Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6352 14 пікір 14 Қазан, 2019 сағат 14:56

Путин тағы да ортақ валюта енгізуді ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин Ашхабадта өтіп жатқан ТМД елдері басшылары кеңесінде ортақ валюта енгізу мәселесін тағы да ұсынды. 

Ортақ ақша жайлы әңгіменің айтылып жүргені бүгін ғана емес. Бұған дейін ЕАЭО-қа мүше елдерге ортақ валюта енгізсек деп армандап жүргендер аз емес еді. Енді Путин бұдан да асып түсіп, ТМД елдерінде ортақ қаржы нарығын қалыптастырсақ, бәріміз бай-бақуатты болар едік деп тамсанып отыр.

Оның айтуынша, ортақ валюта бүкіл әлемде болып жатқан сауда соғыстары мен тауарлар қозғалысына әртүрлі шектеулер тап болатын мәселелерді шешуге көмектеседі екен. Әрі мұндай үдерістер ТМД елдерінің ортақ бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады деп санайды.

Ресей 2010 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаға көшуді ұсынып келе жатқанын білеміз. Мәскеудің бұл ұсынысын қолдайтындар жоқ емес. Биыл жыл басында Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресеймен арада ортақ валюта енгізуді және ортақ эмиссиялық (құнды қағаздар) орталық құруды қолдайтынын айтқан. «Қазір бізге ортақ валюта енгізу туралы ұсыныс түсіп жатыр. Біз мұны қолдаймыз! Және бұл валюта – рубль болады», - деген еді Беларусь басшысы.

Ал қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков ортақ ақшаны қолдайтынын өткен жылы айтқан болатын.

«Мен ЕАЭО болашағына сенемін. Біздің мүмкіндігіміз жоғары. Еуроодақта ортақ валюта бар.  Әрине, біз де соған келеміз, бірақ уақыт керек», деген еді Жээнбеков.

Ортақ валютаны қолдайтын саясаткерлер біздің елден де табылады. ЕАЭО елдерімен бірдей ақша пайдалансақ шекеміз шылқып өмір сүрер едік деген түсінік қалыптасып та үлгерген. Тіпті кейбір депутаттарымыз ашық айтып та жүрді. Ортақ валюта тәуелсіздікке қауіпті екені айтылғанымен, бұл ұсыныстың тамырына әлі толық балта шабылған жоқ. Сол үшін ТМД-ға, ЕАЭО-қа мүше елдер осы бастан қатаң түрде қарсылық танытпаса, Ресей ерте ме, кеш пе ортақ валюта енгізу мақсатына жететін болады...

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522