Амангүл Ерғалиева. Бос сөзден – нақты іске
Жаз бойы заңсыз наразылық акциясы өткен Маңғыстау облысының мұнай өндіруші кәсіпорындарындағы жағдай тұрақталды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметінің бізге хабарлағанындай, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында ауысымға шығуы тиіс жұмыскерлер саны жоспарлық көрсеткішке сәйкес келеді. Арнаулы техникалардың жұмысқа шығуы да сондай. Демек, бұл компанияға тәуліктік мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік туды деген сөз. Заңсыз наразылық акциясы басталғанға дейін тәуліктік өндіру деңгейі шамамен 16 мың тоннаны құраған.
Естеріңізге сала кетейік, мамыражай мамыр айының соңғы күндері Жаңаөзенде және Қаражанбаста заңсыз наразылық ациясы басталды. Ереуілшілер Еңбек кодексі мен басқа заң актілерін өз білгенінше теріс талқылап, жалақыны көтеруді талап етті. Құзырлы органдар - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бастап, Бас прокуратураға дейін олардың талаптарының негізсіз екенін алға тартты. Мұны ҚР Премьер-министрінің нұсқауымен құрылған ведомстваралық комиссия да растады. Соған қарамастан, белсенділер жұмысқа шығудан бас тартып, біріншіден, мұнайгаз кәсіпорындары сияқты нысандарда ереуіл өткізуге тиым салатын, екіншіден, қандай да бір еңбек дауы жағдайында бітімгерлік процедураларын сақтайтын заңды аяқ асты етті.
Жаз бойы заңсыз наразылық акциясы өткен Маңғыстау облысының мұнай өндіруші кәсіпорындарындағы жағдай тұрақталды. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ баспасөз қызметінің бізге хабарлағанындай, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында ауысымға шығуы тиіс жұмыскерлер саны жоспарлық көрсеткішке сәйкес келеді. Арнаулы техникалардың жұмысқа шығуы да сондай. Демек, бұл компанияға тәуліктік мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік туды деген сөз. Заңсыз наразылық акциясы басталғанға дейін тәуліктік өндіру деңгейі шамамен 16 мың тоннаны құраған.
Естеріңізге сала кетейік, мамыражай мамыр айының соңғы күндері Жаңаөзенде және Қаражанбаста заңсыз наразылық ациясы басталды. Ереуілшілер Еңбек кодексі мен басқа заң актілерін өз білгенінше теріс талқылап, жалақыны көтеруді талап етті. Құзырлы органдар - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бастап, Бас прокуратураға дейін олардың талаптарының негізсіз екенін алға тартты. Мұны ҚР Премьер-министрінің нұсқауымен құрылған ведомстваралық комиссия да растады. Соған қарамастан, белсенділер жұмысқа шығудан бас тартып, біріншіден, мұнайгаз кәсіпорындары сияқты нысандарда ереуіл өткізуге тиым салатын, екіншіден, қандай да бір еңбек дауы жағдайында бітімгерлік процедураларын сақтайтын заңды аяқ асты етті.
Бір қызығы, ел арасында «мұнайшылар ереуілі» деп аталып кеткен заңсыз наразылық акциясына қатысушылардың басым көпшілігін көліктік қызмет көрсететін сервистік құрылымның жұмыскерлері құрады. Дәл осындай жағдай Қаражанбаста да орын алды. Ереуілдегендер мұнайшылар емес, «Арғымақтранссервис» және «Тұлпармұнайсервис» сервистік компанияларының жұмыскерлері еді.
Тып-тыныш жұмысын жасап жатқандардың арасына іріткі салып, «екі-үш есе көп жалақы береміз» деп алдаусырату оңай болғанымен, оларды қайта жұмысқа шығуға көндіру әлдеқайда қиынға соқты. Бұл әрине, мұнай өндірісінің құлдырауына әкеп соқтырды. Мәселен, заңсыз наразылық акциясы нағыз шарықтаған кезде оған қатысушылар саны «Өзенмұнайгаз» бойынша 25 пайыздан асқан жоқ, ал былайша күндері 20 пайызға да жетпейтін.
Алайда, Жаңаөзендегі өндірістің ерекшелігі сол, егер ондаған адам мен бірнеше техника жұмысқа шықпай қалса, ұңғымаларға қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процесі бұзылып, соның салдарынан өндіру құлдырайды. ҚМГ БӨ хабарлауынша, жыл басынан бері электр қуатының апатты сөнуін қосқанда, топтастырылған мұнай өндіру жоспарынан қалып қою 600 мың тоннаны құрайды. Жаңаөзендегі өндіру деңгейінің төмендеуі ҚМГ БӨ басқа активтеріндегі көрсеткіштердің асыра орындалуымен ішінара өтелді.
Десек те, жоспардың орындалмауы компания акционерлері үшін, алдымен акциялардың 60 пайызынан иелік ететін негізгі акционер - мемлекет үшін шығынды білдіреді. Сондықтан компания басшылығының алдында тұрған басты міндеттің бірі - «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ-ындағы штаттық жұмыс режимін қалпына келтіру болды.
Заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды бір емес, бірнеше рет жұмысқа шығуға шақырып, олардың талаптарының заңсыз екенін және барлық мәселені заң шеңберінде шешуге болатынын қайта-қайта түсіндіргеннен кейін, ҚМГ БӨ өзінің еңбек міндеттемелерін орындамағандарды жұмыстан шығарып, олардың орнына жаңа мамандарды қабылдай бастады.
