Беркін ӘКЕБАЕВ. БҰЛ ҚАЙ ҚОДАР?
Біздер аға буын өкілдері қазақтың көзі ашық, өз ұлтының болашағы үшін атсалысып еңбек етіп жүрген оқыған азаматтарымызды мақтан тұтып, отырған жерімізде айтып, сыртынан жақсы тілек тілеп жүреміз. Солардың қатарына мәдениеттанушы, ақын-философ Әуезхан Қодарды қосып қоятынбыз. Әуезханның Абай туралы айтқандары кез келген адамға ой салатын. Оның «...Шынында біздің кейбір зиялыларымыз Абайды білмей тұрып мақтайды. Абайдан ескерткіш, ғибадатхана жасайды. Расында, мақсат - Абайды қолпаштау емес, меңгеру, оны түсіну, ұлы ойшылдың әлеміне, дүниетанымына ену болуы керек. Әрі Абай әлеміне идеологиясыз бару керек», - деген сөзі қалай орынды айтылған. Мұндай аталы сөзді оқып отырып Әуезханға қалайша разы болмайсың. Осындай азаматтардың барына қуанатынбыз және олардың көбірек болғанын тілейтінбіз.
Біздер аға буын өкілдері қазақтың көзі ашық, өз ұлтының болашағы үшін атсалысып еңбек етіп жүрген оқыған азаматтарымызды мақтан тұтып, отырған жерімізде айтып, сыртынан жақсы тілек тілеп жүреміз. Солардың қатарына мәдениеттанушы, ақын-философ Әуезхан Қодарды қосып қоятынбыз. Әуезханның Абай туралы айтқандары кез келген адамға ой салатын. Оның «...Шынында біздің кейбір зиялыларымыз Абайды білмей тұрып мақтайды. Абайдан ескерткіш, ғибадатхана жасайды. Расында, мақсат - Абайды қолпаштау емес, меңгеру, оны түсіну, ұлы ойшылдың әлеміне, дүниетанымына ену болуы керек. Әрі Абай әлеміне идеологиясыз бару керек», - деген сөзі қалай орынды айтылған. Мұндай аталы сөзді оқып отырып Әуезханға қалайша разы болмайсың. Осындай азаматтардың барына қуанатынбыз және олардың көбірек болғанын тілейтінбіз.
Жақында «Аргументы и факты Казахстан» газетінің №25 санын алып оқыдым. Әдетім бойынша «Давай поговорим с тобою, брат» деген атпен шыққан тақырыбына көз жүгіртіп, астына қарасам, өзім жақсы көретін Әуезхан Қодар мен Юрий Кириницияновтың екеуара әңгіме-сұхбаты негізінде жазылған мақала екен. Оқысам, сіздерге өтірік, маған шын қаным көтеріліп кетті. Бұл сұхбатты оқыған кез келген жүрегі қазақ деп соғатын азаматтың қаны көтерілмесе де, жүйкесіне әсер ететіні сөзсіз. «Юрамен сұхбаттасқан қай Қодар?» - екен деп қарасам, сол баяғы мен жақсы көретін Қодарым екен. Баяғыда біреу: «Әкесіне тіл тигізді дегенді естуші едім, бірақ дәл мынандай әкесін арбаға байлап қойып сабаған есерсоқты көрмеппін» депті. Сол біреу айтпақшы, мен де мұндай Қодарды көрмеппін.Әңгімелерін оқып отырып: «Бұл Қодар қазақтың егемендігін алғанына өкінетін сияқты-ғой» деген ойға қалдым. Екі миллион орыс кетіп қалды деп қатты өкініпті. Кетсе, олар өздерінің ата мекеніне кетті. Демек, олардың патриоттық сезімдері бар деген сөз. Ондай елін сүйген патриоттарға рахмет айтудың орнына, өкінгеніңе сөз болсын. Олардың кеткеніне ішің удай ашыса, неге бірге көшіп кетпедің?.. Қазақта «сырты бүтін, іші түтін» деген мақал бар.Бұл мақал сен сияқты ішінде бықсыған шоғы бар, ойланбай сөйлейтіндерге айтылған сөз. «Қазақтар ата қонысына көшіп кетіпті» - деп, сен сияқты өкінген қытайды немесе моңғолды естіп пе едің? Естіген жоқсың, естімейсің де. Ал сен...
