Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3678 3 пікір 30 Желтоқсан, 2019 сағат 10:02

Украина мен ресейшіл сепаратистер арасында тұтқын алмасу аяқталды

Украина билігі мен елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер арасында тұтқын алмасу жүрді.

Тұтқын алмасу 29 желтоқсанда Донецк облысы түбіндегі "Майорск" өткізу бекетінде өтті. Жексенбі күні кешкісін Киевке қайтарылған адамдар бар ұшақ Борисполь әуежайына қонды. Оларды Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі күтіп алды.

Украина президентінің баспасөз қызметі күндіз "ДХР" және ЛХР" өкілдерімен тұтқын алмасу процесінің суретін жариялады. Мәлімдемеде Киевке 76 адам берілгені айтылған. Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, олардың 12-сі әскери, қалғандары бейбіт тұрғындар.

Украина болса сепаратистерге 127 адам қайтарған.

Азаттықтың украин қызметі журналист Станислав Асеевтің де босатылғанын хабарлады. Ол сепаратистер бақылайтын аумақтағы тұрғындар тіршілігінен хабар таратып келген. Оны 2017 жылы тыңшылық жасады деген айыппен ұстап, 15 жылға соттаған.

Киевке сонымен бірге Украина тұтастығын қолдап, ұсталған белсенділер де қайтарылды. Олардың арасында блогер Олег Галазюк, Олена Сорокина және Виктория Воронина да бар.

29 желтоқсанда болған тұтқын алмасуды Германия, Литва, Ресей, Словакия, Құрама Штаттар мен Франция құптады.

Азат Еуропа /Азаттық радиосының президенті Джейми Флай 29 қарашада Украина президентімен жеке кездесуінде Асеев пен Галазюкті босатуға шақырған.

"Біз Стас пен Олегтің босатылғанына қуаныштымыз. Оларды қылмыс жасағаны үшін емес, Ресей аннекциясы жайында шындықты ашық айтқаны үшін сыртқы әлеммен байланыссыз екі жарым жыл бойы ұстап отырды", – деді ол.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980