашқы қағидасы: «Тастарды шашатын уақыт аяқталды, енді тастарды қайтадан жинап алатын уақыт келді» деген болатын. Ендеше, кешегі ыдыраған Кеңестер Одағын қайтадан қалпына келтіру идеясы көптеген кешегі партия қызметкерлерінің күндіз-түні ойынан кетпейтін арман-мақсаты екені сөзсіз.

Кедендік  Одақтан қарапайым қазақтың ұтатын жағын көре алмай отырмын. Әрине, экономикада әрекет жасайтын біріккен, бірлескен, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлер трансакциялық деп аталатын көптеген шығындардан құтылары хақ. Сөйтіп, олардың пайдалары артуы мүмкін. Ендеше, бюджетке түсетін салық та ұлғаяды деуге болады. Алайда бұдан әлеуметтік төлемдер мен қарапайым қазақтың жағдайы жақсарады деп үміттену қиын-ақ. Бар мәселе Ресеймен интеграцияға түскенде екі елдің де экономикалық құрылымы бірдей болып отыруы көңілге қаяу түсіреді. Өйткені, олардың ауылшаруашылығы біздікімей бірдей өнім өндіреді. Оларда да, бізде де ІЖӨ-ң 6 пайыз мөлшері ауылшаруашылық үлесіне келеді. Кәзірдің өзінде біздің ауылшаруашылығы жеңіліп, Ресейден азық-түліктің 49%-н сатып алатынымыз белгілі. Өнеркәсіпке келсек, негізінен Ресей де Қазақстан да сыртқа мұнай-газ, металл шикізаттарын шығаратыны белгілі. Ендеше, бұл жерде де біз бәсекелеспіз. Кедендік одақ құрылғанда бұл жерде де кім жеңетіні алдын-ала белгілі болып тұр. Бәз біреулер қосымша құнға салынатын салық ставкасы бізде 12 % , Ресейде 18% ендеше инвестицияның барлығ бізге келеді деп алақан ұрып жатыр. Ал ДСҰ-на кіру үшін бірдей шарттар қалыптасамыз деген желеумен Ресей ертең осы салықтың ставкасын  12% қылуы әбден мүмкін. Сонда жаңағы даурықпа су сепкендей басылады.

- Кедендік одақтың мемлекетаралық құрылымдарының құрылуы, ертең Осы Одақтың Президентін сайлау сияқты нәрселерден кейін қайтадан бұрынғы Одақ құрылу қаупі бар. Осыған не дейсіз?

- Айтуыңыздың жөні бар. Кеңестер Одағы ыдырар алдында оның министрлер кеңесінің төрағасы болып біздің бүгінгі президентіміз Н.А. Назарбаев сайлануға тиісті еді. Өкінішке қарай Одақ тарап кетті. Енді жаңа Одақ құрылса, онда бүгінгі үш мемлекеттің басшыларының ең тәжірибелісі, ең ойшылы, ең жасы үлкені, ең беделдісі өз халқының танымал көшбасшысы болып танылған Назарбаев өз қолындағы мүмкіндіктен айырылмайды деп армандаймыз.

- Кедендік одақтан шығудың заңды қандай жолдары бар?

- Кедендік одақтан шығудың заңды жолы Заң шығарушы парламенттің: мәжіліс пен сенат палаталарының қолында екені ешбір күмән тудырмайды.

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475