Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4350 2 пікір 24 Қазан, 2019 сағат 12:57

Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау

Ел экономикасының ең негізгі саласының бірі - ауыл шаруашылығы.
Өкінішке орай, азық- түлік қауіпсіздігінің стратегиялық маңыздылығын толық сезіне алмай келеміз. Соның салдарынан ауыл шаруашылығымен айналысатын сала еңбеккерлеріне билік тарапынан кешенді көмек көрсетілмей жатыр.

Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында құрылған "Каз-Агро" ,"Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" секілді құрылымдардың жұмыс істеу механизмінде кемшіліктер бастан асады. Мысалы: ауыл шаруашылығы техникаларының бағалары зауыттан шаруа қожалығына жеткенше екі есеге қымбаттап кететіні мүлде ақылға қонбайды.Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау болып табылады.

Шағын шаруа қожалық иелеріне жеңілдетілген кредит алу да, дүниенің қияметі. Жоғарыдағы экспедитор болып табылатын құрылымдар тарапынан түрлі бюрократиялық кедергілерге тап болады. Қиындатылған қағаз тасқыны, залогқа қойылған мүліктің тым төмен бағаға бағалануы секілді толып жатқан кедергілерді айтуға болады. Тауы шағылған ауыл баласының осылардан кейін кредит алып шаруасын өркендетуден жолы кесіледі. Егер өкімет осы мәселелерге оң көзқараспен қарап қолдау көрсетер болса ауылда қалып нақты іспен айналысқысы келетін қабілетті жастар баршылық.

Бізде ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттардың барлығының пайдасын алпауыт "Агро-Холдингтер" ғана көріп отыр. Ал, олардың арғы жағындағы жасырын қожайындары Кулагин, Божко, т.б.ірі шенеуніктер екені айтпаса да түсінікті.

Биылғы жастарды қолдау жылы ауыл жастары назардан тыс қалмауы тиіс.
Олардың нақты кәсіппен айналысуына, туған жерге ту тігіп өзін дәлелдеуіне биліктің қамқорлығы, кешенді жоспары қажет.

Парламент төріндегі дәрменсіз депутаттар мен сенаторлардың ауыл шаруашылығына берілетін кредиттерге шүйлігуі ауылға деген жанашырлықтың тым төмен деңгейде екенін көрсетеді.

Аманжол Әлтайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5386