Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4165 7 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 15:02

"Қазақмыс" кеңсесіндегі жанжалға қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Жезқазған қаласындағы "Қазақмыс" кеңсесінде жанжал шығып, бір адам өз-өзіне қол жұмсады. Екі адам пышақ жарақатымен ауруханаға түскені хабарланды. Аймақтағы полиция департаментінің дерегінше, 21 қаңтарда тау-кен байыту комбинаты директорының кабинетінде шыққан жанжал соңы қайғымен аяқталған.

"Қазақмыс корпорациясы" қауымдастығы кәсіподағының жетекшісі [Тоғызбай] Тажбенов жанжал кезінде [тау-кен байыту комбинаты директоры Амангелді] Минигуловты және "Қазақмыс корпорациясы" компаниясының маманы [Сабыржан] Тембаевқа пышақ салған. Куәгелердің сөзінше, кейін Тажбенов өз кеудесіне пышақ сұғып, сол жерде көз жұмған. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылған. Қазір осы іс бойынша іс қозғалды" деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 18.20 шамасында болған. Желіде тараған видеода компания кеңсесін полиция қоршауға алғаны, жедел жәрдем көліктері тұрғаны көрінген. Азаттық тілшісіне куәгерлер "Қазақмыс" кеңсесі маңында оқ атылған дауыс естілгенін айтты. Полиция оқ атылғанын жоққа шығарған жоқ я растамады.

Жанжалға не себеп болғаны белгісіз.

"Қазақмыс корпорациясы" қауымдастығы құрамына "Жезказғанцветмет", "Балқашцветмет", "Қарағандыцветмет" және бірнеше байыту фабрикасы кіреді.

Қауымдастық мыс, алтын, күміс және қорғаныс өндіреді. "Қазақмысқа" Forbes тізіміндегі қазақстандық Владимир Ким иелік етеді. Америкалық журнал оның байлығын 4,6 миллиард доллар деп есептеген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2008