Сенбі, 23 Қараша 2024
Дабыл 3910 12 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 12:33

Қазақ шенеуінігі қазақ жұмыскерінің жауына айналып барады

Қазір еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуындағы келеңсіздіктерге жаны ашитын білікті экономист мамандарымыз саусақпен санарлық. Олардың ел экономикасына қатысты жасаған жорамалы мен сараптамаларын орыс тілді БАҚ үзіп-жұлып жариялағанымен, қазақ тілді БАҚ мүлдем сөз етілмейді. Неге?

Ел ішінде инфляцияны ауыздықтау мен қазақ және шетелдік мамандар арасындағы еңбекақылық кикілжің, қарапайым халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтік жақтан қорғалуы ірі шенеуніктеріміздің алыстан орғытып, ебін таба айналып өтер тақырыбына айналды. 

Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевтың жалақының өсуі тұтынушылардың тәбетін ашып, бағаның көтерілуіне әкеп соғады деген көрегендігінің ар-жағында не жатыр!?

 Байлар байып, кедейлер азып жатқан кезде жалақы өспек түгіл, зейнетақысын нәпақа еткен шал-шауқанды қоспағанда, елдің нашар қорғалған әлеуметтік теңсіздіктегі шағын тобы мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы да басқа бюджеттен нан-шайын айырып отырғандарға көз алдаушылықпен қосылған азырақ жалақыны девальвация жеп қойып отыр.

Қоғам мен формация өзгерсе де, барлық тетікті өз қолдарында ұстап қалған әм халықтан іргесін өмір бойы аулақтатып келген шенеуініктер ескі дағдыларынан жаңылмай, әрі статистиканың кілті өз қолдарында болған соң, КСРО кезіндегідей даңғазалықтың дара жолынан айнымай, бұрынғы «Кемелденген Социализмнің» өңін айналдырып, «дамыған 50 елдің қатарына қосылдық» деп алаулату мен жалаулатуы жұртты тойдырып болды. 

Алысқа бармай балаға төленетін жәрдемақыға қатысты шуды сөз ететін болсақ, құдайдың жөнімен әрбір алаш анасы әлеуметтік мәртебесіне қарамай, тапқан баласы үшін өмір бойы 21 мың теңге алуға тиіс болатын. Осыны көпсінген шенеуініктерге айтарымыз: АҚШ армәсінің (арнайы мақсаттағы әскерінің) соқталдай 18 жігіті 9 ай бойы шығу тегі зәңгі және латындық екіқабат әйелдің күнін кешетін, күн сайын нәрсесте салмағын қоса отырып, төмен етектінің барлық тірлігін қайталайтын сынақтан өткізілген кезде ең соңғы сарбаз тек 4 аптаға ғана шыдапты. Сәбиін 9 ай көтеретін алтын құрсақ аналарды қазақ шенеуініктері осылай қорлап отырғанда «олар анадан» тумай, аяқтары көктен салбырап өмірге келе салғандар ма деген ойға қаласың!?

Әрі бір сиыры мен 5-6 тауығы барларға да «Мәңгілік депутаттарымыз» тарапынан мәжілісте неге дотация төлеу жағы қарастырлайды? Әлде бұндай тек ірі шаруашылықтарға ғана қатысты мәселені үй жанындағы шағын шаруашылығы барларға байланысты қарастыруға арлана ма деген сауал да көңілде көлбеңдейді?

Бар пәле ресми статистиканың экономика министерлігіне бағынышты болуынан. Әрі статистика өз қожасы Биліктің малайына айналды. Сондықтан оған сеніп, құдайдай табынудың еш керегі де жоқ. Біздің статистика ел дамуының көрсеткіші емес, қайта қолында билігі барлардың қолшоқпары. Сондықтан билік тізгінін ұстаған шенеуініктер орынтағын сақтап қалу үшін Ұлттық статистика комитетіне қай цифрды жаз десе, сол цифр жазылады да, ресми БАҚ алаулатып, жалаулатудың шеруін жалғастырады. 

Қазір жалақыға, зейнетақыға қанша қосса да азаматтардың тұрмыс деңгейі төмендеп барады. 

Әлемдік қалыптасқан, өзгермейтін тұтынушылар нарығында сатып алушылар инфляция мөлшері ескеріліп, долларға байланбаған өзінің ұлттық ақшасымен күніге өмір сүруі үшін 1 теңгеге, 10 теңгеге, 100 теңгеге, 1000 теңгеге, 10000, 100000,  1000000 теңгеге сауда жасаушылар деп, 7 бірдей әлеуметтік топқа бөлінеді. Ел үкіметі осының 1 теңгеге, 10 теңгеге, 100 теңгеге ғана сауда жасай алатын тобының мүддесін ескермей, бәрін 1000, 10000 теңгеге сауда жасаушылар тобына зорлықпен қосып отыр. 

