Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5477 11 пікір 22 Тамыз, 2019 сағат 10:42

Депутаттар, сіздер тек биліктің мүскінісіздер ме?

«Жастар жылы» деп бөрікті аспанға атып жатырмыз. Бірақ, әлемдік ғылым мен білімді ана тілімізде тасқа басылған кітап түрінде жұртқа танытып, содан өздеріне нәпақа табуға тиіс жас баспагерлерді дайындауға мемлекеттік деңгейде мүдделі еместігімізді немен түсіндіреміз?

Қалу ағамыз «Если не будем кормить свою национальную авторскую, редакторскую и переводческую школы, будем кормить чужие» атты мақаласында дәл осы мәселені ұлттық проблема ретінде көтеріп отыр екен. Аталған мақаланы «Abai.kz» оқырмандарына аударып ұсынғанды жөн көрдік...


Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті халықтардың ұлттық тілінде нәпақа табушылық жолға қойылмағандықтан испан мен португал тілдері өз үстемдіктерін сақтап қала алды.

Ал, енді тәуелсіз Қазақстанға келер болсақ, 30 жылдан бері әлеуетті орыс тілінің ықпалынан қара үзіп шыға алмай келеміз. Мемлекеттің қазақ тіліне қатысты басты кінәрат-талабының бірі аса қымбат тұратын зерттеулер нәтижесі, енгізулер, мемлекеттік тілді насихаттау еш опа бермей, өнеркәсіпте, шикізат саласында, қаржы-банкі және өмір мен шаруашылықтың өзге де салаларында еш қажетсіз болып қала беруде. Төрешілдіктің (бюрократияның) мүддесі азаматтық қоғам құрушы оның жергілікті тұрғындарының тіліне кереғар болып отыр. Осыған орай баламалы даму жүйесін өмірге әкелу қажеттілігі туындауда.

Дәл қазір біз еліміздегі БАҚ және баспа-кітап саудасы кешеніндегі автор, редактор һәм аудармашылардың мәртебесі мен рөлі әлі күнге еш нақтыланбағанын анық білеміз немесе бек жақсы ұғынамыз. Осы орайда бәрі де өз салаларындағы автор, редактор һәм аудармашылардың медицина, ғылыми-техникалық, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, агроөнеркәсіптік немесе бизнес саласында ұлттық тілді әлемдік, оның ішінде туыстас түркі тілдеріндегі термин және сөз орамдарымен байықтырып дамытып отырғандығын біледі әм түсінеді. Бірақ автор – редактор – аудармашыға қатысты стартап-баспагер арқылы 18 млн азаматтан тұратын нарыққа, ұлттық кітап нарығына шығаруға байланысты «Қазақкітап» мемконцернінің 1560 кітап дүкені 1997-1999 жж. жекешелендіру кезінде сол кездегі ақпарат билігін қолына ұстанғандар тарапынан талан-таражға түсіп кеткендігінен еш шара қыла алмай отыр.

Енді келіп, билік қазақ тілінің аясы тарлығынан әм қолданылу мүшкілдігінен құтылудың бірден бірі жолы деп үштұғырлы тіл саясатын алға тартып, ғылыми-техникалық прогрестің соңына табиғаты бізге жат ағылшын мен орыс тілін дамыту арқылы жетеміз деп желпініп отырған жайы бар.

Ал, енді сонда ағылшын тілі ұлттықтан кейін екінші орында тұратын еуропа тілдері, жапон, кәріс, қытай тілдері неге дамып жатыр?  Бір аңғаратын дүние олардың барлығында тізгінді өз қолдарында ұстанған: испан, итали, поляк, неміс, француз, жапон, кәріс, қытай тілдерінің  арқасында ең алдымен ұлттық БАҚ пен кітап басып шығару жоғары деңгейде дамыған. Қай жерде ұлттық кітап нарығы дамыған болса, сол жерде ұлттық тіл дамитын болады. Авторлық, редакторлық һәм аудармашылық мектептерді тек дамыған ұлттық кітап нарығы асырай алады. Ал Франкфурт, Нью-Йорк, Токио, Лондон, Лейпциг, Дели және т.б. халықаралық кітап жәрмеңкелері әлемнің әр түпкірінен келген кітап саудагерлерінің басын қосып, авторлық құқықты сатып алу мен сатуға түрткі болады. Менің жан жүрегіммен қалайтыным олардың арасынан өздерінің авторлық, редакторлық һәм аудармашылық мектептерін түзе білген, қазақ тілін әлемдік мәдени контентпен байықтырған жас қазақ стартап-баспагерлерінің бой көрсетуі болар еді. Бірақ ондайлар әзірге жоқ, ол үшін кітап тарату инфрақұрылымын қайыра түлетіп, кітапқа салынатын ҚҚС жойып, қазақ тілді баспа өнімін тасымалдаудың пошталық тарифін Алманиядағыдай 3-5 есеге азайтуға қол жеткізуіміз керек. Міне сол кезде ғана жас стартап-баспагерлер бой көрсететін инвестициялық ахуал туындайды.

Өйткені, біз дініміз өркен жаюы үшін соңғы жиырма жылда қалай 3000 мешітті бой көтертсек, тап солай немесе ресей нарғына бой бермейтін бәсекеге қабілетті арақ-шарап өндірісін қалай жолға қоя білсек, тап солай етуіміз шарт. Осы орайда біздің харам дүниені ауызға алып отырған себебіміз: Қазақстанда араққа салынатын акциз салығы көрші РФ қарағанда 3-4 есе төмен. Демек, біз кітап саудасының бәсін қыздыру арқылы тіліміздің, мәдениетіміздің, оқу-біліміміздің, қоғамдық өміріміздің қазақтануының көсегесін көгерте аламыз.  Дат айтылды, заң шығарушы депутаттар, әлде сіздер тек атқарушы биліктің жан торсығы нотариалдық кеңсенің мүскінісіздер ме?

Жоқ қазақ кітабының жанашырысыздар ма? Міне осыны ашып көрсететін кездеріңіз туды?

Түйін. Кітап ана тілімізде ұлтқа жетпей біз ешқашан ұшпаққа жетпейміз. Өзге тілде кітап шығарып, онымен қазақты әлемдік өркениетке жеткіземіз деушілік ұлтты рухани-мәдени мәңгүрттендіруді көздеушілік. КСРО кезіндегі орыстандыру саясатының жаңаша көрініс табуы. Қазақты тек тәуелсіз баспасы мен ана тіліндегі кітап қана ұлт ретінде сақтап қалады. Осыны түсінетін кез келді.

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434