Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 3954 2 пікір 22 Тамыз, 2019 сағат 13:05

Google мен Mozilla қазақ билігінің қауіпсіздік сертификатын бұғаттайды

Mozilla және Google компаниялары қазақстандық интернет қолданушылардың онлайн қауіпсіздігі мен құпиялығын қорғау технологиясын іске қосатынын мәлімдеді. Осы арқылы екі компания Қазақстан билігінің Firefox жəне Chrome браузерлеріндегі интернет трафигіне араласуына тосқауыл қоймақ.

Mozilla сайтында ағылшын, қазақ және орыс тілінде жарияланған ресми мәлімдемеде "компания Қазақстанда интернет қолданушыларға қауіпсіздік сертификатын орнатуды талап етіп жатқан соң осындай қадамға барды" деп жазылған. Mozilla "Қазақстан үкімет ұсынған қауіпсіздік сертификаты интернет қолданушыларының барлық дерегін оқуға мүмкіндік береді" деп санайды.

Дәл осындай хабарлама Google компаниясының ресми блогында да жарияланды. Компанияның мәлімдеуінше, жаңа технология Қазақстан билігі ұсынған қауіпсіздік сертификатына тоcқауыл қояды. Google жаңа технологияны компания браузерге өздері орнататынын хабарлады.

"Біз мұндай қадамға бармас едік. Бірақ қолданушыларды қорғау және интернеттің қауіпсіздігі - Firefox браузерінің негізгі қағидасы" деді Mozillа компаниясының қауіпсіздік бөлімінің директоры Маршалл Эрвин.

Ал Chrome браузерінің бас директоры Парис Табриз "нақты мәселе болған соң осындай қадамға барғандарын, компания әлемдегі барлық қолданушыны қорғау үшін қашанда шара қолданатынын" айтты.

Mozilla Қазақстан билігінің қауіпсіздік сертификатын екінші рет енгізуге талпыныс жасағанын мәлімдеді. Алғашқы, 2015 жылғы талпыныс сәтсіз болған.

Биыл шілденің ортасынан бері қазақстандықтар ұялы байланыс операторларынан "интернетке кіру мәселесі туындамас үшін" арнайы қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынған хабарлама ала бастаған.

Сертификаттың ресми атауы - QazNet Trust Network. Операторлар мен Қазақстан билігі мұны "кибер шабуылды алдын алу шарасы" деп атаған.

Билік "сертификаттың кибершабуыл мен теріс контенттен қорғайтынын, оны орнату туралы түпкілікті шешімді әр азамат өзі қабылдайтынын" айтып келген. Бірақ QazNet сертификатынан бас тартқандар көптеген әлеуметтік желі мен пошта жүйесіне кіре алмағанын айтып шағымданған.

Биліктің сертификатты жаппай енгізу талпынысынан кейін Нұр-Сұлтан жергілікті және халықаралық ұйымдар мен белсенділердің сынына қалды.

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділер сертификаттан орнатқан соң "билік цензураны күшейтеді" деп қауіптенеді. Олар "билік осы сертификат арқылы әркімнің жеке ақпаратын бақылап отырғысы келеді" деп топшылайды. Кейбір белсенділер билік бастамасына наразылық білдіріп, жалғыз адамдық акция өткізген. Бұл кейін желіде қарсылық флешмобына айналған.

Бірнеше заңгер байланыс "қауіпсіздік сертификатын" орнату хабарламасын жіберген байланыс операторларының үстінен шағым түсірді.

6 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті кенеттен қауіпсіздік сертификаты өшірілетінін, QazNet​ тест болғанын хабарлаған. Бірақ Қазақстан билігі алдағы уақытта ұлттық қауіпсіздікке кибер шабуыл жасалған жағдайда халыққа ескертіп, сертификатты қолданатынын мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434