Сонда еліміздегі АҚШ долларын сатып алуға қабілеті бар, әрі оны тұтынуды құп көретін аз ғана топ үшін барша жағдай жасалып, қалғандары тоқалдан туғандарға айналып шыға келгені ме?! Баға аяқ астынан өсе салады. Негізінен өзімізде шығатын өнімінің бағасы мен шетелден келетін өнімінің бағасы арасындағы айырым шек жоқ. Әрі тек төл шикізатты қолданып, жұрт тұтынатын өнім шығарушыларды ешкім қолдамайды. Оданда сол ақшаға шетелдік өнімді сатып ала салған ыңғайлы. Қазір «Мен кәнігі оппозиционермін» деп кеуде ұрған, аракідік ақыл-кеңесін беріп тұратын Әкежан көкеміз «Қазаққа мал өсіріп керегі жоқ. Бәрін шетелден сатып ала саламыз» деген ұлағатты сөзін тәлімін көрген шенеуініктер шоғыры үлгі тұтып жүр ме?

Біздің бидайды сатып алатын қырғыз, өзбек пен тәжікте ұн мен нан бағасы бізден арзан. Соғыстан көз ашпаған ауған елі де нан қымбаттайды деп қам жемейді. Неге? 

Белгілі қазақ экономисі, «Қазақстанның қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар Одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Айдар Әлібаев қазақ және шетелдік мамандар арасындағы арасындағы еңбекақылық кикілжіңге бастап әкелетін және басқада дүниелерге қатысты: «...Неважно где, на Тенгизе, на Жайреме, в Жанаозене или в центре Карагандинской области. Когда я захожу в страну, то получение разрешения на разработку я могу получить только при одном условии, если смогу найти общий язык с местными чиновниками или с более высокими чиновниками, которые имеют влияние на решение вопроса по данному месторождению. Когда я этих людей найду, чтобы они обеспечили мне зарубежному инвестору режим максимального благоприятствования и быстро решали все возникающие бюрократические вопросы, то я должен сделать этих людей своими. А как я могу сделать их своими? Только взятками. Иными словами, я их покупаю на определенных условиях, по которым они на меня работают. Но когда я купил этих чиновников, иными словами купил себе «крышу», то негласным приложением к этому возникшему договору взаимоотношений является такой пункт, что при разработке данного месторождения, при строительстве завода или других объектов, я делаю там все, что хочу. И они, купленные люди, на это соглашаются. И когда я делаю все, что хочу, то казахстанским рабочим я даю копейки, они живут у меня в пластмассовых вагончиках, одеты они в бумажную робу. Я на них ничего не буду тратить, а кушать они будут самую дешевую еду и так далее. А своим работникам я буду платить пятикратную зарплату, так как все равно казахстанская сторона это будет гасить – все или определенную долю. Это же на затраты ложится по разработке месторождения, а пока они не будут покрыты, прибыль от добытого сырья будет идти мне на их погашение. А сами затраты я, естественно, увеличу»,-дейді.

Иә, шенеуініктер үшін инвестор болып кім келіп жатса да бәрі бір. Олар жемқор-инвестордың жемтіктесіне айналып, өз бауыры қазақты теспей сорады.

Олар төлеуге тиіс салық көлемі шөмшиіп, Үкіметтің әлеуметтік саладағы бағдарламалары жүзеге аспай қала береді. Қала береді...

Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде орын алып, әлімсақтан келе жатқан бұл көртамыр кесте Қазақстанда да тамырын тереңге жайып, қазақ шенеуінігін байытып, алаштың жұмыскер сорлысының қанын теспей сорып жатыр. Жеті қат жер астында істеп жүрген тепсе темір үзетін кенші қазақ жігіттері 10 жыл істеп денсаулығынан ада-күде айырылып, шал-шауқанға айналуда. Ақыра теңдік сұрап, маңдай тері еңбегінің құнын сұраса, билік пен бизнес ауыз жаласа 10 пайызға көтеріп, ауыздарын жабуға тырысады. Ал, мүгедектігі үшін 37 мүшел жастағы кембағалдарға кім өтемақы төлейді? Өз билігінен жылу көрмеген олар келесі мүшелін отбасымен бірге атап өте ала ма? Бұл басы ашық қалып отырған әңгіме. 

Түйін 

Алаш баласына қазіргі заң аясында «Ұлттық партия» құрғызбайтын болғандықтан, тек қазақтың асыл құрсақ анасы мен еңбек жасындағы бозымдарын қорғау үшін қазақ тілді «Біртұтас ЖалпыАлаштық Кәсіподақ» құру үшін ұлт болып тізе қоса күресуіміз керек. Әйтпесе, АҚШ, Ресей және Қытайдың экономикалық құлдануының зобалаңына ұшыраймыз.

Ұлттық кәсіподағы бар елдерде сіріңке құны 1 теңгеге қымбаттағаны үшін түп көтеріле көшеге шығады. Біз неге аузын буған өгіздейміз, Осы??? Билік қымбаттатып, біз соған көне беретін уақыт қашан тоқталады?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446