Ал енді тілді дамыту жөніндегі ойыңа жол болсын. «Қазақ тілін» стахановшыл әдіспен өмірге енгізе бастады деуің қалай? Керісінше, сол «стахановшыл» әдіс болмай отырған жоқ па? Тіл үйренетін ниеті бар зерделі адамға 20 жыл аз уақыт болды ма? Есіңде ме, алғашқы егемендік алған жылдары көптеген орекеңдер балаларын қазақ балабақшаларына беріп, өздері қазақша үйрене бастаған. Сол үрдіс сен сияқты «көпшіл», «гуманный» оқымыстылардың кесірінен баяулап қалған жоқ па? «Я же думаю, что переход к государственному языку надо было построить иначе, более плавно. Разбить на несколько этапов», - деп сайрапсың.
Тіпті бірнеше ұрпаққа қалдыру керек еді дейсің. Бұл сөзді қанша философ болсаң да, ойланбай айтқансың.
Осындайда Черчильдің «...Саясаттың да серті болады. Ол кешікпеу - ұлттық мүдде тұратын жерде ешуақытта кешікпеу керек. Ал нұқсан келетін не аяқасты ететін жағдайда сөзбұйдаға салып, тіпті оны келесі ұрпаққа қалдыру керек» деген сөзі еске түседі. Сол кешікпеу керек деген сөз біздің ана тілімізге байланысты айтылған сөз - деп түсінгенің жөн. Ал сен айтпақшы, тіл үйренуді келесі ұрпаққа қалдыру мемлекеттік тілді аяқасты етумен бірдей. Кешеуілдей беру тілдің болашағына қауіп. Қашанғы елдің көңіліне қарап, жалтақтай береміз. Ондай жалпақ шешейлікті қою керек. Бұрынырақта өзің сияқты елдің көңіліне қарағыш бір жалтақ жігіт: «Көршімнің көңіліне қараймын деп, балам өзіме тартпай қалыпты» деген екен. Сол жігіт айтпақшы, уақытты өткізіп алмайық. Өзің жақсы білетін Халел Досмұхаммедұлының «Өз тілін білмеген ел-ел болмайды» деген сөзін есіңе мықтап сақта!
Қодар мырза! Бір сөзіңде «орыс тілінде дәріс беретін мектептердің саны азайып келеді» депсің. Сеніңше қалай? Қазақ мектептерінің санын азайтып, орыс тілінде сабақ беретін мектептердің санын көбейту керек пе? Сен өзің қай мемлекетте тұратыныңды есіңе алып қарашы. Елімізде жергілікті ұлттың саны көп екенін білмейсің бе? Неге олардың мектеп саны көбеймеу керек? Бұл сөзіңді түсінбедім.Меніңше бұл сөзді саған біреу айтқызып отырған болуы керек. Мен білетін Әуезхан Қодар мұндай сөзді айтпау керек еді.Сен осындай берекесіз сөзіңмен ұлтшыл орекеңдердің ойына дем беріп, сасық қолтықтарына су бүркіп отырсың. Бұл сөзің аздай «...билік дәліздерінде орыстардың саны тым аз» - депсің. Мәссаған! Міне, құлдық сана қайда жатыр?
Айналайын Әуезхан! 70 жылда орекеңдерден шын құтылдық па? Өтірік құтылдық па? Өз тізгініміз өзімізге тиді ме? - деп жүргенде, оларды аңсағаныңа жол болсын. Егер орыс бастықты армандап жүрсең өзің басқаратын «Тамыр» жорналына біреуін әкеліп бастық етіп қой. Бір қазақ қарсы болмайды. Қарсы болса маған кел. Олармен мен-ақ сөйлесіп берейін.
Ал Әуезхан батыр! Мына үлкен кісі маған неге сен деп сөйледі деп ренжіме. Мен сен сияқты мәдениет танушы емеспін, бірақ ана тілін сыйламайтындарға мәдениетсізбін. Сен мемлекеттік тілді әспеттеудің орнына қырын қарасаң, мен әспеттеушімін. Сен қазақ тілін қажетсінбесең, мен сол тіл үшін күресушімін. Сен орекеңдерге жағына сөйлесең, мен жағымпаздануға қаным қас адаммын. Сен басқа ұлттың мүддесі үшін «күрессең» мен өз ұлтымның мүддесі үшін күресемін. Сен басқа ұлтқа өз жағдайың үшін жалтақтасаң, мен жалтақтамаймын, ондай жастан өтіп кеткенмін. Сен әлі жассың, «есің барда еліңді тап демекші» мен білетін Қодарға қайтып кел.Мұны ағаның айтқан ақылы деп түсін. Әлі кеш емес.
Түсінбесең, «Көшке берген тайыңды қайтып ал».
Беркін ӘКЕБАЕВ,
зейнеткер
http://jasqazaq.kz/post/b%D2%B1l-%D2%9Bai-%D2%9Bodar