Жанашырлық танытайық, отандастар!
Маңғыстау облысындағы ереуілші мұнайшылардың отбасыларына қолдау көрсету жөнінде қоғамдық комитет құрылғанын хабарлаймыз.
Қымбатты отандастар! Шетелдік және отандық жұмыс берушілерден еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауды, кәсіподақ жұмысына килікпеуді және мұнай өндіруші кәсіпорындарды ұлттық меншікке алуды талап еткен мұнайшылар ереуілі үшінші айға созылды.
Біз сіздерді олардың ашқұрсақ отырған бала-шағасына, отбасына көмектесуге шақырамыз.
Маңғыстаулық мұнайшылар соншама уақыттан бері неліктен ереуілді тоқтатпай отыр? Осы сауалға жауап іздесек, олардың «тойып секірмегенін», шыдамдарының шегіне жеткенін, бұдан әрі қожайындардың дегеніне көне бергісі келмегенін көреміз. Жаздың ыстық аптабында толарсақтан майлы тозаң кешіп, қыстың үскірік аязында, айдалада жұмыс істеу тозақпен тең. Мұнай өндіру - еліміздің ең негізгі табыс көзі. Шетке шығарылған «қара алтынның» халқымызға қайтарымы аз. Соны молынан өңдіріп жатқан батыстағы бауырластарымыздың өзіне лайықты өмір сүрулеріне жетерлік еңбекақы төлемегенін дұрыс дей алмаймыз. Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы мәселелерді заң шеңберінде шешуге, азаматтардың құқығын қорғауға, олардың әлеуметтік жағдайларын реттеуге септесетін кәсіподаққа дербестік керек. Қожайындардың қолайына жағатын қуыршақ ұйым жұмысшылардың мүддесін көздемейді. Мұнайшылардың бұл жөніндегі талаптары да орынды.

Мұнай - Жаратушы иеміздің халыққа арнаған несібесі. Оның қызығын ақшасы көп, қолында билігі бар ат төбеліндей адамдардың көруі, меншіктеуі, иеленуі - әділетсіздік. Жер астындағы, үстіндегі қазына байлықтың иесі - қазақ мемлекетіндегі барша азаматтар, ол халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Қанша мұнай өндірілетіні, одан қанша табыс түсетіні, жұмсалатын шығын, бәрі жария етілгенде ғана әділеттілікке жол ашылады. Сондықтан біз маңғыстаулық мұнайшылардың үшінші талабын да қолдаймыз.
Жұмыс берушілер бүгінге дейін 400-ден астам адамды жұмыстан шығарды. Соған қарамастан, 3 мыңға жуық мұнайшы әлі де ереуілді жалғастырып жатыр. Жұмыссыздар қатарын көбейту аймақтағы кедейшілікті, күнкөріс жағдайын одан әрі күрт төмендетеді. Мұның соңы қақтығысқа, қантөгіске апарып соғуы әбден мүмкін. Бізді бұл жайт қатты алаңдатады. Әлеуметтік шиеленістің алдын алудың бірден-бір жолы - екі жақтың келісімге келуі. Биліктегілер мен компания иелері күш көрсетуден, қысым жасаудан бойларын аулақ ұстап, мұнайшылардың талаптарына келісуі, шегініс жасауы тиіс. Қайсар халық дегеніне жетпей тынбайды. Бұл тарихта талай рет қайталанған. Ақыры ауыр зардаптарға ұрындыратын әрекеттен абай болған жөн.
Зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тәуелсіз кәсіподақтардың белсенділері, еркін ақпарат құралдарының басшылары, ізгі ниетті азаматтар ереуілдеуші маңғыстаулық мұнайшылардың ашыға бастаған отбасыларына көмек көрсету жөнінде қоғамдық комитет құрдық. Оған қосыламын деушілерге есік ашық.
Күнделікті асқа қаражат таппай қиналған әр әулеттің асыраушысының орнына өзіңізді қойып көріңізші. Әр шаңырақты үмітсіздік, шарасыздық, үрей билеген. Қасіреттен күрсінген ата-аналардың кеудесі қақ айрылғандай. Наразылық күшейіп барады. Ереуілшілердің алдында екі жол бар. Біріншісі - балаларына талғажау етерлік тамақ үшін тізе бүгу, жұмыс берушінің дегеніне көніп, азын-аулақ еңбекақыны місе тұту, жетіспеушіліктің жетегіне қайта еру. Екіншісі - талаптары орындалғанша күресу, еңбектеріне лайықты жалақыға қол жеткізу, тұрмыстарын түзеу, дұрыстап өмір сүру. Біздіңше, олар екінші жолды таңдаған. Бұл райларынан қайт деп айтуға біздің арымыз бармайды. Өздері шешеді.
Өз құқығын қорғап күресте жүрген жұмыссыз мұнайшылардың балалары мектепке қалай бармақ? Ата-аналарының оқу құралдары мен киім-кешек алатын ақшалары жоқ. Арнайы ашылған есепшотқа түскен қаржылар, әркім әкеліп тапсырған бұйымдар, киімдер жағдайы мүшкіл отбасыларына таратып беріледі. Қол ұшын созыңыздар, көмектесіңіздер ағайын! Жанашырлық танытайық, отандастар!
Маңғыстаудағы көмекке зәру отбасыларына қолдау көрсету қоғамдық комитеті атынан:
М.Шаханов, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы;
Г.Бельгер, жазушы, аудармашы;
Ғ.Қабышұлы, жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты;
С.Сматаев, жазушы;
Иран-Ғайып, драматург, тау-кен инженері, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Т.Медетбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
К.Бошаев, Социалистік Еңбек Ері, соғыс және еңбек ардагері;
Р.Сәрсенбайұлы, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы;
Е.Бапи, «Общественная позиция» газетінің бас оқырманы;
С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Г.Ерғалиева, «Guljan.org.kz» сайтының бас редакторы;
Р.Таукина, «Журналистерді қорғаймыз» қоғамдық қорының президенті;
И.Винявский, «Взгляд» газетінің бас редакторы;
М.Аспандиярова, журналист, құқыққорғаушы;
Б.Атабаев, «Ақсарай» мюзикл-театрының көркемдік жетекшісі;-
Ж.Мамай, «Рух пен тіл» клубының жетекшісі;
Б.Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті;
М.Гурина, «Ұлағатты жанұя» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;
Қ.Ибрагимов, суретші;
С.Сапарғали, қоғам қайраткері;
Б.Иманғазина, «Бибі-ана» мүгедек аналардың қоғамдық ұйымының президенті;
М.Молдабеков, «Ғылым қызметкерлері» кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Е.Үктешбаев, «Жаңарту» республикалық тәуелсіз кәсіподағының төрағасы;
И.Колов, «Адам құқығы жөніндегі қоғамдық комитет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
А.Құрманов, «Талмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
М.Тайжан, «Б.Тайжан атындағы» қордың президенті;
Ж.Қожық, «Жас Алаш» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі;
Қаражатты мына есепшотқа аударуларыңызды сұраймыз:
KZ.166015473000003785
Қазақстан Республикасы Халық Банкі
Утарбаева Нұрсұлу Жұмабекқызы
БИК HSBKKZKX
РНН: 430718690260