«Өзенмұнайгаз» ӨФ 120 мыңнан астам тұрғыны бар Жаңаөзендегі қала қалыптастырушы кәсіпорын, сондықтан босаған орындарға орналасқысы келгендер жетерлік. Жұмысқа тұру туралы өтініш аймақтағы басқа да елдімекендердің тұрғындарынан келіп түсті. Бұл жағы түсінікті, себебі орташа алғанда 300 мың теңгеге жетіп жығылатын ӨМГ жалақысы облыстағы ең жоғары жалақының бірі.
Одан бөлек, Ұжымдық шартпен кепілдендірілген әлеуметтік пакет те «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ында жұмыс істеудің негізгі басымдығы болып табылады. Ол тек ыстық тамақ пен тасымалдауды, өндірістегі жұмыскерлерге қолайлы тұрмыстық жағдайды қамтып қана қоймай, сонымен қатар шипажайларда емделуге, жұмыскерлердің балаларын жазғы демалыс лагерлеріне жіберуге, мерекелерге сыйақы алуға, жұмыскер мен оның отбасы мүшелерін медициналық сақтандыруға, заңмен белгіленген нормадан тыс еңбекке жарамсыздығына байланысты төлем төлеуге және басқа да көптеген игіліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Бұрындары жалғыз үйшіктен басқа ештеңе болған жоқ. Ауыз су да, газ да болған емес. Қыс мезгілінде өте суық, жазда аптап ыстық болды. Салқындатқыш деген түсімізге де кірмейтін. Ешқандай жағдай болған жоқ, ал қазір кен орындарында керек-жарақтың бәрі бар, - дейді мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Арыстанғали Індібаев.
Маңғыстау мұнайының 50 жылдығын тойлау барысында және Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Кендірлі демалыс аймағында Каспий теңізінің жағасынан мұнайшыларға арнап медициналық-оңалту орталығы салынды. Мұнда жылына 3,5 адам емделе алады.
- Жыл сайын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөледі, - дейді «Өзенмұнайгаз» ӨФ директорының бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев.
Мәселен, тек биылдың өзінде он әлеуметтік нысан салынды. Олар үш асхана және жеті шаруашылық-тұрмыстық кешен.
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жұмысқа тұрғысы келгендердің ішінен компания босаған мамандықтарға сай келетін, жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды іріктеп жатыр. Аймақтағы жұмыссыздық мәселесін шиеленістіріп, әлеуметтік ахуалды ушықтырмау үшін жұмысқа осы аймақтың тұрғындары қабылдануда. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия аймақтағы басқа да кәсіпорындардың көмегімен босаған орындардың тізімін жасақтап, жұмыстан шығарылғандардың өтініштерін қабылдауға уәде етті.
Дәл осындай жұмыстар акцияларының 50 пайызы ҚМГ БӨ-ге қарайтын «Қаражанбасмұнай» АҚ-ында да жүргізіліп жатыр. Мұнда заңсыз наразылық акциясынан келген шығын 17,5 мың тоннаны құрады. Дегенмен, бүгінде вахталар толық құрамда жұмыс істеп жатыр, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмыскерлердің барлық күш-жігері мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіруге және жылдық өндіру жоспарын орындауға жұмылдырылған.
Жақында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы мұнай өндіруші кәсіпорындардағы жағдайдың тұрақталғаны туралы мәлімдеді:
- Маңғыстау мұнайының 50 жылдығын тойлауға біз жақсы жетістіктермен келіп отырмыз. Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша біз еліміздің басқа аймақтары арасында көшбасшы орынға шықтық. Мұнай компанияларына қызмет көрсететін бірқатар сервистік кәсіпорындарда болған наразылық акцияларына келер болсақ, қазір аталған еңбек ұжымдарындағы жағдай тұрақталды. Бүгінде олар жоспарлық көрсеткіштерді орындауға талпынып жатыр, - деді Қырымбек Көшербаев.
Шын мәнінде қазір «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндірістік процесті тұрақтандырып, штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруге күш салуда. Бізге берген сұхбатында компанияның бас директоры Асқар Балжанов былай деді:
- Біз тәуліктік өндіруді қалпына келтіріп және оны арттырудың тиімді тәсілдерін анықтап, өндіріске енгізумен айналысатын ҚМГ БӨ мамандарынан тұратын жұмыс тобын құрдық. Қазіргі таңда өндіру деңгейі тұрақталды және өсу қарқыны байқалады, - деді Асқар Балжанов
Компания басшысы Асқар Құмарұлы кәсіпорын жұмыскерлеріне қаратып:
- Тұрақты жұмыс режимін қалпына келтіру үшін бізге еңбек тәртібін күшейтіп, технологиялық режимді сақтау қажет, аға буын мұнайшылар сияқты аянбай еңбек ету керек. Біздің аталарымыз, әкелеріміз ашып кеткен кен орындарының ертеңгі болашағы біздің қолымызда. Аға буын өкілдері сияқты Өзен мен Қаражанбастың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, асқан жауапкершілікпен жұмыс атқаруға шақырамын, - деп мәлімдеді.
Ақтау қаласы
"Лада" газеті